Ма?саты: о?ушыларды шапша?ды??а, тап?ырлы??а т?селдіру, тіл байлы?ы, ой-?рісін дамыту, ана тілін с?йіп, оны ??рметтеуге т?рбиелеу.
М??алім сайыс?а ?атысатын о?ушыларды ша?ырып таныстырады. «Болаша?» тобы ж?не «Парасат» тобы.
-??рметті ?стаздар! Сіздер б?гінгі бізді? «Білім-асыл ?азына» атты сыныптан тыс саба?ымыз?а ?атысып отырсыздар. Енді ?деттегідей сайысымызды бастамас б?рын ?діл ?азы ал?аларымен танысып алайы?. Сайыс саба?ымызды? шартын т?сіндірейін. ??рметті ойын?а ?атысушылар! Мына мені? ?олымда ?ріптер бар. Мен ?азір сіздерге ?сынамын. Ал сіздер ?ала?ан ?ріпті та?дап аласыздар. Ары ?арай осы ?олдары?ызда?ы ?ріптен басталатын ма?ал-м?телдерді немесе жауапты айтып отырасыздар. Топ басшыларына жеребе ?сынылады,?ай топ 1 деген санды алса, сол топ ойынды бастайды.
I. « Тап?ырлар аялдамасы» ( ?ріпке байланысты ма?ал-м?телдер ??растыру)
1) ? ?ке к?рген о? жонар, шеше к?рген тон пішер
2) ? ?ана?ат ?арын той?ызар.
3) Т Т?гел с?зді? т?бі бір, т?п атасы – Май?ы би
4) А А?а алдында пейілі?ді к?рсет, Іні алдында мейірі?ді к?рсет
Просмотр содержимого документа
«Білім-асыл ?азына»
Гүлжан Дәуренова
Т.Әубәкіров атындағы
жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Түлкібас ауданы
Білім-асыл қазына
Мақсаты: оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа төселдіру, тіл байлығы, ой-өрісін дамыту, ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім сайысқа қатысатын оқушыларды шақырып таныстырады. «Болашақ» тобы және «Парасат» тобы.
-Құрметті ұстаздар! Сіздер бүгінгі біздің «Білім-асыл қазына» атты сыныптан тыс сабағымызға қатысып отырсыздар. Енді әдеттегідей сайысымызды бастамас бұрын әділ қазы алқаларымен танысып алайық. Сайыс сабағымыздың шартын түсіндірейін. Құрметті ойынға қатысушылар! Мына менің қолымда әріптер бар. Мен қазір сіздерге ұсынамын. Ал сіздер қалаған әріпті таңдап аласыздар. Ары қарай осы қолдарыңыздағы әріптен басталатын мақал-мәтелдерді немесе жауапты айтып отырасыздар. Топ басшыларына жеребе ұсынылады,қай топ 1 деген санды алса, сол топ ойынды бастайды.
I. « Тапқырлар аялдамасы» ( Әріпке байланысты мақал-мәтелдер құрастыру)
1) Ә Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
2) Қ Қанағат қарын тойғызар.
3) Т Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би
4) А Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет