даярлы? сыныбында 8 наурыз мерекесіне арнал?ан т?рбие са?аты
Даярлы? сыныбында 8 наурыз мерекесіне арнал?ан т?рбие са?аты
Даярлы? сыныбында 8 наурыз мерекесіне орай "Сыйынар ем Ана деген т??іргі " атты т?рбие са?аты ?ткізілді.Ма?саты: 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы ма?л?мат беру.О?ушыларды наурыз айыны? ерекшелігімен таныстыру. Ананы? ?адір ?асиеті туралы ма?л?мат беру.
Балаларды? ой ?рісін танымын, ана?а деген с?йіспеншілігімен ??штарлы?ын одан ?рі дамытып,?лкенге ??рмет, кішіге ізет к?рсете білуге т?рбиелеу. Ананы? махаббатын аялау?а, ана мейрамын ба?алау?а т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«даярлы? сыныбында 8 наурыз мерекесіне арнал?ан т?рбие са?аты»
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Күні:06.03.2015жыл
Тақырыбы: Сыйынар ем Ана деген тәңірге
Сценарий мақсаты:
Білімділігі 8 - наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру.Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту. Тәрбиелігі: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Барысы:
Күй ойналып тұрады,Ортаға мұғалім шығып сөз бастайды.
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі аналар, сіздердің құрметтеріңізге «Сыйынар ем ана деген тәңірге » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ал қазір сіздердің қошеметтерінізбен ортаға сіздердің кішкене балапандарыңызды қарсы алайық. Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)Би аяқталады балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар! Тақпақтарын айтады.
1. Анамның түссе қабағы, Шаттанып мен күлмеймін. Өйткені мен анамнан Жақын жанды білмеймін. Айжан 2. Қандай бала болмайық, Анамызға дәріміз. Асел Көтерсінші көңілін Бәрі: Ән салайық бәріміз. ӘН «Жан анам»
1.Құдіреттен жаралған
Тең келе алмас жан адам
Алыптардың алыбы
Ол өзімнің жан анам.
Қ-сы: Мейіріміне қанбаймын
Ең бақытты жандаймын
Ақ мамама ешкімді теңестіре алмаймын.
2.Қабағыма қараған
Көңілімді таба алған
Ең ақылды адам да
Ол өзімнің жан анам
Қ-сы:
3.Бейнетімнен қашпаған
Еңбегі үлкен басқадан
Ол өзімнің анашым
Жүрегі кең жақсы адам
Қ-сы:
Ойын Ал қазір біз ата – аналар мен балаларды ортаға шақырып ойын ойнасақ. Күй ойналып тұрады. Ата – аналар кезекпен көздерін жұмып өздерінің балаларын тауып алулары қажет. Сипап сезу арқылы өзінің баласын тауып алу керек.
Би: Гүлдер биі Ұлдар мен қыздар
Келесі тағы екі оқушының тақпағын тыңдайық.
3. Сенімінді ақтайды, Еркелеткен балашың. Аман жүріп әрқашан, Жантолы Мұңаймашы,анашым. 4. Тыным таппай күнімен, Ұйқы көрмей түнімен. Нариман Бар тірлігін тындырып, Бірге ойнайды менімен.
Барлығы бірге :
Мерекеңмен өзінді, Құттықтайды балашың. Арнап айтқан әнімді, Қабыл алшы, анашым. Құрметті ата – аналар сіздердің құрметтеріңізге Анашым әнін қабыл алыңыздар.
Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана»дипломына ие болады.
Би: қазіргі заманға сай би. Әні орындалады сол кезде балалар биді бастайды.
Балалармен ойын:Ойын: Құрметті ата аналар балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар. Ой ын шарты: Орындыққа гүл қоямын. Ортада екі ұл мен екі қыз вальс билейді. Музыка тоқтаған кезде екі ұл бала жүгіріп барып орындықтағы гүлді алып өзінің билеген қызына ұсынады. Қайсысы бұрын гүлді алса сол жеңімпаз болады.
Айжан : Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі
Жүргізуші:- Құрметті ақ жаулықты әжелер Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген ұлы сөз бар қазақта сол себепті келесі әнімізді сіздерге арнаймыз
Ән « Ақ әжем»
1.Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
2.Шай қайнатып келейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәті бал әжем.
Ойын ата - аналармен: Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Әнді жалғастыр!»ойынын ойнату арқылы, әншіліктерін тексеремін.
Ойынның шарты: Бір топтың аналары ән бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші ана!» дипломымен марапатталады.
Тәрбиеші: Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Тәрбиеші: Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы анашым! Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.
Ата – аналардың құттықтау сөз кезегі.
Жүргізуші: Өмірде ана – бұлақ, ана – пана Өмірді өркендетер ана ғана, Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық ана – қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз дей отырып, бүгінгі шағын кешімізді «Көктем келді» әнімен аяқтаймыз.