І ж?ргізуші: Армысыздар, ??рметті ?она?тар, арда?ты ата -аналар, ?ла?атты ?стаздар! Б?гінгі «Бала?а мейірім сыйла» атты мерекемізге ?ош келді?іздер!
ІІ ж?ргізуші:?аза?ты? жа?сы ?асиеттеріні? асылы мейірбанды?, жомартты?, ке?пейілділік, бауырмалды?. М?хаммед Пай?амбарымыз ?сиетінде былай дейді «?зіні? не ?згені? жетім балаларын бали?ат?а жеткізіп, адам етіп шы?ар?ан адамны? орны тек ?ана жаннат».
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Бала?а мейірім сыйла»»
«Балаға мейірім сыйла» І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат».
І жүргізуші:Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін. ІІ жүргізуші: Атаң болса, анаң мен Алтыннан соққан қорғаның, Ағаң болса, ақылды, Ешкімнен кем болмадың. Інің болса, жанашыр Семсер қылыш білегің. Ақылды қыз, ақылды ұл, Өкпе бауыр, жүрегің.
Ән: «Анашым» Акбанов Есбол І жүргізуші: Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Фаткулина Шолпан Мұратқызына беріледі. ІІ жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап, Жетім қозы анасы жоқ маңырап, Сүт іздейді таңдайына таматын, Оны көру ақын үшін ауыр тым Ауыр алып демімді мен ішімнен, Оның жайын болам, рас, түсінген, Өзге қойға телімесе қозыны, Асыраймын жырдың сауған сүтімен. 8 сынып оқушысы Бұхарбаева Диананың орындауында «Бақыт» өлеңі
Балдауренде қиялдауды қоймаған, Көз талдырдым мұнаралы мұнарға… Мен бақытты шығармын деп ойлағам, Бақыт жайлы жазған кезде шығарма.
Шалдықтырса, шала ұйқылы түндерім, Шақырады шаңқан сәуле бір нәзік. Бақыт құсы қонбады ма, білмедім, Бақыт жайлы жүрмін әлі жыр жазып…
Күнімменен күмістеліп күлкім де, Күндей мұңды… күндер күнде өтеді… Жалғыз ғана білетінім, бұл күнде Бақыт деген байлық емес екені…
Жарқыраса жаныңдағы жақұтың, Қолда барды қадірсіз ғып қойған-ау…. Бақытсыздар көп ойлайды Бақытын, Бақыт деген – Бақыт жайлы ойламау!
І жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен, Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем, Жамандарды іздемен өзі ақ табар, Жақсыларды табуың қиын екен... Жүргізуші: Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да, Күн арқалап кетеді таңды мына Менің жаным ашиды барлығына, Таң нұрына, адамның тағдырына « Шұғыла » биі Абдираманова Нурсила ІІ жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын Өйткені біреулерге бақыт қонса, Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым. І жүргізуші: Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын Сазды әуенге елітіп алданбаймын Бір әумесер есірсе есі кетіп, Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың Аудан мектептерінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан,жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік –педагогтар жұмыс істейді. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Абзалбекова Сандуғаш Күмісбекбековнаға сөз беріледі.
Ән: «Сен де, мен де» Сыдықов Сәкен ІІ жүргізуші: Жетім қозы жетілер де марқаяр, Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр, Шілдехана жасап ертең ата -анам, Нәрестенің қалжасына мал сояр. Жас нәресте апыл- тапыл жүгірер, Аяқтағы ала жіп те үзілер, Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын, Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел! Ән: «Соңғы вальс»Омарова Балнұр І жүргізуші: Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық, Именіп жүретін игіліктен, Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б. Момышұлы ) ІІ жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты, Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой, Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой» Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау, Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой! Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!» Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым, Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым, Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да, Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда. Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты. Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты !
Би: « өзбек » Абдираманова Нурсила
Ән: «Қазақстан» Сыдықов Сәкен
І жүргізуші: Бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар!
«Теміртау қ. №4 ЖББОМ» КММ
«Балаға мейірім сыйла»
атты қамқорлыққа алынған балалармен өткізілген іс-шара.