Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың отанға,туған жерге деген түсініктерін дамыту. Қию, жапсыру арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың отанға,туған жерге деген түсініктерін дамыту. Қию, жапсыру арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Астана - елімнің жүрегі!»
Тақырыбы: « Астана- елімнің жүрегі!»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың отанға,туған жерге деген түсініктерін дамыту. Қию, жапсыру арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
- Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын!
Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
(Әнұран орындалады.)
Тәрбиеші: Кәне, балалар назарымызды тақтаға аударайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Тәрбиеші: Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
- Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
- Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?
Еділ: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Еділ: Қазақстан Республикасы
Тәрбиеші: Қазақстан мемлекетінің астансы қалай аталады?
Балалар: Астана
Тәрбиеші: Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
Балалар: Әнұран, ту, елтаңба.
- Ел ордамыз қай қала?
Балалар: Астана
Балалар, бүгін бас қаламыз - ел ордамыз Астананың туған күні!
Тәрбиеші: Балалар енді Астанаға арналған слайдымызды тамашалайық.
(слайд)
Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.
Тәрбиеші: Ендеше балалар осы Бәйтеректің бейнесін әдмілеп қағаз бетіне түсірейік. (топпен жұмыс)
- Астана күні мерекесіне арналған тобымыздағы балалардың тақпақтарын тыңдайық;