kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?гін Же?іс! Б?гін той! Шаттан ?лем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?гін Же?іс! Б?гін той шаттан ?лем!

к??ілімдей кіршіксіз аппа? ?уен.

же?ісімні? жемісін тойлап б?гін

же?іс жырын шыр?аймын а?тара мен.

отан деген ??ым ?андай ке? болса, сол отан?а деген с?йіспеншілікте сонша болуы керек.

с?йінші хал?ым с?йінші,

белі?ді бекем буыншы.

же?ді? жауды к?йрете

жаасасын той мереке

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?гін Же?іс! Б?гін той! Шаттан ?лем! »

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шара сценарийі

Өтетін жері: Қызылтөбе мәдениет үйі

Өтетін орны: 6 мамыр, сағат: 16-00

Мәдениет үйінің алаңына флагштоктар қойылып, сахнасы тақырыпқа сай безендіріледі.


Фанфар ойналады.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

  1. Жүргізуші:

Бүгін Жеңіс! Бүгін той! Шаттан әлем!

Көңілімдей кіршіксіз аппақ әуем.

Жеңісімнің жемісін тойлап бүгін,

Жеңіс жырын шырқаймын ақтара мен.


Аналарға жұтқызып зар қасірет,

Соқпай қалды сен үшін қанша жүрек.

Жеңіс! Жеңіс! Қымбатсың сондықтан да,

Сондықтан да бейбіт күн- барша тілек!


  1. Жүргізуші:

Жеңіс- деген өтеуі жас ғұмырдың,

Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

Жеңіс тойын жақындатып әкелген-

Төккен қаны әке, аға, бауырдың.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ардагерлер және аудан тұрғындары! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашанда да ұмтылуыға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

2-жүргізуші: Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бегельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Төлеген Тоқтаров, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев, ұшқыш Хиуаз Доспанова сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымыздың аттары тарих бетінде «Батыр» деп жазылды.

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

  1. Жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса-дағы ғасырдың бұл қай жылы

Әрқашан да басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.


Орнымыздан тұрып соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут еске алайық.

Метроном дыбысымен бір минут үнсіздік жарияланады.

  1. Жүргізуші:

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Хабарлаусыз Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

  1. Жүргізуші:

Құттықтау сөз аудан әкімі Әбілов Елубай Жақайұлына беріледі.

2-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем шуақ- 9 май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

 

1-жүргізуші:  Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы 9 май күні.

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Ән:

1-жүргізуші: Елімнің қаhарманы, батырларым,

Білемін жауды ойрандап  жапырғанын.

Жау жүрек, тас түлектің іздері де,

Баян ғып айбынының жатыр бәрін.



2-жүргізуші:  Сенің атың бір қуаныш, бір қайғы,

Сен сыйладың шуақты күн, нұрлы айды.

Мың- миллион боздақ болып арманды,

Жылда бізге Жеңіс қолын бұлғайды.

  « Қазақ биі»

 

1-жүргізуші: Отан деген ұғымның аясы қандай кең болса, сол Отан анаға деген перзенттік сүйіспеншілігі сондай мол ұлдарының, әсіресе, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің майдан даласында өрт құшағында жүйкелері мен жалынға оранған жаралы жандарды соғыстың сұрапыл күндерін, етегімен қан кештірген қасіретті сүрлеуі ешқашан ұмытылмайды.

Халықтың Қаhарманы- Қасым батыр

Атағы бар әлемге тарап жатыр

Ерлікті іздемейік басқа жақтан

Партизан, Қасым атаң алдыңда тұр.

2-жүргізуші: Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған.

Ән: Катюша

1-жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші

Беліңді бекем буыншы.

Жеңдің жауды күйрете

Жасасын той мереке!

 

2-жүргізуші: «Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып,

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соң сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

 

 Көрініс:

1-жүргізуші: Ардагерлер, ардагерлер, тарландар,

Мәңгілікке аңыз болып қалғандар.

Қаhармандар, қанды шайқаста жеңгендер.

Сау болыңдар, ардагерлер әліде болса талмаңдар.

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

2-жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен- аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

     1-жүргізуші: Баршаңыздың отбастарыңызда қуаныштарың арта берсін, көңіл күйлерің шалқи берсін! Рухтарыңыз биік, мәртебелеріңіз көкке тиіп, өз ұрпақтарыңның қуаныштарына, ел жұрттарыңның құрметтеріне бөленіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін бір тойлауға қатыса беріңіздер. Осымен «Жеңістің туы желбіре!» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Б?гін Же?іс! Б?гін той! Шаттан ?лем!

Автор: Жексенбаева Жанар Сундетбаевна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210842


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства