Просмотр содержимого документа
«Аналар, м??гі жасасын! »
Тақырыбы: Аналар, мәңгі жасасын!
Мақсаты: Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге. Ананың бойындағы ізгі қаситеттерді оқушыларға сездіру, қамқор болуға, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнелігі: Нақыл сөздер
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмірдің қуанышы тірегі,
Бала-оның жұбашынышы, жүрегі.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Ана деген-теңдесі жоқ жақсы адам!
Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген-тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Ана-Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өз аузынан жырып бар тәттіні, дәмдіні, жылы жұмсағын баласына береді. Ана-меійрімді, Ана-біздің сарқылмайтын бұлағымыз.
Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Олай болса мерекелеріңіз құтты болсын.
Ананың нәзік үні, жұмсақта аялы алақаны, жан жылуымен аялаулы бізді әлдидеп жұбатады, бойымыздағы жақсы қаситеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Айгерим:
Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.
Алдарыңызда 1- сынып оқушылары өлең жолдарын сіздерге арнамақ.
Диас:
Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Айгерим:
Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол-ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана – үйдегі бақ, әке отыратын тақ. Ана үйдің қуанышы. Адамның жұбанышы.
Диас:
Олай болса – Үйдегі алтын қазық кім?
Айгерим:
- Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.
Диас:
Олай болса аналарымызды сынап көрейік:
«Заттарды ажыратайық» ойыны: Аналарымызды байлауылы көздерімен алдындағы заттың не екенін кім дұрыс тауып алғырлық танытатынын байқайық.
Айгерим: Ұстаздарымыздың құрметіне 3 – сынып оқушыларының «Алғыс» атты көрінісін ұсынамыз.
Диас: Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан нәр алып өскен.
Айгерим:
Ана- дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.
Мұғалім сөзі: «Ата – ананың ақылы – қарулы қара жолмен тең» деп ұлы ойшыл Дулат Бабатайұлы айтқандай, ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі дей келе аналарыңды құрметтендер, аялаңдар! Аналар балаларыңыздың өз қолдарынан сіздерге арнап жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар.