Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс cюжетті рольді ойын «Аурухана»»
БҚО, Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББМ-ң әлеуметтік педагогы Серғалиева Бейбитгүл Есенкелдіқызы
Бастауыш сыныпта оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс
Сюжетті рольді ойын «Аурухана»
Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды қоршаған ортада өзін ұстау мәдениетіне үйрету. Мұғалім: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Саламатсызба Мұғалім: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер? Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі. Мұғалім: Ендеше бугін қандай ойын ойнаймыз.
Балалар: Аурухана. Мұғалім: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын. Ана (Шынар): Саламатсызба дәрігер Дәрігер: Саламатсызба Ана (Шынар): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші. Дәрігер: Қашаннан бері ауырды? Ана (Шынар): Кешеден бері
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз. Ана (Шынар): Рахмет дәрігер, сау болыңы
Әке (Бекұлан): Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. Дәрігер (Еркебұлан): Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз.
Әке (Бекұлан): Рахмет, сау болыңыз Дәрігер (Еркебұлан): Сау болыңыз Мұғалім: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі.
1.Шынар: Ақ халатты киетін Аппақ болып жүретін Аппақ болып жүргенді Өзім қатты сүйемін 2. Бекұлан: Іш ауырса, тіс ауырса Маман дәрі береді Барлық бала, барлық ана Оны жақсы көреді Мұғалім: Өз рөлдерін шебер орындаған оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз