Просмотр содержимого документа
«"Ауғаныстан – жүректегі жара" дөңгелек үстел»
Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп
Ауғаныстан – жүректегі жара
(дөңгелек үстел)
Кітапханашы: Боранбаева А.Б.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ауғаныстан – жүректегі жара»
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен оқушылар, ұстаздар интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғаныстан – жүректі жара» кешімізге қош келдіңіздер!
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер аспан бағың, – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1.Оқушы:Қожабеков Мұқанғали Арғынбайұлы
2. Оқушы:Аймұханбет Серік Аймұханбетұлы
3.Оқушы:Талапбаев Еркінбек Талапайұлы
4.Оқушы:Сартбаев Жұмаш Абдрашұлы
5. Оқушы:Сүлейменов Ерболат Пермешұлы
6.Оқушы:Қантбеков Мейрамбек Рысбекұлы
7. Оқушы:Қалиев Серік
8. Оқушы:Балқаш ауданының қорғаныстар бөлімінің 2-ші отдельінің бастығы: Қазақбаев Нұрғали Ермекұлы
Жүргізуші:: Ауғаныстан жеріндегі соғыс тарих беттерін де өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алынып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
Оқушы:1989 ж. 15 ақпанда Кеңес Одағы Ауғаныстаннан кеңес әскерлерін әкетуді аяқтады. Биыл 26 жыл толып отыр. Ауғаныстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырсында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді.
Оқушы:«Қазақстан – 2050стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жодауына қатысты қазақ ақпарат тілшілерімен ой бөліскен. Мәжіліс депутаты «Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырды».
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп жақсылыққа жетелеген. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді».
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды соның ішінде ауданымыздан шыққан ер азаматтарымыз:
1.Байшиков Қалыбай
2.Есімбеков Қайрат
3.Нүсіпов Талғат
4.Өмірзақов Байұзақ
Осы батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Жүргізуші::1.Байшиков Қалыбай 1960ж.29 қазанда Бақанас ауылында дүниеге келген. 1979ж.10 мамырда әскерге шақырылып, 1980 ж.қаңтар айында Ауғаныстан жерінде борышын өтеп жүріп, жауапты тапсырманы орындау кезінде, 1980ж. 22 қарашада 20 жасында қаза табады «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
2.Есімбеков Қайрат 1969ж.Қарой ауылында дүниеге келіп. 1986ж. «Үлгілі орта» мектебін бітіріп. 1987 жылы мамар айында әскерге шақырылып. 1987 ж.26 желтоқсан айында, 18 жасында ерлікпен қаза тапты.
3.Нүсіпов Талғат Сайлауұлы 1962ж. Көкжиде ауылыды дүниеге келген. 1981-1983 жылдары Отан алдындағы борышын өтеген. Ауғанстан жерінде соғыста болған. 1983 жылы әскер қатарынан оралған. 2014 жылы 15 ақпан айында жол апатынан қайтыс болды.
Жүргізуші::келесі кезекті оқушыларға берейік.
Оқушы:
Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Оқушы:
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Барма екен шіркін жалғанда
Қазағыма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Оқушы:
Мен қазақпын,Ұланымын елімнің
Мен қазақспын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын өкке көтерген
Болашаққа алға бастап жетерлер
Қиындығы қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер
Ән -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші::Ардагерлер !
Айтса ертек көргендері
Талаптары таймаған өрден кері,
Сыңғырлар сыр шертеді жиындар да.
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Теңіз флотының ардагері Қожабеков Мұқанғали мен Ауған соғысының ардагері Сүлейменов Ерболат ағаларымызға сөз беріледі.
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн, түн демей өрледік
Сұрапыл да ермдік те, шерімдік
Намыс туын қолдап бірақ бермедік
Жүргізуші::Ауған соғысы қалай басталады? Ауған соғысы мынандай төрт кезеңнен тұрды.
Оқушы:
Бірінші кезең 1979 жыл желтоқсан-1980 жылғы ақпан аралығы.
Бұл уақытта кеңес әскерлерін Ауғаныстанға енгізу, оларды гарнизондарға орналастыру,жер-жердегі бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
Оқушы:
Екінші кезең-1980 жыл наурыз. 1985 жыл сәуір аралығы. Бұл жылдарда белсенді соғыс қимылдарына көшу, оның ішінде ең көлемде, аудандық бөлімдер және құрамаларымен бірлесе отырып АДР-ның қарулы күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.
Оқушы:
Үшінші кезең -1985 жыл-1986 жыл желтоқсан аралығы. Бұл уақытта белсенді соғыс қимылдарынан ауған әскерлерінің әрекетіне кеңестік авиациямен,артиллерия мен және саперлік бөлімшелерімен көмек көрсетуге ауысу.
Айрықша мақсаттағы бөлімшелерімен көмек көрсетуге ауысу.
Айрықша мақсаттағы бөлімшілер шетелдерден оқ-дәрі және қару-жарақ тасып жеткізушілерге қарсы күресті жалғастырды.
Жүргізуші: Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қаза болған Байшиков Қалыбайдың ата-анасына. Алыбай атамызға сөз берелік.
Ән -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Келесі қонақтарға сұрақтар қоялық?
1.Соғыста қандай ерліктердің куәсі болдыңыз?
2.Өзіңіз ерлік жасадыңзба?
3.Ауған жерінде қарапайым халықтың сіздерге деген деген көзқарасы қандай болды?
4.Сізге шақырту қайдан келді,ең алғашқы әсеріңіз қандай?
5.Есіңізде қалған ең қиын да қорқынышты сәт?
6.Туған жерге деген сағынышыңыз қандай болды?
7.Қазіргі жастардың патриоттық сезімі туралы не айтар едіңіз?
Жүргізуші: Ендеше кезекті болашақ Отан қорғаушыларымыз, болашақ жастардың қолында деп сенім арта отырып, жас жеткіншектерімізге кезек берейік.
2 «б» сынып оқушысы Мейіржан
Мен –Отанымның азаматымын
Отаным үшін мақтанамын
Лайықты ұлдар да, қыздар да,
Солармен бірге бақыттымын
Елім менің кең байтақ,
Тау мен дала алмасқан.
Асықпай жүрсең даламмен,
Көрікті қандай көз тартқан.
5 «а» сынып оқушысы Диас
«Патриотсың ба?-деп сұрашы менен
Қарумен қорға өз елін.
Қажет болса көмегім оған
Дұшпанды алар жағадан.
Ия, патриотсың. Қажетсіз бірақ,
Дәлелдеу үшін соғысты тосу.
Ерлігім деп,бағалар елім.
Отаныма жоқ міндетімді арту
Жүргізуші::Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан
Сең құлаған көлбеті таулы алыстан
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік –Ауғанстан!
Ауған соғысы жайлы деректемелерге кезек берейік. (Слайдқа назар аударыңыздар)
Оқушы:Алматы облысы бойынша -173адам қаза болған, 3 адам із-түссіз жоғалған. Осы деректемелерге сүйенсек жерлестеріміздің арасынан 22-мың адам Ауған соғысында болып қайтты. 10000 жуық адам осы соғыста құрбан болды. 21-адам із-түссіз жоғалды.
Оқушы :Ауған соғысында тұтқынға түскен немесе із-түссіз жоғалғандардың саны-21. Қазақстан азаматы. Оның 8-қазақ,1-өзбек,1-татар, 2-беларусь, 9- орыс өкілдері. Олардың 1-і прапорщик, 4-і кіші сержант, 16-сы қатардағы жауынгер.
Оқушы :
11 айға созылған Ауған соғысындағы санитарлық шығын-469685 адам.
Оның ішінде жарақаттанған, зақымданған, соққы алғандар -415932. Олардың арасынан 115308 адам жұқпалы гепатитпен, 31080 адам іш сүзегі ауруымен 14665 адам басқа аурулармен ауырды.
Жүргізуші:: Құрметті ардагерлер ағалар. Қазір біз балалық шақ әлеміне саяхат жасаймыз, балалық шақтың қандай оқиғалары сіздер үшін маңызды болғанын, қайсысының көбірек есте қалғанын еске түсіреміз.
1.Алғашқы ұстазыңыздың есімі кім?
2.Физика пәні мұғалімі көзінің түсі қандай?
3.Тарих кабинетінде неше үстел болды?
4.Өзіңіз оқыған мектебіңізді барлығы неше есік болды?
5. 5-ші, 7-ші сыныптарда неше екпінді болды?
6. 10 сыныптағы геометрия пәнінің авторы кім?
7. 8 сыныпта кім 35-36 мөлшерлі аяқ киім киді?
8. Сыныбыңызда қой көзді оқушы нешеу болды?
Жүргізуші::
Ән ------------------------------------------------------------------------------------------
Бейбіт Толғанай: «Отан азаттығы үшін қаза тапқан жауынгерлер монологы»
«Мен өз баламды білемін бе?» Сауалнамаға кезек берейік.
Өмір тоқталмайды,замандар жалғаса береді.Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз. Сіздер болашақ жастарға Отанды қорғауға, Отанға деген патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсете біліңіздер. Келешек ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтады.
Ән: Бақыт Аминаның орындауында «Қазақ елі осындай»
«Ауғанстан –жүректегі жара»- атты кешіміз осымен аяқталды. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.