kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Асыл же?ге мен ?ыз?алда? ?айын сі?ілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Асыл же?ге мен ?ыз?алда? ?айын сі?лі»

Ма?саты:  О?ушыларды? ?з бойында?ы ?нерлерін, ерекше ?абілеттерін к?рсете отырып, білімге ?нерге деген с?йіспеншіліктерін ?алыптастыру.

С?з ?орларын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту, сахналы? ?ойылымдар ар?ылы ?ртістік шеберліктерін шы?дау. Рухани-адамгершілік ?асиеттерін дамыту.

Аналарды ??рметтеуге, ?лкендерді сыйлау?а т?рбиелеу.

Барысы

 (К??ілді музыка ойнап т?рады. Ж?ргізуші музыка ?уенімен сахна?а шы?ады.)

   ??рметті аналар! К?ктемгі к?ндей жар?ырап, г?лдей ??лпыр?ан г?л мерекелері?із, к?н мерекелері?із ??тты болсын!

   ?же – ?кені? анасы. Ел іші отбасыны? б?тіндігін ойлайтын ел анасы. Ол салт-д?ст?рді са?тап, кейінгі жастар?а отбасыны?, дастархан берекесіні? бірлігін са?тайтын т?рбиеші, ?рі а?ылг?йі, тілеу?оры. ?же – алтын боса?а, сырлас, дос, ана.

  ?лы Абайды? ?жесі Зерені, хал?ымызды? жары? ж?лдызы Шо?анны? ?жесі Ай?анымды, ?лан байта? елдерді? аналары Домала? ана мен ?лпанды ?лгі т?тамыз. Халы? даналы?ы “Алып-анадан туады” деген. Сонды?тан ?лкен ?желерімізді ты?дап, оларды? с?здерін есте са?тап, ??рметтеуіміз керек.

   Ана- барлы? ?мірді? бастауы. Ол адамды ?мірге ?келеді, оны т?рбиелейді,?сіреді. Адам бойында?ы барлы? асыл ?асиет к?нні?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Асыл же?ге мен ?ыз?алда? ?айын сі?ілі»

Тақырыбы: «Асыл жеңге мен қызғалдақ қайын сіңлі»

Мақсаты: Оқушылардың өз бойындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге өнерге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.

Сөз қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сахналық қойылымдар арқылы әртістік шеберліктерін шыңдау. Рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Аналарды құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Барысы

(Көңілді музыка ойнап тұрады. Жүргізуші музыка әуенімен сахнаға шығады.)

Құрметті аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Әже – әкенің анасы. Ел іші отбасының бүтіндігін ойлайтын ел анасы. Ол салт-дәстүрді сақтап, кейінгі жастарға отбасының, дастархан берекесінің бірлігін сақтайтын тәрбиеші, әрі ақылгөйі, тілеуқоры. Әже – алтын босаға, сырлас, дос, ана.

Ұлы Абайдың әжесі Зерені, халқымыздың жарық жұлдызы Шоқанның әжесі Айғанымды, ұлан байтақ елдердің аналары Домалақ ана мен Ұлпанды үлгі тұтамыз. Халық даналығы “Алып-анадан туады” деген. Сондықтан үлкен әжелерімізді тыңдап, олардың сөздерін есте сақтап, құрметтеуіміз керек.

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

Арулар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін “ана” деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,

бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,


Жамандық тәлім алмайық,

Бүгінгі мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, - деп «Асыл жеңге мен қызғалдақ қайын сіңлі» атты кешімізді бастайық.

- Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 5-8 сыныптардың қыздары өз жеңгелерімен бірігіп өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Енді ортаға қыздарымызды жеңгелерімен шақырамыз.

1.Мөлдір Алтынбекқызы жеңгесі Гүлзадамен

2.Ақерке Борисқызы жеңгесі Күнсұлумен

3.Сымбат Сағатқызы жеңгесі Әлиямен

4.Жайнагул Жомартқызы жеңгесі Лизамен

5.Ұлдана Әлібекқызы жеңгесі Нұрбинамен

6.Анна Амангелдіқызы жеңгесі Гүлшатпен

7.Гүлназ Асылбекқызы жеңгесі Әлиямен

8.Раушан Тастанбекқызы жеңгесі Назгүлмен

9.Гүлнұр Жомартқызы жеңгесі Гаухармен

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыз бен жеңгелеріміздің өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Таныстыру біздің салтымыз» (өздерін таныстырады)

2-шарт. «Өнерлі өрге жүзер»(өнер сайысы ән,би,көркем сөз оқу т.б.)

3-шарт. Үй тапсырмасы (әр топ өздерінің үйден дайындап келген көріністерін көрсетеді)

4-шарт. «Білімді мыңды жығар» (қыздар мен жеңгелерге сұрақтар беріледі)

5-шарт. «Ас – адамның арқауы» (жеңгелері үйден өз жолдастарының әзірлеп берген тағамын көрсетеді

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Жаманкулова Ардақ Садуақасқызы

2. Ата-аналар комитетінің мүшесі: Нұрғазиева С.Ж.

3. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мухамбеткалиева Н.Е.

Өнер қуып, бүлдіршін өтер деймін.

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен 9топ кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Сайыстың 1 шарты бойынша қыздар мен жеңгелер өздерін таныстырады

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты.

Би билеп, ал біреуі ән салыпты,

Бүгінгі байқауда бәйге алуға.

Тамаша өнер көрсет жан салып бір – деп қыздарымыз бен жеңгелерінің

өнерлерін тамашалайық.

Бұл кезеңде сұлу қыздар жеңгелерімен бірге өздерінің өнерлерін көрсетеді

Ортаға аруларымызды шақырамыз.

Қазылар алқасынан бағаларын сұраймыз.

Көрсетіп өнер сайысын

Он саусағы майысып,

Көрейікші, кәнеки үйге берген.

Тапсырмадан озып шығар қайсың?- деп келесі үйге берілген тапсырма

бойынша өз өнерлерін көрсетеді


Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл тағам түрін –деп сайыскерлер өздері дайындап келген тағамдарын жария етеді.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ мараппатау қағазымен мараппаталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

- Сау болыңыздар.

Дайындалған сұрақтар

№1 сұрақ

а/ Сізді досыңыз кездесуге шақырады.Ол сізді сағат 5-те алып кетпекші болады. Бірақ ол 1 сағат кешігіп, сағат 6-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?

ә/Жеті атаны ата.


№2 сұрақ

а/ Сіз көшеде келе жатқан кезде үстіңізге машина балшық шашып өтеді. Сіз не істейсіз?

ә/Жеті қазынаны ата.


№3 сұрақ

а/ Сіз күні бұрын өз сүйікті әншілер тобының концертіне билет алып қойдыңыз. Сол баратын күні сіздің төте бір жақын құрбыңыз үйіне қонаққа шақырады. Сіз не істейсіз?

ә/Жеті жұтты ата


№4 сұрақ

а/ Сіздің ата-анаңыз шашынды жаңа сән үлгілері бойынша қидырамыз деп сұлулық салонына апарды. Бірақ сіз шашыңызды қидырғыңыз келмейді, не істейсіз?

ә/Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады?



№5

а/ Сізді құрбыңыз туған күніне шақырды.Бірақ,сіздің жолдасыңыз ол құрбыңызды ұнатпайды,сізге онда баруға тиым салады? Сіз не істейсіз?

ә/Үш биді ата.


№6

а/ Сізді киноға бас рөлге түсуге шақырды,бірақ бір шарты, бұрымынызды қысқарту керек? Сіз не істейсіз?

ә/Өз жеті атаңды айт



№7

а/Бірге жүрген құрбыңның анасы қатты ауырып қалды,ал сендер болсаңдар қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар.Не істер едіңдер?

Ә)Қандай ою түрлерін білесің?








№8

а/ Сіздің қайын сіңліңіз ең жақын құрбысымен ренжісіп қалды? Сіз не істейсіз?

ә/ Үш арсызды ата


№9

а/Қайын сіңліңізді достары туған күн кешіне шақырды.Бірақ анасы баруға қарсы.

Не істер едіңіз?

Ә) Қамырдың негізгі шикізаты



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Асыл же?ге мен ?ыз?алда? ?айын сі?ілі

Автор: Улмесекова Карлыгаш Амангелдиевна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 253728


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства