kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Анамыз?а мы? ал?ыс!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз – Халы?аралы? ?йелдер к?нін атап ?ту. Ана?а деген мейірімді, с?йіспеншілікті дамыту. О?ушы бойында ізгілік, инабаттылы?, биязылы? сия?ты ?аза? салтына т?н ?асиеттерді ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Анамыз?а мы? ал?ыс!"»

Бектемирова Бахыт Амангельдиновна

«Ақбұлақ орта мектебі» КММ

Күршім ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


"Анамызға мың алғыс!"


Мақсаты:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті дамыту. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ салтына тән қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Түрлі гүлдер, шарлар, плакаттар, мақал мәтелдер, техникалық жабдықтар.

Мұғалім сөзі.

Бала, бала , бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған

Аялы қолда талпынтқан

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жүрегі,

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан,

Бұл кім?

Балалар: Ана, Ана, Ана.

-Ана, ана, ана! Осы бір 3 әріп бізге үлкен бір мағына береді. Өмірде ананың ыстық алақанынан, аялы ықыласынан, мейірімді мінезінен артық ештеңе жоқ. Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсылық күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар «Анамызға мың алғыс» ашық тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік силайды емес пе? Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын төгіп жүре беріңіздер.

1- жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар! Қазақ, әйел затын ерекше қастерлеген. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла білген, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.

Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін

8 наурыз мейрамы құтты болсын демекпіз. Осы жерде отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын! Енді сыныбымыздың дайындаған Анамызға мың алғыс!” атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз!

2- жүргізуші:

Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,

қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған

ардақтысы - Ана. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

1-жүргізуші:

Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

2 - жүргізуші : Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі ,

Армысыздар, қасиетті аналар!

1-жүргізуші: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

2- жүргізуші:

Адам алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп, адал болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ.

1-жүргізуші: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

2-жүргізуші:

Олай болса , Құрметті аналар! Біздің шын жүректен тебірене айтқан өлеңдерімізді қабыл алыңыздар!

(Оқушылар өлеңдерін жатқа оқиды)

1-жүргізуші: Жадырап тұр бүгінде берекеміз,

Бір тамшы білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз әрдайым жемісті боп,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз.

2-жүргізуші: Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін дана бар ма?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.

Мерекеге арнап дайындаған әзілдеріміз бар. Соны тамашалаңыздар.

(Музыка қосылады)

1-жүргізуші: Туғаннан "құлыным" деп аймалаған,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой.

Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған.

2-жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де гүлі- аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

1-жүргізуші: Күніндей гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып.

Биімен көрерменді тәнті ететін

Балалар келді міне толқып, тасып,

- деп ендігі кезекті биге береміз.

2-жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Болмаса ару қыз, сұлу әйел,

Табысып ер кімдермен санасады.

1-жүргізуші: О, анашым,

Таянышым, тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Енді ойындарға да кезек келді. .

  1. 2-сынып аналары

  2. 4-сынып аналары

  3. «Бағдаршам» ойыны (2-сынып оқушылары)

  4. «Алмалар теру» ойыны

  5. Алғыс айту.

1-жүргізуші: Наурыз күні – Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірендірер Ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Аналар құттықтаймыз біз сіздерді.

2-жүргізуші: Туған жердің,

Жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын.

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым.

Міне, гүлім!

Мен де гүлдей балаңмын.

Бәрі бірге: Аялаған,баптаған,

Асыраған,сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен,

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!

( Барлық оқушылар аналарына гүлдері мен сыйлығын береді)

2-жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз.

Бірге күліп, ойнаймыз.

Мерекеде қыздарға

Достық жырын арнаймыз.

1-жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,

Әйелдер күні бүгін халықаралық.

Жарыққа бізді әкелген аналарды,

Бүгінгі мерекемен құттықтайық.

2-жүргізуші: Ұйытқысы жанұяның берекеміз,

Аналар құтты болсын мерекеңіз.

Әрқашан аналарымыз аман болсын,

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз,- деп мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Екеуі бірге: Жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры кетпесін!

( " Аналар - алтын" әнін хормен айту. )



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Анамыз?а мы? ал?ыс!"

Автор: Бектемирова Бахыт Амангельдиновна

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324325

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Алтын ж?рек анамыз" атты м?нерлеп о?у сайысы "
    ["seo_title"] => string(48) "altyn-zhuriek-anamyz-atty-m-nierliep-ok-u-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "192422"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427457837"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Денелерді? ауырлы? к?ші ?рекетінен ?оз?алысы"
    ["seo_title"] => string(52) "dienielierdin-auyrlyk-kushi-riekietinien-k-ozg-alysy"
    ["file_id"] => string(6) "305207"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457883494"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Таби?ат -ту?ан  анамыз!"
    ["seo_title"] => string(24) "tabig-at-tug-an-anamyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "300169"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456673253"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Таби?ат – ту?ан анамыз!""
    ["seo_title"] => string(22) "tabig-at-tug-an-anamyz"
    ["file_id"] => string(6) "249856"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446984888"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Аяулы мені? анашым"
    ["seo_title"] => string(19) "aiaulymieninanashym"
    ["file_id"] => string(6) "302158"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457081231"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства