Мне понравилось ваш сайт много чего можно узнать. Можно скачать презентаций уроки вы мне погли я скачал прещентацию каторая мне понадибилась для моего урока. Сайт много чего для учителей. спосибо этому сайту.
Я блогадарю вас что создали токой сайт. спосибо спосибо спосибо crjkmrj exbntktq d 'njv cfqnt jyb dct [jnzn dpfnm hfphj,jnrb ehjrjd
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«АУ?АННЫ? АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР»
АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР Мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру және сол соғысқа қатысқан ардагерлермен таныстыру. Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру, оларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: бейнебаян, презентация, шарлар, билборд.
2. Зейнуллаев Ардақ - қорғаныс істер жөніндегі басқарма қызметкері
3. Данияр Қауышқан Сейдуллаұлы - бейбіт күннің батыры
Бейнебаян 3 минут
Отты жылдардан көрініс
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, кеш қонақтары! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 27 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты әдеби сазды тарихи кездесу кешіне қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1- жүргізуші: 27 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауған жерінен біржолата шықты. Қызылорда облысы бойынша Ауған соғысына 827 адам қатысып, оның 18-і қаза болды. 30-дан астамы елге мүгедек болып келді. Он жылға созылған бұл соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды. Талайы жат жер топырағын құшты. «Ерлік қашан да елге мұра, ұрпаққа - үлгі» болатыны белгілі.
2-жүргізуші:
Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты. Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық. Еске алып құрметтейміз құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын, суық жерде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!
1 минут үнсіздік.
1-жүргізуші:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
2-жүргізуші:
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1-жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырып өтейік.
1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз. Қ.Аружан:
Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар-
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер . Өлгендердің жәннәтта болсын жаны , Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті, Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты, Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
А.Жанел: Отан үшін оққа тосып кеудеңді, Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді . Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді Жебейді олар әруағымен сендерді. Аналардың көл боп аққан көз жасы, Жетім- жесір тағдырларын ойлашы . Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз, Елі үшін құрбан болған ер басы.
Баласы батыр туғаннан Денесін сумен жуғаннан Батыр да халық қазақпыз Кіндігін түйіп буғаннан Ж.Ырысты: Даламен бірге қайнасып Көкпенен бірге жайнасып Көршімен тату, жауына қату Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін Жайнаған дархан мекенім Бар ма екен шіркін жалғанда Қазахияма жететін Осындай елді құраған Бабадан қалған мұрадан Жастарға сарқыт ерлігі Сел болар ақса жырадан
М.Расул: Ел үшін өткен батырлар Шайырлар менен ақындар Күш пенен түйсік, ақылды Бағындыра алған дарындар Олардың ерлік тәлімі Халқына айқын мәлімді Ұғына алса керекті Қазіргі ұл - қыз хәліңді Атойлап шапқан батырлар Рухын қайрап ақындар.
А.Сымбат: Ұрпағым аман болсын деп Қыршынбасын деп жатырдан Ел үші қиып құр жанды Ұстанған елміз бір заңды Биікке қойған қазақпыз Ар - ұятпенен ұжданды Жауына күшін көрсетіп Ізіне ерген ел сеніп Жастарға бүгін аманат Жасалған істер белсеніп Бабалар салған сара жол Өшпейтін мәңгі дара жол Ұрпаққа бүгін аманат Қорғай біл халқым пана бол
2-жүргізуші: Ерлік – ешқашан ұмытылмақ емес. Сол кезде әскер қатарында болған жас жігіттер бүгінде ел ағалары. Қазіргі жастарға үлгі-өнеге. ҚаҺармандықтың шын үлгісі саналады. Оларға құрмет көрсету, олармен мақтану, келешек ұрпаққа тәрбие ету бүгінгінің қасиетті борышы.
1 – жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Ендігі сөз кезегі ауған соғысының ардагері Турманов Орман Турманұлына беріледі.
2-жүргізуші: Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік: Оқушылардың сұрағы: - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз? - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
2-жүргізуші
Иә, бейбіт күннің сарбаздары демекші, бүгінгі біздің қонақтарымыздың арасында жас та болса ерлік көрсетіп, елінің нағыз патриоты екенін ісімен дәлелдеген Данияр Қауышқан Сейдуллаұлы ортамызда отыр. Алдымен осы бейбіт күннің батыры жайлы кішкене бейнероликті тамашалайық.
Бейнебаян
1 – жүргізуші:
Өмірлік позициясы белсенді Данияр ағамыздың спорт саласында да жеткен жетістіктері көп. Әуесқой бокстан облыс, халықаралық жарыстардан жүлделі 1,2 орындар иеленіп жүр. Басқа да қол жеткізген нақты нәтижелері үшін мақтау қағазымен марапатталған. Бұрынғы жеткен жетістіктерінен бөлек, 2015 жылдың өзінде өзін облыстың белсенді жастары қатарынан көрсетіп, бірнеше марапатқа ие болды. Атап айтқанда, өрттен баланың өмірін құтқару кезінде қайсарлық пен ержүректілік танытқаны үшін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕРЛІГІ ҮШІН» төсбелгісімен, «МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІР ТҰТАС ҰЛТ» облыстық патриоттар форумы аясында «ЖІГЕРЛІ ЖАС» номинациясымен марапатталды.
2-жүргізуші:
Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың патриот жастарға арналған «СЫР ҮМІТІ» сыйлығының иегері. Жыл қорытындысы бойынша колледж абыройын арттыруға қосқан үлесін үшін «ЖЫЛ КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар, тағы бір сүйінші жаңалық: ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімімен бокстан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді. Спортта және қоғамдық өмірде зор белсенділік танытқаны үшін 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік спортшы» дипломымен марапатталды.
Сөз кезегі Данияр Қауышқан Сейдуллаұлына беріледі
Сіздердің құрметтеріңізге «Көркемдік-эстетикалық балалар орталығының» мұғалімдерінен құралған «Домбыра-дастан» ансамблінің шашуын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші Мен қазақпын, Ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер. Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер.
2 - жүргізуші: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
1- жүргізуші: Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, мұғалімдер және оқушылар!
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарымызға шексіз алғысымызды айтамыз.
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сүлейменова Гүлжан Кеңесқызына беріледі. 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Осымен «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тарихи кешімізді аяқтаймыз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық !
Барлықтарыңызды естелікке суретке түсу рәсіміне шақырамыз.