kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана - деген алтын ?азы?, алтын ба?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз - бір ?олымен бесікті, екінші ?олымен  ?лемді тербеткен аналар мен н?зік жанды арулар ?ауымыны? т?л мерекесі. ?мір есігін жа?а аш?ан баланы? бойына еліні? рухын сі?іретін, ізгілікті? д?нін себетін - ана. Ана перзентіні? аманды?ын, ба?ытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымызда?ы е? жа?сы ?асиеттер бізге, алдымен, анадан дариды. Аналар?а ?уаныш сыйлау, о?ушыларды? олар?а деген ізгі ниеттерін к?рсету ма?сатында мектебіміздегі "Сымбат" ?ыздар клубы мерекелік кеш ?йымдастырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана - деген алтын ?азы?, алтын ба?! »

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы

Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі

Шукирбаева Айдана Асқарқызы

Математика пәнінің мұғалімі


Думанды кештің басты мақсаты : Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнектілігі : Суреттер , шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы : Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Диана: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күні сонымен қатар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бұл- бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Қазына: Добрый день дорогие мамы, уважаемые бабушки, милые девушки и гости нашего вечера! Разрешите поздравить Вас с Международным женским днем 8 Марта! Желаем Вам всего веселого настроения и всего- всего наилучего на свете!

Қазына: Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Нұржанар: иә, Қазына бүгінгі біздің концертіміз өте еркше өтеді, бұның барлығы мектебіміздің ұстаздары мен қыздарына арналады. Ендеше думанды кешімізді бастайық. Бүгінгі кешті маған жүргізуге көмектестін мектептің мақтанышы, өзінің ізденімпаздығымен ерекшеленетін, ұстаздарымыздың, яғни сіздердің үміттеріңізді ақтаймын, мектепті биік белестерден көрсетіп келе жатқан және әлі талай көрсетемін дейтін сіздердің сүйікті оқушыларыңыздың бірі Қазына Мәлікқызы.

Қазына: рахмет Нұржанар, өте ерекше сезімде болдым. Бұның барлығы сіздердің арқаларыңызда, ұстаздар! Және сіздермен бірге ұстаздарды мен де құттықтасам деп келіп отырған, алғыр, пысық, болашақта әнші болуды армандайтын Құбайт Диана.

Диана: рахмет, көп- көп. Мен расыменде өте қатты қуаныштымын. Құрметті ұстаздар, осы мектептегі көптеген оқушыға, соның ішінде маған үлгі болатын, әрқашан мектеп үшін шыр- пыр болып жүретін,ардақты ұстаздарымыздың, ата- анасының үмітін ақтап келе жатырған , озат, алғыр, тапқыр әпкелерімнің бірі Нұржанар Мерзаппайқызы .

Нұржанар: рахмет, көп- көп.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Ер жеткізіп елге берген баласын.

№ 1. Ортада « Мама» әнімен мектебіміздің белсенді оқушылары, сүйкімді қыздарымыз: Жадыра, Айзада және Альбина .

Қазына: Білесің бе Нұржанар, Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

- Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе? – деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң барма? – деп сұрайды.

- Бар, - дейді әлгі адам.

- Онда анаңа қызмет көрсет, - деген екен пайғамбар.

Нұржанар: иә , біз аналарымзға қаншалықты борыштармыз. Сол сияқты біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз

№ 2 « Адай» биімен сіздерге көңіл күй сыйлауға келіп отыр.

Қазына: Қарсы алыңыздар 2- сынып оқышылары ................................................................


Диана: Құрметті менің апкелерім бұл біздің де мейрам, сондықтан да сіздерге де әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Қазына: Рахмет Диана. Сіздердің де алдарыңнан тек қуаныштар мен сәттіліктер шыға берсін.

Нұржанар: шын жүректен рахмет. Бүгін мереке, менің қанышымда шек жоқ.

Қазына: № 3 Ортада «Мереке» әнімен Айсана және Жібек .

Қазына : Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз . Олардың еңбегі ұлан – асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнатасыздар. Сол себепті бүгін бізде сіздерді ойнатамыз.

Нұржанар: ортада ойындар ғылымының докторы болуды армандайтын, бүгінгі думанды кешімізде сіздерге жақсы көңіл күй сыйлайтын Мақпалды қарсы алыңыздар.

Диана: Шалқып , тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

№ 5. Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіз Құбайт Дананың орындауындағы «Сенің анаң алтын» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Қазына: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде .

№ 6. Би «16 қыз»

Нұржанар : Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше әрқашан ізденіспен жүретін, ол оқушыға жас журналист деген атақ берсекте артық болмайды деп ойлаймын. Олай болса құрметті ұстаздар жас журналист Мақпал (сұрақтар кояды. )

Диана: Барлығыңызға көп- көп рахмет.

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялмен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

№7 Алдарыңызда мұң бұралған бишілер Испан биімен

Нұржанар: Қазына қалай ойлайсын кешіміз ұстаздарға ұнап жатыр ма екен?

Қазына: - Білмеймін, тексеріп көрсек қалай болады. (шапалақпен қошемет көрсетеді)

Нұржанар: Бұл шапалақтың барлығы аяулы ұстаздар өздеріңізге, бұған сіздер лайықтысыздар.

Қазына: Нұржанар шын мәніне келетін болсақ, әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала- шағаны бағып – қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке – бірлігіне ұйытқы болу.

Нұржанар: сол сияқты шаңырақтың құт берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр үйдің тұрмыс –тіршілігі, хал – ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше осы күйбелең тіршіліктен арылып , қыздардың дайындаған әзіліне құлақ түрсек.

№ 8 КТК «Смайлики» командасы

Диана: Мирас болып атадан қалған сыйға

Ауылдағы су өтпейтін қара пима

Бұның бәрін неге айтып тұр дерсіздер...

Ұстаздар настроение нәрмални ма ?- деп кешімізді тамаша ойынмен жалғастырамыз.

Ортаға Мақпал шығып мұғалімдерге ойын ойнатылады


№9Мектеп қыздарының орындауында хор «Ұстазым», «Ұстазым менің»

Нұржанар: Құрметті ұстаздар осымен кешіміз аяқтала келе

Ана десем шешек асып жанары ,

Өмірімнің бастау алар ажары .

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,- дей отырып, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Светлана Құсайынқызына береміз.

Қазына: Құрметті ұстаздар келгендеріңізге көп- көп рахмет. Бүгінгі сіздерге арналған кешімізді ерекше етіп өткізуге ат салысқан: 10- сынып оқушылары: Нұржанар, Альбина, Мақпал. Сіздерге есте қалдыру суретіне түсіріп жүрген Айжан, видеоға түсіріп жүрген Тоғжан.

Диана: және мектебіміздің сұлу, сыпайы, ақылды қыздары.

Нұржанар: Барлықтарыңызға көп- көп рахмет.

Ер жеткізіп елге берген баласын.

Диана: Ақылдысың , ардақтысың , данасың.

Қазына: Қарайтыным қас- қабағың бір сенің

Бәрі: Қайратыңнан қайта көрме , анашым.


Нұржанар: осымен концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет.

Бәрі : Қош сау болыңыздар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ана - деген алтын ?азы?, алтын ба?!

Автор: Шукирбаева Аидана Ас?аровна

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187944

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ашық сабақ Табырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_tabyryby_mienin_otanym_k_azak_stan"
    ["file_id"] => string(6) "370532"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481958342"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан ??гіме"
    ["seo_title"] => string(39) "t-uielsizdik-kuninie-arnalg-an-n-ghimie"
    ["file_id"] => string(6) "283222"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453805567"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Алтын ?а?па" интелектуалды ойын "
    ["seo_title"] => string(34) "altyn-k-ak-pa-intieliektualdy-oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "221325"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435205503"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства