«ІІ Жақып Ақбаев оқулары»
Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, құқықтану магистрі Жақып Ақбаевқа арналған Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық құқықтану пәнінен «ІІ Жақып Ақбаев оқулары» өтті.
Шараның негізгі мақсаты жас ұрпақтың санасына азаматтық ұстаным, ұлттық ой-санасын дамытып, сонымен қатар Ж.Ақбаевтың мұрасымен таныстырып, өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау болса, міндеті оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, өзінің құқығын қорғай білуіне қарай бағыттау болып табылады.
Осылайша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып оза шапқан оқушылар шара соңында марапатталып, концерттік бағдарламамен Жақып Ақбаев оқулары өз шымылдығын жапты.