kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Анашым ?артаймашы жалынамын

Нажмите, чтобы узнать подробности

//////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Анашым ?артаймашы жалынамын »

Тақырыбы: Бар ізгілік бір өзіңнен басталады.

Мақсаты: аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау; ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, ана – ең құдіретті жан екенін ұғындыру; мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.


Барысы.

І. І бөлім Аналарға шашу.

ІІ. ІІ бөлім «Қыз сыны» сайысы.

1. Таныстыру. (Үй тапсырмасы)

2. «Әнші балапан» сайысы.

(Берілген өлең жолдарына ән құрастыру.)

3. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші, «Көмекші» сайысы.

(белгілі бір істі ымдап, қимылмен атқару)

4. «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер»

«Ою жасап қию» сайысы.

5. «Топ-модель» сайысы. (Топ – модельдердің жүріс-тұрысын көрсету.)

ІІІ. Қорытынды


1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті асыл аналар, қырмызы қыздар, қадірлі ұстаздар! Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылулық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді.

2 Жүргізуші: Асыл аналар! Көктем гүліндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбасыларыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

1 Жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар, арулар, өмірдің барлық мәңгілік құндылықтары сіздермен байланысты. Отбасының бірлігін, туған елдің жылуын сіздерсіз сезіну мүмкін емес. Жұмыста да, отбасында да, бала тәрбиесінде де өздеріңізге табиғат берген төзім қуатпен, ақыл-парасатпен ерекшеленесіздер. Әрқайсыңыз құрмет пен қошеметке лайықсыздар.

2 Жүргізуші: Ендеше, «Бар ізгілік бір өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


1 Жүргізуші: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар.

2 Жүргізуші: Жүзімізге қараңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

1 Жүргізуші: Ару-ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сіздер үшін мереке шашулары.


2 Жүргізуші: Сыныптың орындауында «Аналар алтын» әні, қабыл алыңыздар.

Арна: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!


Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


Алина И.: Жарық өмір бір өзіңсің сыйлаған,

Баласына бар ғұмырын арнаған.

Сенсің, ана, түн ұйқысын төрт бөліп,

Тыным таппай бізді өсіріп баптаған.


Анамның жылы-жылы сөздері,

Көңілімнің өсуіне себепкер.

Анашымның мейірімді көздері,

Өмірімді өмір бақи тербеткен.


Анашымның қас-қабағы түйіспесін,

Қайғыланып қара шәйін ішпесін.

Анасына еркелеген бар бала,

Анасы үшін тек жақсылық істесін.



Айнагүл: Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.


Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым,

Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.

Анашым, айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.


Аялаумен ер жеткізген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қажымашы, шаршамасы, анашым,

Қаралаймын кірбің шалса қабағың.


Алина Б.: Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,

Ана деген баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.


Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,

Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.

Үйдің де сәні, түздің де сәні өзіңсің,

Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.


Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,

Бар жақсылық Аналардан жаралған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші,

Аналарға борышты ғой бар адам.


Айдархан: Мен ананы шуағы толы күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам аман-сау жанымда жүрсе егер,

Бақытым да әр кез бірге жүр деймін.


Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.


Айдар: Анашым, жан анам,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең мақтанам,

Құшақ жая қарсы алам.

Әлпештеп мені өсірдің,

Бала бол деп ұқыпты.

Қатем болса кешірдің,

Санам соны ұғыпты.


Қанат: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар

Жүзімізге қараңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.


Диана К.: Анаға жан жетпейді,

Еңбегі естен кетпейді.

Балаға да анасыз,

Тамағынан ас өтпейді.



Менің апам – жақсы адам,

Ондай ана бар ма екен.

Қатты ренжіп қалмайтын,

Кешірімшіл жан екен.


Менің апам тамаша,

Еркелеткен иіскеп.

Мен өскенде апама,

Берем әсем үй істеп.


Ана бары жақсы ғой,

Ойламайсың қайғыны.

Ана мерейі – шалқыған,

Теңіздердің айдыны.

1 Жүргізуші: Мың бұралған биші қыздарыңызды қарсы алыңыздар.

1 Жүргізуші: Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың.

Әлпештедің, аяладың, өсірдің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

2 Жүргізуші: Дүниеге алып келген

Күн нұрындай асыл анам.

Бүкіл әлем жақсылығын

Тілеп едің өзің маған.

Қылығыма қуанғансың

Еңбектеу мен қаз тұрғанда.

Тұсауымды кестіргенсің

Ақ жол тілеп қадамыма.

1 Жүргізуші: Ана деген кім десе ,

Шуақ шашқан күн дер ем.

Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан түнменен,

Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем.


2 Жүргізуші: Менің әжем сымбатты,

Әжем маған қымбатты.

Құрт пен майын жинайды,

Біздерге оны сыйлайды.


1 Жүргізуші: Менің әжем сымбатты,

Әжем маған қымбатты.

Құрт пен майын жинайды,

Біздерге оны сыйлайды.


2 Жүргізуші: Әжем мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Әжем мені «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.


1 Жүргізуші: Анам менің, ақ анам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын, шаттанам.


2 Жүргізуші: Бала, бала деген,

Баласын әлдилеген.

Ақ сүтіне тойғызып,

Өсірген, мәпелеген.


1 Жүргізуші: Сыныптың орындауында «Асыл әже» әні.


2 Жүргізуші: Енді, балалар, ана туралы мақал-мәтел айтайық.


Ана жақсылығын ауырғанда білерсің,

Қайын жақсылығын қыдырғанда білерсің.


Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.


Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.


Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.


Ағайын алтау,

Ана біреу.


Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім жақтамайды.


Ердің анасы – елдің анасы.


Анасыз бала ұйықтамайды,

Қатықсыз айран ұйымайды.

1 Жүргізуші: Ербол, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

2 Жүргізуші: Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Ана – үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы. Әділхан, ал, үйдегі алтын қазық кім?


1 Жүргізуші: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әкең – қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы сөзінде, ақылы басында.

Ербол сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?


2 Жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу – қазақ әйелі.

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.


Бірге: Бізге қажымас қайрат беретін әйел – анаға мың алғыс!


Аналарына сыйлықтарын тапсыру


1 Жүргізуші: Енді 2-бөлімді қыздарға арнаймыз.

2 Жүргізуші: «Қыз сыны» сайысы.


1 Жүргізуші: Қыздар, қыздар , кімсіңдер?

Күлімдеген күнсіңдер.

Шұғылалы шуақты,

Таңғажайып дүрсіңдер.


2 Жүргізуші: Қыздар, қыздар , кімсіңдер?

Мына бізбен бірсіңдер.

Осынау дархан өмірді

Думандатып жүрсіңдер.


Мұғалім: Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік етуші әділқазылар алқасын тағайындап алайық.


Ендігі кезекте ортаға аруларымызды шақырайық.


  1. Таныстыру. (Үй тапсырмасы)


Ойын: оқылған шығармадан кімнің баласы жазғанын тауып алу.


  1. «Әнші балапан» сайысы. (Берілген өлең жолдарына ән құрастыру.)


  1. «Шешеге қарап, қыз өсер» демекші, «Көмекші» сайысы. (белгілі бір істі ымдап, қимылмен атқару)


4. «Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан да кенде емес сияқты. «Ою жасап қию» сайысы.

5. «Топ модель» сайысы. (Топ – модельдердің жүріс-тұрысын көрсету.)


Ұлдар: Қыздар, қыздар, ару қыздар,

Неткен ғажап сұлусыңдар.

Қыздар, қыздар, ару қыздар. 2 рет.


Қыздарға өлең шумақтарын арнап, сыйлық тапсыру


  1. Себепсіз қалмас сабақтан,

Көреміз сені тек алдан.

Өсе бер, жайна, Диана,

Ақылың бойға жарасқан.

  1. Бәйгеде озған жүйріктей,

Аласың бестік іркілмей.

Арна біздің әдепті,

Даланың әсем гүліндей.

  1. Сыныптасым Алина

Алғыр, зерек, білімді.

Көмектесіп ұстазға,

Үнемі алда жүреді.

  1. Ай секілді Айғаным,

Жарқырап тусын ай, күнің.

Озып шығар бәйгеден,

Көп болсыншы бестігің.

  1. Тазалықты сүйетін,

Сабағын да білетін.

Әдемі қыз Баян

Ұзақ болсын өмірің.

  1. Жайнап жаймен жүретін,

Жымиып ақырын күлетін.

Әйгерім біздің ибалы,

Әдеппен бәрін сыйлайтын.






  1. Жамандыққа бармайтын,

Жақсылықты қолдайтын.

Жаны сұлу Арайдың,

Мінезі бізге ұнайды.

  1. Оқуды да ойлайтын,

Бірге күліп ойнайтын.

Меруертті аялап,

Әрқашанда сыйлаймыз.


  1. Ақ маңдайы айдай боп,

Шытырма көйлек үстінде.

Сұлу Алина күлімдеп,

Айнала түгел құлпырды.

  1. Қыр гүліндей құлпырып,

Жайнай берсін Диана.

Биші қыздай бұралып

Қуанта берші баршаны.

  1. Күлім қағып саспайтын,

Орынсыз сөзге келмейтін.

Айнагүлдей өмірде,

Жан табылмас мейірімді.

Ұлдардың орындауында «Шоқ қыздар» әні» .


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар! Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы – ана. Ақын да, батыр да анадан туған.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі. Көктемнің алғашқы мерекесі – 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.

Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме

Жан ботасын сағынғанда аруана, - дегендей, ана бауыр еті – баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді.

«Әркімнің өз баласы өзіне,

Ай көрінер көзіне» – деп айта аламыз. «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер». Тіпті жан-жануарлар да баласына мейіріммен қарайды. «Қыз өссе – елдің көркі» дейді, ару қыздарымыздың, қызғалдақтай құлпырған қыздарымыздың өнерлерін тамашаладық. Өздері күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де, он саусағынан бал тамған өнерлі де, сондай сұлу, нәзік, сәнқой. Көктемнің қыр гүліндей құлпырып жүре берсін, тіл-көзден сақтасын дегім келеді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Анашым ?артаймашы жалынамын

Автор: Амирханова Анара Нурлановна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166394

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Та?ырыбы: ?нерім- ?рнегім"
    ["seo_title"] => string(27) "tak-yryby-onierim-ornieghim"
    ["file_id"] => string(6) "279206"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453207604"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства