kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ата- Әулеттің тірегі, Әже – Ұрпақтың жүрегі" ата әжелермен кездесу кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары - ала таудай атасы мен аналардың анасы әженің адам өміріндегі алатын орнын, оларға құрмет көрсету - халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылықа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ата- Әулеттің тірегі, Әже – Ұрпақтың жүрегі" ата әжелермен кездесу кеші»

«Ата- Әулеттің тірегі, Әже – Ұрпақтың жүрегі»

тақырыбындағы ата әжелермен кездесу кеші


Мақсаты: 

Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.


Би «Самғау»

Назерке, Гүлзат, Айшабибі


1 -жүргізуші: Армысыздар, ата-әже қариялар!

Елімнің шежіресі дариялар.

Кең пейіл, өрісі биік, дарқан көңіл,

Біздерге асыл жандар, аяулылар.


2- жүргізуші: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз.

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Қош келдіңіздер, құрметті ата-әжелер, ұстаздар, оқушылар! «Ата- Әулеттің Тірегі, Әже – Ұрпақтың Жүрегі» тақырыбындағы ата әжелермен кездесу кешін жатақханамыздың меңгерушісі Байганиева З.Ш. ашып берсин деп сөз кезегін береміз.


1 – жүргізуші: Ақиқатты айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылып дариялар,- дей отыра, біз ешқашанда сіздердің бізге сыйлаған нәзік те кіршіксіз, махаббаттарыңызды, жақсылықтарыңызды өтей алмаймыз. Сонда да, сіздер бізге қаншалықты сүйіспеншілікпен қарасаңыздар, біз де сіздерге соншалықты мөлдір сезіммен құрмет көрсетіп отыруға тырысамыз. Сіздерге арналған мына әсем әнімізді тамашалаңыздар.


2 – жүргізуші: Ән «Есіл ағады».

Орындайтын Зұпаров Дархан, Аронов Бекжан.


1 – жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!


2 – жүргізуші: Күй «Ерке сылқым»

Марлен, Дархан, Едіге




1 – жүргізуші: Қазақ халқында «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер», «Үлкеннің батасын ал, мерейің үстем болар» деген жақсы сөздері бар.


2 – жүргізуші: Шындығында да тілегі мен ниеті ұштасқан қариялар, біздің байлығымыз, барымыз мына оқушыларымыз. Сіздерден осы оқушыларға тілектеріңіз бен ақ баталарыңызды беруіңізді сұраймыз.


1 – жүргізуші: Ғасыр деген арман жасқа толыңыз

Өріс болып, жайлау болып оң-солыңыз

Ұрпақтардың ортасында құтты қарт

Аталатын бақытты да көріңіз.


2 - жүргізуші: Келесі әніміз сіздер үшін. Ән «Әкелер»


1 – жүргізуші: Асқар тау болып көрінсеңіз біріңіз

Ал біріңіз шуақ төккен күніміз

Қызық көріп ортамызда біздердің

Қариялар аман-есен жүріңіз.


2 – жүргізуші: Балаларыңызға берген баталарыңыз қабыл болсын. өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау болып, бала-шаға, немере-шөбере қызығына тоймай, әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын, - деп тілек білдіреміз. Бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп рахмет.


1 – жүргізуші: Шуақты күндерде кездескенше, аман сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ата- Әулеттің тірегі, Әже – Ұрпақтың жүрегі" ата әжелермен кездесу кеші

Автор: Нұрлыбекова Гүлжанат Бауыржановна

Дата: 08.06.2017

Номер свидетельства: 420975


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства