Біз «Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін бабалардың ұрпағы едік. Бірақ бүгінгі таңда сол бабалар аманатына қиянат жасап жүрген елге айналып бара жатырмыз. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел болғанын да ұмытып кеттік. Бүгінгі жоқ дүниенің өзі саудаға түсіп тұрғанда шетелдерге бала сату тіпті қарқын алуда. Шетелге бала сату жағынан әлем бойынша алдыңғы орыннан бірақ шықтық. Бұл қоғамымыздың бітеу жарасына айналып отырғаны ащы да болса шындық.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Баланы сату сұмдық»»
«Мортық орта мектебі» КММ
Бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатуды алдын алу бойынша Мортық орта мектебінде «Баланы сату сұмдық» атты ата-аналарға конференция өткізді. Әлеуметтік педагог «Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияның ережелерімен таныстырып өтті және баланың еңбегін пайдалану бойынша әңгіме талқыланды.Ата-аналарға ұндехаттар таратылды.Конференцияның соныңда осы тақырып бойынша ата-аналар да өз пікірлерін айтып өтті.Оқушыларға «Өз құқығынді білесің бе?» тақырыбында дөнгелек ұстел өтті.
«Мортық орта мектебі КММ»
Ата-аналарға арналған конференция.
Тақырыбы:«Баланы сату сұмдық»
Өткізген: Әлеуметтік педагог Шарипова С.У.
Ата-аналарға арналған конференция.
Тақырыбы:«Баланы сату сұмдық»
Біз «Жетім көрсең, жебей жүр» дейтін бабалардың ұрпағы едік. Бірақ бүгінгі таңда сол бабалар аманатына қиянат жасап жүрген елге айналып бара жатырмыз. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел болғанын да ұмытып кеттік. Бүгінгі жоқ дүниенің өзі саудаға түсіп тұрғанда шетелдерге бала сату тіпті қарқын алуда. Шетелге бала сату жағынан әлем бойынша алдыңғы орыннан бірақ шықтық. Бұл қоғамымыздың бітеу жарасына айналып отырғаны ащы да болса шындық.
Соңғы он жылдан бері жетімдеріміз шетелдіктерге кетіп жатыр. Бізде қазір шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар екен. Агенттіктің бір баланы өткізгенде табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды екен-мыс. Ал бұл ақшаға кімнің қарық болып отырғаны тағы беймәлім. Дерек көздеріне сүйенсек, 2009 жылдың қорытындысымен 6014 бала шет ел асыпты, соның 5308-і АҚШ-та. Бұл ресми деректер, заңсыз кетіп жатқандары қаншама. Осы уақытқа дейін Бельгияға - 163, Ирландияға - 126, Испанияға - 152, Германияға - 59, Францияға - 45 бала жөнелтілген. Бұл 2009 жылғы статистикалық көрсеткіш. Одан бері қанша баланың шетел асқаны анық емес. Олардың көпшілігінің бүгінгі тағдыры не болып жатқаны да белгісіз. Шетелге мұнай шығарудан әлем бойынша төртінші орын алсақ, бала сатудан үшінші орынға табан тіреппіз. Басқасын айтпағанда, қаншама қаракөз бауырларымыз бен қарындастарымыз бөтеннің бауырына басылды. Шынымен олар бауырына басты ма, әлде басқа мақсатқа пайдаланды ма? Осы жағы бүгінге дейін жұмбақ болып келген еді. Жақында ғана жаға ұстатар жағымсыз жаңалық жарқ етті. АҚШ-тың Массачусетс штатына қарасты Вустер қаласының алқа билер соты асырап алған қазақстандық балаларды зорлаған Мэйоттар отбасына қатысты үкім шығарды. 50 жастағы Джозеф Мэйотт «17 жасар асырап алған қазақстандық қызын зорлады, ұрып соқты, балаларға кері әсер ететін фильмдер таратты және заңсыз қару сақтады», деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Ал оның әйелі 49 жастағы Линда Мэйотт «асыранды ұлын зорлады, ұрып-соқты, куәгерлерді қорқытты және полицияға қарсылық көрсетті», деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Олардың қандай жаза өтейтіні 22 тамыз күнгі сот отырысында белгілі болады. Балалардың болашағына балта шапқан ондай мақұлықтарды мұсылмандар заңына сәйкес «өлім жазасына» бұйырса артықтық етпес еді. Петропавл қаласындағы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері АҚШ полициясына өздерін асырап алған ата-аналары зорлағанын айтып, 2009 жылы шағымданған. Алайда, ол кезде ерлі-зайыптылардың кінәлары дәлелденбеген екен. Арада 4 жыл өткенде оқиға тағы қайталанып, бұл жолы Мэйоттардың кінәлары толық дәлелденді. Аймақтық прокурордың көмекшісі Шэрил Риддлдің айтуынша, бұл балалар Қазақстаннан 2004 жылдың тамызында әкелінген екен. Ол кезде қыздың жасы 8-де, ал ұл бала 13-те болған.
Кішкентай ғана бүлдіршіндер өздеріне мүлде түсініксіз тілде сөйлейтін бөтен елде тұратындықтан, асырап алған ата-аналарына ғана арқа сүйеген. Осыны пайдаланған америкалық еркек қызды, ал әйелі ұлды жанына алып жатқан. 2007 жылы 11 жасқа толған қыз әкесінің арам ниеті туралы көршісіне хабар береді. Алайда, басындағы жағдайды полицейлерге айтуға бата алмай жүреді, өйткені өгей шешесі оларды қорқытып отырған. Не деген сұмдық десеңізші... Бұл бір ғана әшкереленіп, дәлелденген оқиға. Жоғарыдағы статистикалық мәліметтер бойынша шетел асқан бейкүнә сәбилердің қандай зорлық көріп жүргенін ешкім дөп басып айта алмайды. Оларды жақтай сөйлейтіндер өз ортамыздан да табылады. Қалай дегенмен де ақшаға сатып алған жанды қуыршаққа не істесе де өздері білетін сияқты. Негізі асырап алған балалары он сегіз жасқа толғанша есеп беріп отыратын көрінеді. Оны біздің жақтан кім түбегейлі зерттеп, баланың қандай жағдайда екенін анықтап отыр. Мына жағдайдан кейін олардың қызметі де күмән тудыра бастады. Бұл бірлі-жарым баланың ғана емес, қазақ мемлекетінің намысын аяққа таптағанмен бірдей емес пе! Төл тумаларымызды айдаладағы шетелдіктерге зорлау үшін сатып отырмыз ба сонда. Бұл мәселеде балаларды шетелге сатқан өз азаматтарымыз да жауапқа тартылуы тиіс. Жаугершілік заманда іргесін қымтап, ұлын ертең жау қорғайтын азамат болады деп, қызын ұлттың санын арттыратын болашақ ана болады деп шашау шығармай, бір мүддеге жұмылдыра білген бабаларымыз неткен дана еді. Осындай қағиданың арқасында жер бетінен жойылып кетпей аман қалған қазақ емес пе едік. Бүгінде көп қорқытатын, терең батыратын заманда не санымызды, не сапамызды арттыра алмай отырғанда шетелге бала сатып, әлдебіреулердің шекелерін көк қағазбен шылқытқандары кімге керек. Бүгін сатқан балаң ертең өзіңнің қас жауың болып оралмасына кім кепіл... Тастанды тас жүрек, бере салған без бүйрек, кеудесін кек кернеген пендеден жақсы адам шықпайтыны айтпаса да түсінікті. «Обал» мен «сауап» деген түсініктердің бүгінгі қоғам санасынан алшақтап кеткенінің белгісі де осы болар. Тіпті бұл әрекеттер Қазақстан азаматтарының құндылығы туралы жазылған Ата Заңымыздың бірінші тармағына қайшы келетіні де ескерілмейтін сияқты. Бір кездері бекітіліп кеткен бала сату туралы халықаралық конвенцияның шартын бұзуға себептер де жоқ емес. Осындай ұрымтал сәттерді пайдаланып, өз мүддеміздің ұпайын түгендейтін қадамдарға баратын кезіміз жеткен сияқты. Әрине, құрығы ұзындардың құлқы болса егер. Олай дейтін себебіміз Ресей үкіметі балалары шетелде қорлық көрген бір-екі деректен кейін дереу айылдарын жиып, қандай жетім болса да бала асырап алуға ниетті өз азаматтарына беруге бел буып отыр. Ресей телеарналары жарнамасының жартысы өз азаматтарының бала асырап алуларына үгіт-насихат жасайды. Потранатты ата-аналардың саны оларда жыл өткен сайын артып келеді. Біз ол жағына әзір жақсы көңіл бөле қойған жоқпыз. Күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселеге бас қатырғаннан гөрі жеңіл жолмен ақша табуды алдыңғы орынға қоямыз. Әлі де баласын сатқан ел бақытты болмайтынын ойланбай келеміз.
Шетелдіктердің біздің балаларды асырап алуы біз тәуелсіз ел болғалы үлкен мәселе болып келе жатыр. Кезінде Парламентте «Неке және отбасы» заңын қараған кезде А.Айталы, Ф.Оңғарсынова, Ш.Мұртаза төртеуіміз журналистерге арнайы брифинг ұйымдастырып, сұхбат бергенбіз. Сонда біз бұл мәселеге қарсы екенімізді айтқан болатынбыз. Мұның бір кілтипаны бар. Дәл қазір қай конвенция екені есімде болмай тұр. Сол бір халықаралық конвенцияның шарттары болды мынадай: «егер мемлекетте балаларды тәрбиелеуге, бағуға жағдай болмай жатса, соғыс, жер сілкінісі болып, мемлекет жағдайы қиындаса» деген сияқты дүниелерді қадап-қадап айтып келеді де, содан кейін ғана балаларды шетелге беруге болады дейді онда. Соны оқып зерделегеннен кейін біз өз алдымызға ел болдық, дербес өз отауымызды тіктік. Енді шетелге бала сатқанымыз қалай болады деген сауалдар тастаған едік. Ертең ол бала ер жеткенде мені шетелге жіберген кім екен, сол адамдарды қарғайын десе не дер едік, көрде қалай тыныш жатамыз? Осы жағын ойланған ешкім болмады. Сол кезде осындай мәселемен айналысатын қырық шақты ұйым болды. Олардың біразы ресми тіркелмеген. Олар әрине ақша үшін барын салып бақты. Енді келіп кейбір депутаттарымызды сол ұйымдар тегін Америкаға дейін апарып келді. Барып келген депутаттар сурет альбомдарын алып келіп, ойбай балаларды шетелге беру керек екен, бізде бұл жағы дамымай қалыпты деген сияқты пікірмен оралды. Оны айтып жүргендер бала көрмегендер, тіпті тұрмысқа шықпаған депутаттар болды. Сонда мен айтамын оу ағайын сендердің ойларың қалай өзі, недеген сұмдық. Шетелге бала жіберу керек деген деймін. Ал, Президент халқымызды көбейтуіміз керек дейді. Өзіміз ел болғаннан кейін санымызды арттыруымыз қажет, сапалық жағын бұдан да жоғарылатуымыз керек деп отыр. Дәл қазір есімде жоқ. Шамамен 8 мыңдай бала шетел асқан шығар. Біздің үкімет бұл мәселені зерттей бастаған еді. Ақыры көптеген балалардың қайда кеткені де белгісіз болып қалды ғой. Бейресми деректерге сүйенсек балалардың мүшелерін пайдаланатын көрінеді. Қазіргі депутаттар мен үкімет мүшелерінің есінде қалмаған сияқты. Елбасының бір айтқаны әлі менің жадымда. Елбасы «тәуелсіздікті ең алғаш алған жылдары көп конвенцияларға қосылдық. Сол конвенцияларға біз тереңірек үңіліп бара бермеген шығармыз. Егер біздің мемлекетіміздің мүддесіне қайшы келетіндері болса, олардан неге шығуға болмайды. Шығуға болады», деді. Бірақ Президенттің бұл айтқанын ешкім жүзеге асырып жатқан жоқ. Мынау біздің ұлттық мүддемізге дұрыс келмейді екен, ұлттық құндылықтарымызға қайшы келеді екен, деп кейбір халықаралық конвенциядан шығып жататын болсақ, онда еліміздің есейгені деп ойлаймын. Ол халықаралық шартты бұзуға жатпайды. Баланы беру немесе бермеуде міндетті деген ештеңе жоқ. Бірақ конвенцияға қосылғаннан кейін елде зілзала, соғыс тағы сол сияқты баланы алаңсыз бағып-қағуға мүмкіндіктер болмай қалған жағдайда шетелге асырап алуға беруге болатынын ескеруіміз қажет. Бұл халықаралық әлгі конвенцияда атап көрсетілген. Сондай жағдайда ғана беруге болады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейді деп ойлаймын. Егемен ел екенімізді айдай әлемге танытқымыз келсе, өз уығымыз бар, өз ошағымыз, өз Отанымыз бар. Күндердің күнінде бұл мәселеге тоқтау салып бір жолата шешпесек болмайды. Бізде демографиялық жағдай да жақсы болып тұрған жоқ. Бала туу көрсеткіші де мәз емес. Қартаю көбейіп келеді. Осындай жағдайда егер біз болашағымызды ойлайтын болсақ, балаларды шетелге тәрбиелеуге беру-бермеу мәселесін түбегейлі шешуіміз керек. Онсыз болмайды. Конвенцияға қосылдық сонымен болды деп қарауға әсте болмайды. Бұған қосылған елдер қаншама даму кезеңдерінен өтті, қаншама тәжірибе жинады, қаншама жылдар өткізді, қаншама ел халқының рухани байлығын түгендеп алды. Сөйтіп есейгеннен кейін өздеріне тиімді болатын халықаралық шарттарға қол қойып, қосылды. Ал, біз аяғымызды апыл-тапыл басып келе жатып, анаған да, мынаған да қосылып кеттік. Соның зардабы бүгін байқалып отыр. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтады: «Біз буржуазиялық Батыстық жолды таңдауымыз керек. Бірақ, біз өзіміздің ұлттық тарихи ерекшеліктерімізді ескеріп отыруымыз керек» дейді. Ал, Шоқан Уәлиханов айтады: «Діні бөлек, тілі бөлек отырықшы қалыпқа дайындалған сот реформасын діні бөлек, тегі бөлек көшпенді халыққа пайдаланатын болсақ, бұл тұрпайылық болар еді» дейді. Осыдан артық не керек. Сұмдық ойлар ғой бұл. Бірақ, біз осындай ойларға бара алмай келеміз. Бару керек. Кешегі алаштықтардың, Шоқандардың рухани биік ойларына терең бойласақ, бүгінгідей ұлт жанына бататын қадамдар жасамас едік. Сондықтан, шетелге бала сату мәселесін ұлттық тұрғыдан, мемлекетшілдік тұрғыдан ойланып, оңтайлы шешімін шығаруымыз қажет. Шетелге кеткен балаларымыз жайлы бірлі-жарым жағымсыз оқиғаларды естіп жатамыз. Бұл белгілісі ғана. Ал, қаншама баланың тағдыры не болып жатқанын ешкім де білмейді. Ішіндегі тәуірлерін ғана көрсетіп, ол жақтағы жағдайлары керемет деп есеп үшін өтірік көрсете салу оңай болып тұр. Газеттен оқыдым. Біз сені Қазақстаннан асырап алғанбыз, сен өз еліңді білуің керек дейтіндері болатын көрінеді. Бірақ барлығы бірдей дәл солай қамқорлық жасайды дегенге сену қиын ғой. Баланың тағдыры біздің қоғамымыздың тағдыры, бүгінгі баланың тағдыры ертеңгі келешегіміздің тағдыры. Егер бұған қалай болса солай қарасақ, онда өзіміз келешегімізге қалай болса солай қарағанымыз деп есептеймін.