Бүлдіршіндердің қуанышы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ЭКСПО-ның жарық шамдары аясындағы-Жаңа жыл» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға 28 бала жетім және ата-аналар қамқорлығынан айырылған, 46 мүгедек балалар қатысты.
Ауданымыздың белгілі кәсіпкерлері М.Т.Науразбаев, З.Р.Жақсыбаев, О.Р.Сартаев, А.Т.Агимбеков, А.Г.Сарбасов, И.С.Нургожина, Баянауыл аудандық соты демеушілік жасады. Балаларға жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, құрастыру ойындары, тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар үлестірді. Жетім және ата-анасының қамқорлығнан айырылған 5 студентке кәсіпкер М.Т.Науразбаев ұялы телефон табыстады. Ұялы телефон иелері: Н.К.Есжанов, Ж.Силалбекқызы, М.Әубәкір, А.Қайролла, М.Солтахов.
«Мерекелік концерт өте қызықты болды. Менің арманым орындалды. Сіздерге бақыт, денсаулық тілеймін және анамның ауырып жүрген қолы тез жазылса екен»,-деп З.Ақышев атындағы ЖОМ-нің 4-сынып оқушысы Диас Бекбаев жүрек жарды тілегін білдірді.