Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын күз. ертеңгілік»
Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»
Мақсаты:Балаларды «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінбалалардың санасына жеткізу. Өздерін еркін ұстауға, сахна этикасына тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші:
Алтын, алтын сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Балабақшамызда дәстүрлі .
Мерекеміз бұл да бір.
Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Күзгі балды тойлауға ,
Шақырамыз сіздерді.
Сахналақ қойылым:
Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шағын әңгіме құрастырып отырған бала отырады. Әрі- бері жүріп үстелге отырады.
Аяна:
-Сәлем,Аяна,не істеп отырсың?
Аяла:
-Достым, Аяна, үйге күз тақырыбында шағын әңгіме құрастыруға берген.Көмектесші.
Аяна:
-Аяла, оған қиналатын несі бар. Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойлан, содан кейін маған айтып бересің.
(Аяла ойланып жаза бастайды.)
Аяла:
Күз келді,күн суыта бастады,жапырақтар сарғайды,құстар жылы жаққа ұшып кетті деп ұйқыға кетеді. Дауысы біртіңдеп бәсең дейді.
Би : «Күз»
Балалар ән залына жүгіріп кіреді.
(Аяна мен Аяла сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )
Аяла:
-Біз қайда келдік?
Күз:
-Мен күзбін .Менің айларым –еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы ,берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.
Ән:«Осень наступила»
Жүргізуші:
-Балалар сендер әнді тамаша айттыңдар,енді сендерге жұмбақ жасырып көрейін шешуін таба аласыңдарма екен?
1.Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)
2.Бұл недеген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)
3.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.(қызылша)
Жүргізуші:
-Күз мереке, күз ырыстың белгісі Күздің бізге бақыт –байлық бергені,- деп күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық. «Көкөністер дауы» қойылымы.
Айназ:
Өнім биыл тамаша
Көз тоймайды қараса
Сәбіз, картоп, кәдішпен
Қып-қызыл піскен қызанақ.қырыққабатқа қарашы
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.
Көкөністер:
Жиналып қаппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізде адамға
Тиеді көп пайдамыз.
Бұршақ-Сырым:
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмі тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша-Аяла:
Менде бір сөз айтайын
Мақтанайын бәріңе
Менсіз борщ болмайды
Винегретте үстелде!
Қияр-Жантөре:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Шалқан-Мұхамедали:
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!
Сәбіз-Аяна: Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де! Қызанақ-Жанали: Піскен кезде қызанақ; Көз тартар қызыл түсімен. Бар ма адамсүйсінбей Томат шырынын ішпеген? Қырыққабат-Айзере: Мақтанғаннан не пайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана. Картоп-Мөлдір: Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар! Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық. Көкөністер: Жиналып каппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? Жүргізуші: Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер!
Жүргізуші:
-Далаға қоңыр күз келді.Жемістер көкөністер пісіп,жерге түсіп жатыр.Аңдар
соны жинап , қысқа дайындалып жатыр.Орман ішін аралап бір қоян келе жатты.
Сахналық көрініс:
«Алма» ертегісі.
Жүргізуші:
Алтын нұрдай тамшылап Жапырақтар төгілді Біздің өмір таң –шуақ Біздің өмір көңілді – деп ендігі кезекті «Әдемі жапырақтар» биіне берейік. Жүргізуші: