Просмотр содержимого документа
«АТА - АНАЛАРМЕН Ж?МЫС»
№ 2 Ата-аналар жиналысы
"Томпаңдаған бөбегім, ертеңіңе сенемін"
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата-ан, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ "Бала - адамның бауыр еті", "Балалы үй - базар" -дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Ал біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс-әрекеті, мінез-құлқы қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл-күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе? Балаларымыз қалай өсіп келеді? Бүгінгі басқосуымыз әдеттегі іс-шараларға қарағанда өзгеше. Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз мүмкін. ендеше іске сәт дейік. 1 -ші кезеңіміз "Менің балам..." деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге өз балаларыңызды барынша мақтап қалуға мүмкіндік бар. Әңгімелеріңізді кезекпе-кезек "Менің балам..."- деп бастап, әрікарай өз балаларыңыздың тәтті қылықтары, мінездегі түр - сипатындағы ерекшеліктері, т. б. туралы баяндау ұсынылады. Дайын болсақ бастайық!
Тәрбиеші: Әңгімелеріңіз үшін көп рахмет! Өз балаларыңызды өзгемен шатастырмайтындарыңыз белгілі болды. Келесі кезең "Жедел тест". Өз ойларыңызды білдіруге мүмкіндік алыңыздар
І жедел тест 1. Балаңыздың ең сүйікті асы не? А) Жарма ботқасы Ә) Сорпа Б) Дүкендегі дайын тағамдар В) Қуырылған картоп 2. Өскенде балаңыз кім болғысы келеді? А) Дәрігер Ә) Әнші Б) Елбасы В) Сарбаз 3 Балабақшадағы тәрбиешілерінің есімдерін білесіз бе?
ІІ жедел тест 1. Балаңыз отбасында «кімнің баласы?» А) Атасы мен әжесінің Ә) Әкесінің Б) Анасының В) Бәрінің 2. Балаңыздың ең жақсы көретін ойыншығы не? А) Машина Ә) Қуыршақ Б) Құрастыру ойыншығы В) Доп 3. Балаңызды қалай еркелетесіз?
ІІІ жедел тест 1. Балаңыз неден қорқады? А) Қараңғыдан Ә) Иттен Б) Жалғыз қалудан В) Қорықпайды 2. Балаңыз қандай мультфильмді қызығып тамашалайды? А) Саяхатшы Дара Ә) Том және Джерри Б) Алдар көсе В) Білмеймін 3. Бала, отбасы, ата - ана тақырыбында бірнеше мақал айтып берсеңіз?
ІV жедел тест 1. Балаңыз күнделікті ұйқыға кетерде нені қалайды? А) Ертегі Ә) Әлди әнін Б) Арқасын сипалағанды В) Ойыншығын құшақтағанды 2. Балаңыздың ұнатпайтын тағамы не? А) Бұршақ сорпасы Ә) Қарақұмық ботқасы Б) Қырыққатпар сорпасы В) Сүт көже 3. Балаңызбен соңғы рет бірге жаттаған тақпағыңызды айтып беріңізші?
V жедел тест 1. Балаңыз қандай өнерге бейім? А) Әнге Ә) Биге Б) Сурет салуға В) Мүсіндеуге 2. Балаңыз қандай ойын ойнағанды ұнатады? А) Компьютерлік Ә) Тыныш ойындар Б) Қимылды ойындар В) Логикалық ойындар 3. Балаңыздың топта бірге ойнайтын жақын достарын атап бере аласыз ба?
VІ жедел тест 1. Балаңыз кімді идеал тұтады? А) Әкесін Ә) Елбасын Б) Тәрбиешісін В) Мультфильм кейіпкерін 2. Балаңыз жаңа жыл ертеңгілігінде қандай кейіпкер болып киінді? А) Аю Ә) Күлдіргіш Б) Ноян В) Ханзада 3. Балаңыздың бойындағы қандай мінезіне көңіліңіз толады және қандай мінезінің өзгергенін қалар едіңіз? Тәрбиеші: Белсенділіктеріңіз үшін көп рахмет! Балаларыңыздың тәрбиесіне алаңдаулы көңілдеріңіз қуантарлық. Сонда да болса кейде жұмыстан шаршап немесе бірдеңеге ренжіп келгенде «ашу - дұшпан, ақыл - дос» екендігін ұмытып кетпеудің бір жолы ретінде сіздермен бір тренинг ұйымдастырғым келіп тұр. Барлығыңызды ортаға шақырамын.