алтын күз мерекесі туралы тәрбие сағаты. Оқушыларды күзгі еңбек түрлерімен, жемістерімен таныстыру. Бұл тәрбие сағаты оқушыларды еңбекке,тазалыққа тәрбиелейді
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Берекелі,мерекелі алтын күз»
Берекелі, алтын күз Мерекелі, алтын күз
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға күз сыры жайлы мағұлмат бере отырып, күз туралы түсініктерін молайту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Дамытушылық: Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсету шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, жемістер мен көкөністер көрмесі. Жапырақтар мен шарлар. Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз. Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар оқушылар. Біздің бүгінгі «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Күз мерекесі бүгін біздің мектебімізге келіп жатыр. Күз мерекесін еңбек адамдары, ауыл, қала барлық жерлерде аталып өтеді. Жер ана мен табиғаттың адамға берген байлығын паш ету мерекесі. Ертеңгілігімізді бастаймыз. 1. Жүргізуші: Бірінші құттықтау сөз мектеп директоры______________
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________ тәрбие ісінің меңгерушісі _______________________ беріледі:
2. Жүргізуші: Армысыздар халайық Бармысыздар халайық. Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық.
1. Жүргізуші: Келді міне алтын күз Талдарға алқа тағатын Халқымыздың еңбегін Табиғатта бағалар 1 оқушы: Күз дегеніміз – байлық, молшылық, тоқшылық. Күз дегеніміз – жер ананың дарқан дастарханы. Себебі күзде барлық жеміс – жидек, көкөністер піседі. 2 оқушы: Алтын күз аталу себебін білесіздер ме? Себебі айнала сары түске боялып, алтындай болады. Ал алтын байлықтың белгісі. 2 жүргізуші: Балалар енді ортамызға алтын күзді шақырайық. оқушы : Берекелі, алтын күз Мерекелі алтын күз. Хормен: Сәлеметсіз бе Алтын күз. Күз: Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын жаз Сары алтындай малынған Алтын күз деген мен болам Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар. 1 жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап, Шақырады жарқын күз. Сайраңдаған күліп ойнап, Келді міне, Алтын күз 2 жүргізуші: Балалар барлығымыз бір ән айтайық. Хор «Алтын күз»
Күз: Оқушылар қазір біз «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.
1. Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес дәмі Оның аты ... . 2. Кіп – кішкене болса да Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып Танисың ба ... . 3. Жапырақты тасалап Өсетін жері бақша – бақ. Күрең қызыл шіркін – ай Оның аты ... .
1. Жүргізуші: Көрініс «Бақшадағы айтыс» (оқушылар өз өнерлерін көрсетеді)
Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады: Аида (қияр): Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күймде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне.
Рауан (картоп): Мен ұялшық картоппын, Мен емесепін мақтанар, Мені жақсы көреді, Үлкендермен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық.
Рашида: (Ас бұршағы): Кішкене түймедеймін мен, Ұнаймын және бәріне, Дәмді салаттарыммен , Сый жасаймын бәріңе.
Айзере (пияз): Боламын мен демеуіш, Барлық- барлық тағамға. Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға.
Айрайлым (сәбіз): Кім бар сәбіз шырынын, Жастайынынан ішпеген. Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де.
Балнұр: (шалқан) Кім білмейді шалқанды, Дәмімді татып таң қалды. Бәріне сый боламын, Тауып көр менен дарқанды.
Мәди (қырыққабат): Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда. Мені қосса самсаға. Жейді бәрі тамсана. Бекзат (қызанақ): Піскен кезде қызанақ, Көз тартар қызыл түсімен. Барма адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген.
Бекзада: (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге Менсіз борщ болмайды, Винегрет те үстелге.
Бегімай (Асқабақ) Іші сары, сырты қатты, Дәні-дәрі, дәмі-тәтті. Пісіріп жесең ас тамақ, Мұның аты асқабақ.
Санжар: Көкөністер бәрі де , Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер.
Ақжүніс: Барлығың да дәмдісіңдер, Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер, Дастарханның сәнісіңдер.
Күз: Балалар енді «Дәмін тат та, атын айт» ойынын ойнап жиберейік Жүргізуші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен,яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.
1-: Алма пісіп, алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып Қимас үнмен сайрайды.
2-: Ой балалалар балалар, Қоңырқай күз келіпті. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.
3-: Жапырақтар сылдырлай, Алтын күз міне келіпті. Туған жерін қия алмай, Ұшып бар құстар кетіпті.
1 жүргізуші:Балалар енді жұмбақ шешейік. 1. Түйіп байлап көктемде Қызарып жаз жеткенде. 2. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. 3. Сырты тас, іші қуыс бөлек – бөлек. 4. Жер бетінде шашы бар. Жер астында басы бар. Хор: 2 жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың өнері ұнады ма? Күз: Рахмет, балалар бүгінгі мереке маған ұнады. Менің орманға баратын уақытым болды. Берекелі бақ дәулет Арта түссін тойланып Сау болыңдар баршаңыз Келгенше жыл айналып. Мұғалім: Күз ұсынып егісі мен жемісін Әкеліпті халыққа бір молшылық. Сары жапырақ алтындай болып төгілсін Елімізде болсын әркез көпшілік – дей келе, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.