kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана?а ?арап ?ыз ?сер

Нажмите, чтобы узнать подробности

8-наурыз ?арса?ында ?ткізілетін сайыс. Сайыс?а ?атысушалар: налар мен ?ыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана?а ?арап ?ыз ?сер»

Анаға қарап қыз өсер...

\ тәрбие сағаты \



Тақырыбы: Анаға қарап, қыз өсер.

Мақсаты: Ананың құдіретті де, мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіріп, ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыру. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді оқушылар санасына құю, қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал ішін мерекеге сай безендіру, гүлдер, шарлар, музыка техника құралдарын пайдалану.


Мұғалім:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі- аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар «Анаға қарап, қыз өсер» атты байқауына қош келдіңіздер! Құрметті ақ жаулықты аналар, Сіздерді 8-ші наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Анамызға деген біздің көңіліміз ұшан теңіз.Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің –ана.Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Қымбатты аналар, сіздердің көңілдеріңіз шат, жүздеріңіз жарқын, дендеріңіз сау болуыңызды әрқашан тілейміз.

Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда

Қобалжу бар жүректе күдік бар да

Әділқазы алқасы атыңды ақта,

Қатысып тұрған жұптарға бақыт жолда

деп сіздердің араларыңыздан әділетті кісілерді таңдап алсақ деймін.


Байқауда 5 ана өз қыздарымен қатысады.Олардың есімдерін атап шығайын:

1.Анель, анасы Айман

2.Венера, анасы Эльвира

3.Гүлмира, анасы Әлия

4.Дариға, анасы Баян

5.Даяна, анасы Роза


Білер қазақ баласы: «Сәлем сөздің анасы»

Алдымыздан кезеккен

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз

( сәлем беру )

Өнерлі жұптар бүгін ортамызда,

Иіліп сәлем берді баршаңызға.

Қол соғып біз оларды карсы алайық,

Айтқандарын құлақ сап біз тыңдайық.

Ал, бастайық. Кұрметті қонақтар, бүгінгі сайысқа қатысатын жұптарға тапсырмалар берілген. Соның біреуі: дастарқанның сәні- бауырсақ, оған қосып тағы бір тағам әкелу

Олар сіздердің алдарыңызда. Енді менде мына қатысушы қыздарға сұрақ туды.

- Қыздар, айтыңдаршы осы тағамдар неден жасалған?


Қастерлейік ана деген есімін,

Қуанышпен ашқан өмір есігін.

Аналарды мерекемен құттықтап,

Тербетейін өлең- жырдың бесігін.

( жоғары сынып оқушырарының орындауында ән )

- Келесі конкурсымыз – ана мен қыз балаға байланысты мақал- мәтелдер айту.


Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Мың бұралып бишілер би билейді,

Халайық, қол соғайық мархабатты.

( жоғары сынып оқушырарының орындауында би )


- Кешімізді арғарай колөнер сайысы жалғастырады. Қымбатты қатысушылар, бүгінгі

күні мына заттарды пайдаланып, өздеріңіздің жылы лебіздеріңізді қандай сурет арқылы көрсетер едіңдер?

( сайыс )


Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!

Әрқашан мерекелік көңіл болсын!

Кеудеміз күмбірлеген күнге толып

Қане достар, күлкімен орта толсын!

( жоғары сынып оқушырарының орындауында көрініс )


Жез таңдай, күміс көмей әнші қызымыз,

Сайысқа баптап қосқан дүлділіміз.

Балалықтың балдәуренін өткізіп

Бақыт, шаттық, қуаныш біз тілейміз.

- Құрметті қонақтар, Даяна қызымыздың орындауында « Күміс құмған-ай» әнін қабыл алыңыздар.

- Сән көрсетуге де кезек келді деп ойлаймын. Дәл қазір осы жерде қыздарымыздың киімдерінің үйлесілімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы, өзін-өзі ұстауы, жүріс-

тұрысы, қимылы байқалады.

( сән көрсету )


Дауысың қандай сырлы еді ,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

- Анельдің орындауында « Ақ тілек» әні тамашалаңыздар!

(ән орындалады )


- Тағы да кезек қолөнерге келді. Қазір ана мен қыз бірігіп жұмыс істейді.Қалай қызық болатынын біз көреміз.Ол үшін ине мен жіп керек. Анасы оң қолымен тіксе , қызы сол қолымен көмектеседі. Біріншіден, олар бір-бірінің белдерін бір қолымен құшақтап ұстап алуы керек. Ал ,бастаймыз.

( түйме қадау )


Ал, көрермен қауым,

Ортаға назар салыңдар.

Дариға қыз шығып келеді,

Қол соғып қарсы алыңдар.

( « Аппақ гүлдер» әні )

- Ең тамаша кезеңге жеттік. Әр жұп дайындап әкелген өнерін көрсетпек.

( өнер көрсету сайысы )

- Қазір тақтаға сөз ілінеді. Сол сөздің әріптерінен жаңа сөздер құрастыру керек.

-Тапсырма түсінікті ме? Ендеше кірісеміз.

(сөздер құрастыру )


Халық айтса, біледі

Талаптыға нұр жауар,

Өнерлі өрге жүзеді.

Таланттылар құр қалма!

-Алмат пен Анельдің орындауында « Айым-ай» әні. Қарсы алыңыздар!

- Кезек аналарға келді. « Бесік жырын айту».

( Аналар « Бесік жырын айтады )


Осы жерде «Бесік жырының» тәрбиелік мәні туралы айтып кетсек.


Өмірге ана- бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана,

Өсірген талай көсем, талай шешен

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана ! Ол- біздің елде ардақты адам.

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы- Отанына

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.


( « Асыл ана» әні )

Күнде жиын бола бермес дәл осындай,

Күн сайын өркендейміз, өзгереміз.

Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

Отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.


(Сыйлықтар тарату )


Көңілдің ақ тілегін ақ етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеңіз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды мерекеміз.





















4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ана?а ?арап ?ыз ?сер

Автор: Шулгауова Бупежан Зейнеловна

Дата: 21.08.2016

Номер свидетельства: 340137

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Доклад МЕХАНИКАЛЫ? К?ШТЕР ТУРАЛЫ. "
    ["seo_title"] => string(36) "doklad-miekhanikalyk-kushtier-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "174350"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424109483"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Та?ырыбы: Отбасым-тірегім"
    ["seo_title"] => string(27) "tak-yryby-otbasym-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "275038"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452509885"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?ке к?рген о? жонар, ана к?рген тон пішер "
    ["seo_title"] => string(47) "kie-korghien-ok-zhonar-ana-korghien-ton-pishier"
    ["file_id"] => string(6) "187534"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426525092"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Бала е?бегін ?ор?ау."
    ["seo_title"] => string(25) "bala-ien-bieghin-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "332373"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464936389"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Баяндама: "Бастауыш сынып о?ушыларыны? жазба тілін дамыту жолдары" "
    ["seo_title"] => string(69) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-zhazba-tilin-damytu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "181175"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425308806"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства