Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістігі, келер күндердегі күтіп тұрған жарқын істері туралы айту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, адакмгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту, өз ойларын анық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Қымбатты оқушылар 1- Қыркүйек Білім күні құтты болсын! Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Бүгінгі сабақта біз, қандай жетістіктерге жеттік және болашақта қандай істер күтілуде осы жайлы біліміміз бен ойымызды ортаға саламыз.
Оқушыларды мозайка құрастыру арқылы екі топқа бөлу: Жетістік және Болашақ.
Топтарға тапсырма беру:
Ой қозғау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты: "Менің Отаным - Қазақстан"»
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістігі, келер күндердегі күтіп тұрған жарқын істері туралы айту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, адакмгершілік, отаншылдық қасиеттерін дамыту, өз ойларын анық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Мұғалім: Қымбатты оқушылар 1- Қыркүйек Білім күні құтты болсын! Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Бүгінгі сабақта біз, қандай жетістіктерге жеттік және болашақта қандай істер күтілуде осы жайлы біліміміз бен ойымызды ортаға саламыз.
Оқушыларды мозайка құрастыру арқылы екі топқа бөлу: Жетістік және Болашақ.
Топтарға тапсырма беру:
Ой қозғау.
Жетістік тобына: логикалық есептер. «Тәуелсіздік шежіресі»
(300+300)×3+300+491= 1991
500×4-8= 1992
200+100+1000+693= 1993
600+600+600+195= 1995
200×10+10= 2010
Ұлпан: Дүние тарихында ешбір мемлекет азаттығының алғашқы жылдарында осындай қарқынды өрлеу үлгісін көрсете алған жоқ.
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі.
16-желтоқсанда ҚР Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.
1991 жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
қазан күні Қазақ КССР ҚР болып өзгертілді.
Гүлсезім: 1992 жылы 4 –маусымда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Мемлекеттік рәміздер –халқымыздың ұлттық салт –санасын, даналығын, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.
Сейілбек: 1993 жылдың 15 – қарашысында ұлттық теңгеміз бірінші рет айналымға енгізілді. Ұлтымызды айқындайтын бұл күнді Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп атауға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесінің де өз шығу тарихы бар. Президентіміз білім келешектің кепілі, екенін ерте болжап,1993 жылы 5 қарашада Болашақ халықаралық стипендиясын тағайындады. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қазақстандықтар әлемнің 33 еліндегі үздік жоғары оқу орындарында оқиды. «Болашақтықтар» қазірдің өзінде 10 мың адамнан асып отыр. Осының барлығына қазақстандықтардың әл-ауқаты арқасында қол жеткізді.
Қанат: 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа екінші Конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстанның Ата заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы.
Сандуғаш: Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы кең байтақ.Отанымыздың жүрегінде,халқымыз қасиет тұтып, қастерлеген әйгілі Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреген Астанасы дәл бүгін әлем алдында шұғылалы нұрға бөленген шаҺар ретінде танылып отыр. Ерке Есілдің жағасында бой көтерген. Елордамыз – керегесі кең, тұғыры биік,киелі қоныс. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді.
Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты.
Гүлсезім: Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді. Бұл ЕҚЫҰ- ға адамзаттың жаңа тарихындағы аса күрделі кезеңінде төрағалық етудің аса жоғары күрделі кезеңінде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі Қазақстанға бұйырды. ЕҚЫҰ - құрамына 56 мемлекет кіретін жалпыеуропалық мүше. 2010 жылы бұл ұйымға төрағалық ету мәртебесі Қазақстанға өтті. Астанада өткен саммит еліміздің халықаралық дәрежесін көтерді. Биылғы үлкен жетістік Бразилияда өткен РИО-2016 олимпиадасында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальға қол жеткізді.
Отан үшін отқа түс- күймейсің, арың үшін алыссаң- өлмейсің.
Отан - отбасынан басталады.
Туған жердей- жер болмас, туған елдей- ел болмас.
Асылжан: «Менің Қазақстаным 2050 жылда» Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 14- желтоқсанда Қазақ халқына «Қазақстан 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауын арнады. Бұл стратегияның мақсаты 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам болып саналады. «Біз кімбіз,қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді? деген сұрақтарға жауап береді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы тиіс. 2012 жылы 22 – қарашада Қазақстан «ЕХРО – 2017 »-ні өткізу мәртебесіне ие болды. Көрменің басты мақсаты – жаңа ғылыми –техникалық жетістіктер даму келешегі екендігі. Мемлекетіміз ЕХРО көрмелеріне 2015 жылдан бастап белсене қатысуда. Астана «ЕХРО -2017 бүкіл әлемдік көрмесін өткізуге дайындық жүргізуде. Осының бәрі – тәуелсіздігіміздің баға жетпес табысы.
Ернияз: Егер біз күшті болсақ бізбен санасатын болады. Біз бәріміз бір атаның – қазақ қалқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол- қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар ол – Тәуелсіз Қазақстан! Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық.
Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың,біздің лайықты жалғастыратынымызға кәміл сендіреміз.
Әділет: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер ашылуда, «Болашақ» бағдарламасын құрды. Біздің алдымыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда.
Шұғыла: Болашақтың Қазақстаннын біз былай елестетеміз.. Ол кезде біз қамал бұзар қырықтың қырқасына шығады екенбіз. Бәрімізде де отбасы,балаларымыз бар,еліміз үшін еңбек етеміз. Сол кезде 2050 жылғы қазақстандықтар,яғни біздер, үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қоғамы боламыз. Біздер – әлемнің азаматтарымыз,саяхаттап жүреміз; біздер жаңа білім меңгеруге құштармыз; біздер еңбексүйгішпіз; біздер –өз еліміздің патриотымыз.
2050 жылғы Қазақстан – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Ол барлығы да адам игілігі үшін жасалатын,экономикасы мықты мемлекет.
Аңсар: Білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.
Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.
Азаматтары еркін және тең құқықты,ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеріліп,елімізді «Қазақ мелекеті» деп атайтын боламыз.Олай болса біз ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры » боларына сенеміз. Бұл бейбітшіліктің,тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атанады. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Шығармашылық тапсырма: «Болашақтың Қазақстанын былай елестетеміз..» екі топ ойларын постерге түсіріп қорғайды.
Қорытынды «Досқа тілек» әр оқушы оң жағында отырған балаға тілек айтады.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу арқылы білдіреді.