kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анам ?шін ма?танам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар бойында 8 наурыз аналар мейрамын ?астерлеу сезімін оята отырып, ?з ойларын тере?дету. А) Мейірімділікке, сый ??рметке т?н жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру. ?) ?здеріні? с?йікті аналарына деген К?рнекілігі: на?ыл с?здер, ватмен, маркер, суреттер, «Анам ?шін ма?танам» о?ушыларды? шы?армашылы?ы, т.б. ?ткізілу барысы: балалы? махаббаты ар?ылы ?з Отан?а с?юге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анам ?шін ма?танам!»

Тақырыбы: «Анам үшін мақтанам»

 

Мақсаты: 1. Оқушылар бойында 8 наурыз аналар мейрамын қастерлеу сезімін оята отырып, өз  ойларын тереңдету.

А) Мейірімділікке, сый құрметке тән жақсы  қасиеттерді  қалыптастыру.

Ә) Өздерінің сүйікті аналарына  деген  балалық   махаббаты арқылы өз Отанға сүюге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  нақыл сөздер, ватмен, маркер, суреттер, «Анам үшін мақтанам» оқушылардың шығармашылығы, т.б.

Өткізілу барысы:  

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Мағынаны тану. Кіріспе.

 — Құрметті қыздар,аналар!  Көктемгі  күндей  жарқырап,  гүлдей   құлпырған мерекелеріңіз  құтты  болсын ! Бүгінгі  тәрбие сағатымыз  осы  8-наурыз  мерекесіне арналмақ.

   Ана. Осы  үш  әріптен  құралған  қасиетті сөздің  түп-төркінінде  қаншама  ұлы  сезім  жатыр  десеңізші !

Ана – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі  адам.

Ана – бар тілегін перзентінің жолына  арнаған  әлемдегі  ең мейірбан жан. Бізге  қажымас  қайрат  беретін – ана. Анаға бас иейік! Эпостағы  Гүлбаршын  мен  Құртқа, Ақжүніс  пен  Назым.

  Тарихтағы  Домалақ ана, махаббаттың пірі – Айша Бибі мен Абақ ана, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гауһар ана – бәрі Ана деген атқа ие. Ендеше сол аналарға  тағзым  етейік.

    Қар  астынан  қылтиып  бәйшешек  бой  көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қыс ызғарына шалдықпай бүршік жарады. Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға төзімді.

   8-наурыз Аналар мерекесі болып, 1910 жылдан бері тойлануда. Неміс халқының белгілі қайраткері Клара Цеткин «8 наурызды бүкіл әйелдердің тең құқықтығы  үшін  күрес  күні» деп атап өтуді  ұсынды. Содан бері бұл күн үлкен мейрам ретінде тойланып келеді.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ана десем, ұшқын атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

-Ендеше бүгінгі  тақырыбымыз да «Ана» болмақ.

Ән: Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні.

  1. Негізгі бөлімі. Әр түрлі тапсырмалар орындау. (жеке-жеке оқушылар үшін)

І. Ой-толғаныс.

  1. «Ана» сөзін топтастыру.

  2. Теңеу сөздер арқылы аналарға тілек жазу.

 

Ұлттың ұйытқысы                                   өмір нәрін себуші

                                                 Ана

Шаңырағымыздың тірегі                              ең қымбатты жан

                      

                          Ұрпақтың анасы адал жар       

Кім тапқыр?

ІІ. Оқушылардың ана туралы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.

Мақал  — мәтел  айту.

                      Берілген сөздерді қатыстырып  мақал құрау

 

Гүл                    Күн                        Ұстаз

Су                     Жаңбыр                   Қыз

Ана                        Әке                    Гүл

Бұлбұл                   От                     Ел

Жер                    Бұлақ                                

 

  1. Мақал-мәтелдерді аяқтау.


  1. Асығу баланың ісі, …  (аттандыру ананың ісі)

  2. Ана сүтін ақтамағанды, … (ешкім мақтамайды)

  3. Ананың алдында … (асқар тау да аласа)

  4. Ағайын алтау, … (ана біреу)

  5. Ананың  алды … (ақ жайлау)

  6. Ақ жаулығы ананың — … (Ақ көрпесі баланың)

  7. Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз
    (Жақсы қыз – жағадағы құндыз).

 

ІІІ. «Ана»- ақындар тілімен …

(Оқушылардың өздері шығарған өлеңдері немесе ақын – жазушының өлеңдері оқылады)
Тренингтер

«Анам үшін мақтанам» (өз аналары жайында жазылған оқушылардың шығармалары оқылады).

Қорытынды. –Ана өміріміздің жарығы, шаңырағымыздың тірегі. Оның аяулы алақанының арқасында өніп-өсеміз.

Ана бақыт, ана өмір.«Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды».

Тексерілді
29.02.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Анам ?шін ма?танам!

Автор: Кенжебаева Нурсулу

Дата: 21.03.2016

Номер свидетельства: 308478

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Адам өміріне не қажет ?"
    ["seo_title"] => string(28) "adam_omirinie_nie_k_azhiet_1"
    ["file_id"] => string(6) "394386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487690186"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства