Просмотр содержимого документа
««Азаттық жырының ақтаңгері» /Оқырмандар конференциясы/»
«Азаттық жырының ақтаңгері»
/Оқырмандар конференциясы/
Мақсаты: елдіктің жырлаушысы, еркіндіктің жоқшысы ақын Дулат Бабатайұлының өмірін, шығармашылығын оқушылырға терең таныстыра отырып ақынның шығармалары арқылы елін, халқын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Д.Бабатайұлының суреті, ақпарат материялдары, слайд.
Барысы:
Қош келдіңіздер құрметті, оқырмандар! Бүгінгі шарамызды «Бір ел- бір кітап» акциясы бойынша биылғы жылдың еншісіне тиіп отырған Дулат Бабатайұлының шығармаларына арнағалы отырмыз. Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы елімізде ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын оқу және насихаттау мақсатында жыл сайын өткізіліп келе жатқаны белгілі.
Алдымен осы акцияның тарихына тоқтала кетейін. «Бір ел-бір кітап» жобасының идеасы АҚШ та танымал болған. Мұндағы басты мақсат – бір шығарманы көпшілікпен бір уақыт аралығында талқылау. Бүгінгі таңда осы акция көптеген елдерде таралған. Қазақстанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдануымен Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Қазақстанда 2007 жылы Абайдың «Қара сөздері», 2008 жылы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман», 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі», 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын», 2011жылы Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романы, 2012жылы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың қасқа құлыным», 2013жылы Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жинағы,2014жылы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында үшқараның» шығармалары, 2015жылы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы биыл 2016 жылдың еншісінде тиіп отырған Дулат Бабатайұлының шығармалары насихатталуда.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, туған елінің тарихи бір кезін жырлап өткен Дулат Бабатайұлы 1802жылы дүниеге келген.
Дулат ескіше оқыған, сауатты болған. Ол өз өлеңдерін қолжазба кітап етіпжазып жүрген.Дулат арқылы Аягөз өңірінен шыққан Ақтамберді жырау толғаулары халыққа жетіп, ақсақалдар жадында сақтап қалған.
Ақынның алғашқы жинағы «Өсиетнама»деген атпен «Жазушы» баспасы жинақ етіп шығарған. Д.Бабатайұлы – қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның бірі. Дулат өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды. Шығармалары Отан, жуған жер, атамекен жайлы. Өлеңдерінде туған жерге деген сезімін ерекше толғаныспен жырлайды. Ол-заман туралы, халқының мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған ақын.
Дулат Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш рет мысал жазған ақын. Оған мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады.Атап айтқанда «Бір патшананыңбір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Қара қарға жем тілеп», «Сары шымшық» деген өлеңдерінде орынсыз мақтаншақтықты, тойымсыздықты әшкерелеп, кішіпейілділікті, адамгершілікті, бірлікті уағыздайды. Адам бойындағы асыл қасиеттерді ардақтаған ақынның мысал өлеңдерінің тәрбиелік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ. Дулат өлең мәнін білген, тілге жүйрік мақалдап- мәтелдеп сөйлейтіншешен ақын. Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ақын «Ата қоныс Арқадан» деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Халқымыз ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мақтайды.
/ «Ата қоныс Арқадан» өлеңі оқылады/Ануарова Аяжан
Кітапханашы: Дулат Бабатайұлының туған жері қазіргі Аягөз ауданы, Ақшатау аулының Қызылағаш деген қыстауы. Туған жері Ақжайлау мен Сандықтасқа арналған өлеңі бар. Осы жерде ақын баба басына кесене тұрғызылған. / «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңі оқылады/Шәкен Қарлығаш. Шынардан биік санам бар, Ақылдан алпыс санам бар, Қорған құрыш сөзім бар. Жырымды менің тыңдаған! Сөз ұғатын соңғы адам, Шыңдаудан әсте тынбаған, Сарқырап аққан жылғадан, Жыр арнасы суатпын -, деп бар ақындық өмірін қазақ халқының ары мен ожданы, бостандығы мен тәуелсіздігі жолына бағыштаған Дулат Бабатайұлы өз заманының сыншыл ақыны бола білді. Дулаттың ел қамы туралы, кейінгі ұрпақты тәрбиелеудегі аса маңызды, мағыналы әр толғауларын кезінде үлкен де, кіші де құлақ құрышын қандыра тыңдаған.
/Слайд/
Дулаттың кейбір өлеңдері дін өкілдерін сынауға арналған: Дулат өмір сүрген кезде қазақ даласында дінді уағыздаушылыр көбейе бастады. Әуелі татар молдалары, одан кейін Бұхарда , Стамбулда, Меккеде, Мәдениеде оқып келген халпе ишан хазіреттер қазақтың өз ішінде де шықты. Олар тек дінді уағыздаушылыр ғана емес, халықты қанаушылырдың бір тобы еді. Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: «Жегенге тоқ, ішссең мас, өз елін жаудай талаған» деп бетіне баруға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар. Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие етіп көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізген молдаға «Ешенге» деген өлеңі арқылы көруге болады.
(Ешенғе, Сүлейменге өлеңдері оқылады)Турганова Аяжан, Жатпешов Расул Қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ұстаз болған. Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген Дулат Бабатайұлы. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов « Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші» - деп баға береді. Дулат Бабатайұлы ауыртпалығы зор, өзгерісі де мол ғасырмен құрдас болды. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан - таражға салу, халықтың дербестігін біржола жойып, тәуелділікке айналдыру әрекеттеріне қарсы шыққан, халықты күреске шақырған күрескер ақын. Дулат Бабатайұлы Ресейдің отаршыл әскерлерін қатты сынаған ақын. Сондықтан да көп уақыт бойы ақынның шығармалары ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдері ұлтшылдық ретінде бағаланып, дәріптелмей келді. Сондай өлеңдерінің бірі « Асқар таудың сәні жоқ» Қалелова Ақнұр
«Қазаққа» Кусенова Камилла Би мен бекті сәні жоқ, Елін қорғай алмаса, Тура жолға салмаса, Ыстығына күймесе, Суығына тоңбаса. Батырлықтың сәні жоқ, Елірген тұлпар ерттеліп, Толғаулы найза қолға алып, Тұйғын құстай толғанып, Сары садақ асынып, Егескен жауды қашырып, Ұлын қорып жауынан, Ереулеген егер дауынан Тұтамдап оқ жанбаса.
Сұрақтар
1.Дулат Бабатайұлын кім деп білеміз?
/Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған/
2.Ақын өлеңдерінің ерекшелігі?/шығармашылығында өзекті тақырыптар ретінде Отан, елдің бірлігі, бейбіт өмірі, атамекен жайлы, туған жерге деген сезімін ерекше толғаныспен жырлайды..
3.Дулат ақын қай ғасырда өмір сүрген?/Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды, Сондықтан ол шаттық өлең емес, «Зар заман»жырын тудырды.
4.Ол кездегі тарихи жағдай туралы не айта аламыз?/Ақын өз заманындағы патшаның отарлау саясатынан зардап шеккен халқының қайғысын тереңнен сезініп, мұңын жырымен жазып, ел қамын ойлап, кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде маңызды толғаулар айтқан./
5.Қандай шығармаларын білеміз?(Өсиетнама, Көргеннің көзі тойғандай, Ақжайлау мен С андықтас, «Сүлейменге», «Сөзім бар да көзім жоқ», «Он бес деген жас қайда», «О, Барақ жас, Барақ жас», «Тегімді менің сұрасаң», «Кеңесбай мырза, тыңда сөз»т.б
6.«Еспенбет»дастаны, басты тақырыбы- ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.