Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы ?дістемелік ж?мыс»
Құрметті әріптестер, «Балабақшадағы әдістемелік жұмыс» атты семинар практикумының тәжірибелік бөлімін №30 «Жұмбақ» балабақшасында ұйымдастыру жоспарланды.Олай болса, №30 «Жұмбақ» балабақшасына қош келдіңіздер!
№30 «Жұмбақ» балабақшасы Атырау қаласының орталығында орналасқан,
Балабақша ғимараты 1991 жылы ашылған.Балабақшада 17 топ жұмыс жасайды. Оның 10-ы қазақ тілінде, 7-і орыс тілінде балаларға тәлім-тәрбие беруде.Балабақшамызда әдістемелік бөлме, қазақ тілі кабиенеті, «Өзін-өзі тану» кабинеті, саз залы, дене шынықтыру залы, компьютер кластары бар.
Балабақшамызда жалпы 43 педагог қызмет етеді, оның 2-уі жоғары санатты, 9-ы бірінші санатты, екінші санатты-8 педагог және бірқатар жас мамандар бар.
Осы педагогтармен әдістемелік жұмыс бағытын 2 әдіскер және оқу эксперименттік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары ұйымдастырады.
Мектепке дейіңгі мекемедегі әдістемелік жұмыс –тәрбиешілерге балалармен жүргізілетін жұмыс әдіс-тәсілдерін іс жүзінде үйрететін кешенді және шығармашылық үрдісі.Қазіргі жағдайда әр бала бақшада ғылыми-әдістемелік орталық жұмыс жасауы тиіс.Бұл орталықтың мақсаты тәрбиешілердің саяси ғылыми-теориялық деңгейін және әдістемелік біліктілігін арттыру болып табылады.Әдіскер осы орталықтың ұйымдастырушысы және кеңесшісі ретінде педагогтарды педагогика және психология ғылымындағы жаңа жетістіктермен, жаңа технологиялармен, жаңа әдебиеттермен, әдістемелік нұсқаулармен таныстырады.Педагогтардың өз білімін жетілдіруге көмектеседі.
Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс жүргізудің негізгі формаларына педагогикалық кеңес, теориялық семинарлар, семинар практикумдар, шығармашылық зертханалар, кеңестер және т.б.жатады.Сонымен қатар әдіскер педагогтардың ата-аналармен жұмыс формаларын, әлеуметтік ортамен, яғни мектеппен, Мемлекеттік автоинспекция бөлімі, Өртсөндіру бөлімі, мұражаймен, кітапханалармен байланыс жұмыстарын жоспар бойынша ұйымдастырып басқарады.
Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
-мемлекеттік стандарт талаптарына сай тәрбиелеу және оқыту;
-оқу бағдарламалық құжаттарды талдау;
-тәрбиелеу және оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып үйрену және қолдану;
-озат педагогикалық тәжірибені анықтау,зерттеу, қалыптастыру және тарату;
- жас тәрбиешілерге көмектесіп өзара сабақтарға және ашық сабақтарға қатысу және оларды талдау;
Әдістемелік жқмыстың түрлері:
Жеке: Өздігінен білім алу, балабақша әкімшілігі басшылығымен жұмыс, тәлімгерлік;
Топтық: Шығармашылық топ жұмысы;
Ұжымдық: Семинар, конференция, педагогикалық оқулар, көрмелер,шығармашылық кештер;
Мәселен жеке жұмыстың түрі тәлімгерлікті қарастырайық.
Балабақшамызда тәжірибелі педагогтар жас мамандардың сабақ жоспарын жасауға, құжаттарды дұрыс безендіруге үйретеді.Сабаққа әзірлігіне көмектесуге баса назар аударылып, жас мамандарға көмек береді.
Балабақшадағы әдіскердің осы аталған әдістемелік жұмыстарының түрлерін шығармашылық топтар құру арқылы жеңілдетуге болады. Педагогтардың ең озық жұмыстәжірибелерін зерттеу, оны талдау және тәжірибеге енгізу әдістемелік жұмысқа негіз болады.
Біздің балабақшамызда педагогикалық озық тәжірибені анықтау, тарату, және еңгізу жұмыстары қолға алынған.Бірқатар тәжірибелі педагогтардың жұмысы зерттеліп, қала, облыс көлеміне таңылып отыр.
Атап өтсек жоғары санатты әдіскер Т.Р.Бегееваның «Балабақшадағы реторика» бағдарламасы, оқу-эксперименттік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары О.А.Абилованың «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуда тиімді әдістерді таңдау және қолдану», «Балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар» атты әдістемелік нұсқаулары, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Х.Жұмағазиеваның «Мектеп жасаына дейіңгі балаларға арналған ағылшын тілінің ғажайыптары» әдістемелік нұсқауы жарық көрді. Әрине бұған 1,5 жыл емес көптеген жыл еңбек ету қажет.
Сонымен қатар бірінші санатты мектепалды топ тәрбиешісі Ф.Б.Белова көп жылдан бері «Сын тұрғысынан ойлау әдісі» бойынша жұмыс жасайды. Тәрбиеші обылыстық, қалалық шараларға қатысып, өз шығармашылық тақырыбы бойынша өте жақсы деңгейде сабақ көрсетіп жүр.
Бұл жерде әдіскердің бақылауымен жүргізілген жекелеген педагогтардың және шығармашылық топтың жұмысын ерекше атауға болады. Әдіскердің, шығармашылық топтың және әр педагогтың жұмыс жоспары негізінде жетістіктерге қол жеткізіледі.
Шығармашылық топтар озат тәжірибені жүйелеумен, хабарлаумен, және таратумен айналысады, тәжірибеге жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізеді. Топ өз жұмысын әдебиеттер оқудан, түрлі тәрбиешілердің сабақтарына қатысудан, белгілі бір болжам, жормалдар айтып, оны тәжірибеде тексеруден бастайды. Шығармашылық топтар оқу процесіне белсенді түрде ықпал етеді.
Педагогикалық ұжым жұмысының жетістігі әр тәрбиешінің жетістігі мен сәтсіздігіне байланысты, сондықтан да әдіскер барлық топтардың жұмыс ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.
Тәжірибені таратуда әдіскердің рөлі өте зор, өйткені әдіскер тәрбиешінің күнделікті еңбегінен озық тәжірибені көріп, талдай білуі және қандай құралдармен жақсы нәтижелерге жеткендігін анықтауы тиіс.
Қазіргі кезде балабақшадағы барлық жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі, осы орайда педагогикалық озық тәжірибенің ролі мен маңызы артып отыр. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қандай формада болмасын зерттеу және еңгізу ғылыми-зерттеу жұмысының сипатында болып отыр.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, енгізу үрдісі келесі міндеттерді шешеді:
Мақсатты және жоспарлы түрде көлемді материалдар жинақтау;
Материалдарды жан-жақты өңдеу;
Педагоггикалық озық тәжірибені зерттеу және енгізу жұмыстары келесі талаптарға сай болуы тиіс: бағыта қарай өзекті болу, мазмұнына қарай объективті, негізді болуы, жүзеге асыру сипаты мен әдістері ғылыми тұрғыда және нәтижелі болуы.
Педагогикалық озық тәжірибені зерттеу жұмысының нақты құрылымы бар, ол келесі алты кезеңнен тұрады:
Ұйымдастыру.
Теориялық жәнепрактикалық дайындық.
Материалдарды жинақтау.
Материалды өңдеу
Зерттелген тәжірибенің бағасы және шешімінің қабылдануы.
Озық тәжірибені еңгізу.
Ұйымдастыру кезеңінде педагогикалық озық тәжірибені зерттеу тақырыбы белгіленеді, жоспарланған жұмыстың орындалу мерзімі және формасы анықталады.
Теориялық және практикалық дайындық (негізгі әдебиеттермен және нұсқаулық-әдістемелік құжаттармен т.б. танысу) шебер- тәрбиешілердің шығармашылық зертханасына біліктілікпен талдау жасау үшін қажет.
Алуантүрлі және көлемді материал жинаұтау үшін бақылау, әңгіме (тәрбиешілермен, балалармен, ата-аналармен және т.б.) нәтижелері қолданылады; тәрбиеші құжаттарымен, балалардың іс-әрекетімен танысу; педагогикалық эксперимент өткізу ұсынылады.
Әдіскердің бақылауы арнайы дәптерге фотожазба, таңдаулы жазба т.б. түрінде тіркеледі. Осы орайда тәрбиешінің жұмыс мазмұны жоспарға сәйкес келеді ме, жұмыстағы оң нәтижелерге қалай қол жеткізеді, бақылау нәтижесінің шешімдері негізінде ұсыныстар жасау.
Тәрбиешінің шебердігін толық бағалау үшін сабақтарды нақты бөлім бо йынша қарау немесе іс-әрекеттің бір түрін бақылау жеткіліксіз.Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін түрлі бағытта бағалаған жөн.Бір күнде күн реттелімінің бірнеше сәттерін бақылау тәрбиеші жұмысының даму сатысын көруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл тәрбиешінің ұзақ уақыт аралығындағы жұмыстарын жоққа шығармайды.
Озық тәжірибені зерттеу жоспарында балалар, олардың даму барысы, тәрбиелеу және оқыту әдістері туралы тәрбиешілермен әңгіме-сұхбат жүргізудің зор маңызы бар.
Балалармен әңгіме жүргізу де қызықты. Әңгімелесе отырып, балалар материалды қалай меңгергенің, алған білімдерін өмірде қолдана білу біліктілігін айқындауға мүмкіндік береді. Озық тәжірибені зерттеу үшін педагогикалық құжаттарды (жоспарлар, сабақ конспектісі, т.б.) тексерудің және талдаудың маңыздылығы ерекше.
Эксперименталды жұмыс педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, ьарату жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Эксперимент шебер-тәрбиешінің жұмыс нәтижесін бағалауға, оның әдістемесін жетілдіруге, кемшіліктерді жоюға көмектеседі.
Анықталған озық тәжірибені тарату үшін алдымен оны бағалау қажет.Ол үшін келесі шарттарды басшылыққа алған жөн:
-озық тәжірибе жаңа идея немесе жаңа әдіс-тәсілдерден тұрады;
- озық тәжірибе оқыту және тәрбиелеудің жоғары нәтижелілігін қаматамассыз етеді;
-озық тәжірибеде оқу-тәрбиелеу жұмысының тұрақты жақсы нәтижелерімен сипатталады;
-әдеттегі уақыт пен күш шығынымен, педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастыру есебінен жоғары нәтижеге қол жеткізеді;
- озық тәрбиешілер жұмыс кемшілігін таба білуі және оны жоюға күш салуы тиіс;
Келесі маңызды кезең жинақталған тәжірибені тарату және енгізу.
Ақпарат, яғни тәжірибе алмасудың ең тиімді формасы педагогикалық оқу. Ол бірнеше сатыда: балабақшаішілік, аудандық, не қалалық, облыстық көлемде өткізілуі мүмкін.
Конференциялар озық тәжірибені таратудың маңызды формасы болып табылады. Ол нақты бір өзекті мәселелерге арналуы мүмкін.
Конференциялар мен педагогикалық оқулар жылына 1 рет өтіп, онда педагогтар өз тәжіриберелінен баяндамалар оқиды, бір мәселені шешуге бағытталған жұмыстарын көрсетеді.Педагогтар озық тәжірибемен танысып, пікір алмасады.
Мектепке дейіңгі мекемеде озық тәжірибені таратуға педагогикалық кеңестердегі тәрбиешілердің жұмыс есебі, ұжымжық сабақ қарау, өзара қатыста ықпал етеді.
Әдістемелік жұмыстың маңызды нысандарының бір түрі- семинар, семинар-практикумдар. Балабақшадағы қызметкерлерді озық тәжірибемен таныстыру семинар, семинар-практикумдарда жүзеге асады.Семинарлар, семинар-практикумдар жоспарлы күнде бір күндік, апталы, тұрақты жұмыс істейтін болуы мүмкін.
Семинарларға дайындық кезінде баяндамалар әзірленіп, педагог тәрбиешілер тәжірибесінен, деректі материалдар жинайды, қосымша әдебиеттер оқиды, құжаттармен танысады. Семинарда жекелеген тәрбиешілер дайындаған баяндамаларын оқиды, басқалары толықтырады, сұрақтар береді, пікірталастарға қатысады.
Мектепке дейіңгі мекеме әкімшілігі тәрбиешілер ұжымымен келісе отырып, семинарлар проблемасые анықтап, жұмыс жоспарын педкеңеске бекітеді.Семинарлар тақырыптары педкеңестақырыптарымен, жоспардың басқа бөлімдерімен үндесу шарт.
Педагоикалық озық тәжірибені таратудың аталған формаларын бақылауға алмаса күтілген нәтижеге жету мүмкін емес. Осы орайда педагогтардың біліктілігін, балалардың даму және дайындық деңгейін, материалдық базаның болуын және педагогтардың озық, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін меңгеруге деген тілегін ескерген жөн.
Сонымен, педагогикалық озық тәжірибені зерттеу және тарату әдіскердің әдістемелік жұмысының маңызды тұсы болып табылады.