kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?ат "Т?уелсіздік те?десі жо? байлы?ым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка внеклассных работ с учащимися 7-х классов. посвященный 24-летие независимости Республики Казахстан 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?ат "Т?уелсіздік те?десі жо? байлы?ым"»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»


Сабақтың мақсаты: Мақсаты: оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру, тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстанның болашақта дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру; Оқушыларды Отанымызды сүюге , туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге баулу; елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза , адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру; оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқадым әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым! » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Нозима :
Ассалаумағалайкум, халқым менің

Ардақта дәстүрінді, салтыңды елім

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, Тәуелсіз еліміздің ұрпақтары!



Тохир :

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Нозима :

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Тохир:

Қазақстан бүгінде жұдырықтай жұмылған, босағасы берік, керегесі кең, терезесі жат елдермен тең, шаңырағы биік азат ел.

Осы азаттықтың жолында сан мың баһадүр бабаларымыздың басы кетті, қаны судай ақты. Десе де олар өкінбеді.

Нозима :

«Бірлік түбі-тірлік» дегендей қиын қыстау кезде де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Бірлігіміз берік болды. Соның арқасында жолбарыстай жоңғарды, қабыландай қалмақты жер жастандырды.

Тохир : біз быил Қазақстан тәуелсіздігінің 24 жылдығымен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығын, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының конституциясының 20 жылдығын, Кентау қаласының 60 жылдығын тойлаб отырмыз.

Нозима :

Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.


Тохир : Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.



Нозима : Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

Тохир : Биші қыздарымыз орындауында «Лазги» биі

Нозима : Қазақстан өзінің тәуелсіздік жолында көптеген сынақтардан өтті. Соның бірі- Екінші дүниежүзілік Ұлы отан соғысы.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналына айналды.

Соғыс жылдарында кеңес армиясының қатарына 1 млн 200мың қазақстандық шақырылды. 20 дан астам атқыштар дивизиясымен басқада әскери бөлімдер құрылды.

100 мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендармен және медальдармен марапатталып, қазақстандық 500ден астам жауынгер Кеңес одағының батыры атанды. Оның ішінде 2 қыз: Әлия Молдағұловамен Маншук Мамметова болды. 4- қазақстандық жауынгер 2мәрте Кеңес одағының батыры атанды. Рейхстархқа Рахымжан Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін «Батыр жұлдызы» көрнекті әскер басшысы Бауыржан Момышұлына берілді.

Отан туралы өлеңдер:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Тохир: Желтоқсан айы ...Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды. 
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.





Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,

Желтоқсанда шықты үлкен алаңға

Ата-баба аруағына сыйынып.



Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.





Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,



Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!



Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

Нозима:

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

Тохир:

Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім

Ендігі кезекті «Қазақ халық биі»не берсек

Нозима: Осыдан 24 жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ  халқының аңсаған арманы еді.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

 Отан туралы ойларым:

Тәуелсіздік ...

Не деген жанға жайлы жүрекке жылы ұғым десеңізші!

Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғы –қасірет, қаншама жүрегі елім жерім, халқым деп соққан ,арыстандай айбарлы ,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін ,атамекен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр.

Балалар, Бұлардың ерлігі бізге үлгі болсын.

Тәуелсіздік –түбегейлі арманы боп қазақтың,

Толық жеңіп алуүшін еркін өмір азат күн,

Озбыр қатал кезеңдерде қылышынан қан тамған,

Қайран менің халқым , көрді-ау не түрлісін азаптың!



Отан ... Неткен керемет, шуақты ұғым ! Осы бір сөз жаныңа жақын , жүрегіңе ыстық ... Мына бір көрініске көз жіберіп қараңызшы... Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген , қара құсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар, алып шыңдар, тау төсін тауысша түрлендірген , сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар , сыңғырлай аққан бұлақтар, әсем әнімен жаныңды тебрететін самал жел менің туған жерім, алтын бесік Отаным. Осындай сұлу да көркем ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме бақыттымын!

Нозима :   Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Тохир :  Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей мандай терін төккен жер!


Тәуелсіздік туралы өлеңдер:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

О, Отаным сен маған,

Өмір бердің шуақты,

Білек бердің талмаған

Жүрек бердің қуатты.

Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,

Керек етіп оқтасаң

Атылам бір оғың боп.







Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

 

Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

 

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

 

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!



Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!


Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Нозима : 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

Тохир: .

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.


Міне, ежелден аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 23 жылдығын тойлап отыр. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. «Елбасы кеше «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялады. Бұл ауқымда Жолдау, өйткені, онда өткені, онда өте үлкен жоспарлар белгіленіп, халыққа мемлекет тарапынан зор көмектер жасалмақ. Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшінмаңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылдық жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғанымен, Президентіміз еліміздің рухани –мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының халық үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы жылдағы атап өтетіндігін барша жұртқа жария етті.

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемелекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жерің де елің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

Би «Калинка»

Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,

Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,

Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.

Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным.


«Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды,олар республикадағы егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.Республика азаматтары өздерінің ұлтына,ұстайтын дініне,қандай қоғамдық бірлестікке жататынына ,тегіне,әлеуметтік және мүліктік жағдайына,шұғылданатын қызметіне,тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп,бірдей міндеткерлікте болады » ,-делінген.Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, Республика азаматтарының әскери міндетін өтеу,оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындылды. Облыстардың, қалалардың жане аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің

ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия,сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шет елдік елшілік пен миссия , халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады.

Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ, мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.



Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында келелі міндеттер тұрды .

Олар елдің ішкі жағдайында егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық эканомикаға көшу , көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану . Ал, сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстаның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып,алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау,әлемде бейбітшілікті сақтай отырып , ядролық соғысты болғызбау . Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды .

Міне, осылайша іргемізді бекітіп , эканомикалық дамуымызды айқындап , заң шығарушы және атқарушы биліктің жұмысын қалыпқа түсіргеннен кейін , біз рухани құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік алдық.


Ұлтттық мәдениетімізді қайта түлетіп, «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама бойынша қазақ жеріндегі барша тарихи, мәдени ескерткіштер қалпына келтіріліп, халқымыздың аса бай ауыз әдебиеті, мәдени және музыкалық мұрасы жүздеген том болып жарық көруде.

Біз тәуелсіздікті жариялаумен қоса, оны қорғау қажет екенін ұмытпадық. Мемлекет қауіпсіздігін жүйелеп құрып, өз әскеріміз жасақталды. Оны нығайтып, қазақтан қолбасшылар, офицерлер дайындау алғаш рет қолға алынды. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы.



Қорытынды:


Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз

туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз- Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын , абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын , білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар,яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет.ХХІ-ғасырда қазақстандың қасіреті аз болғай,қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық,әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін,елдігі мен еңбегін баянды еткей!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?ат "Т?уелсіздік те?десі жо? байлы?ым"

Автор: Асаева Дилдора Валихановна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325399


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства