« Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, мен ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар.Соны іздеп тап, қадірле, қастерле,- депті.
Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып ел кезеді, таба алмайды. Ойы он саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі бір абзал қарияға келеді.
- Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой... Бәріміз де сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбатқазына жоқ, - деп аталы сөздің шешуін айтыпты». (Ел аузынан)
Жүргізуші:
Ана тілім - әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой – санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
2.Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру
(6 оқушы өздерін таныстырып өтеді)
3.Әділ қазылар алқасымен таныстыру
4.Ойынның шартымен таныстыру
I айналым «Бәйге» Ойынға 6 оқушы қатысады. Жеребе бойынша әр оқушы
6 тақырыптың бірін таңдайды.Тақырып бойынша
10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
II айналым «Жорға» Ойынға 5 оқушы қатысады. 5 ұяшық беріледі. Ұпайы аз
оқушы бір ұяшықты таңдап,1 минут уақытта оқылған
сұрақтарға үлгергенінше жауап береді. с
Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
III айналым «Дода» 3 оқушы ойнайды. Ұпайы ең көп оқушы бастайды.
3 тақырып беріледі. Таңдаған оқушы жауап береді.
Жауап бере алмаса, қарсыластарына жауап беруге
болады.
1-тақырып. «Табиғат өлеңменен сыр шертеді » 20 30 40 50
2-тақырып. «Шешен кісі – сөз бастар » 20 30 40 50
3-тақырып. «Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл » 20 30 40 50
IV айналым «Шешендік өнер » сайысы. 2 оқушымен ойналады.
«Тіл – қымбат қазына » тақырыбы бойынша мәтін
құрастырылады. 1 минут уақыт беріледі
(Ұпайы көп оқушы шығады)
Әр оқушы өз шығармасын ұсынады.
I айналым «Бәйге»
Жүргізуші: - Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Біліммен бүгін жарысып,
Тәрбие, тәлім алар ма?
- Әр оқушы ұсынылған 6 тақырыптың бірін таңдайды.
Тақырыптар: 1.«Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»
2. «Поэзия! Менімен егіз бе едің?..»
3. «Менің сүйікті кейіпкерім»
4. «Сөздің көркі – мақал»
5. «Жұмбақ»
6. «Жалпы тақырып»
1. «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» (Тіл)
1. Мемлекеттік тіл - .... (Қазақ тілі)
2. Ең көп тараған тіл? (Қытай)
3. Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріптен)
5. Қазақ тіліндегі сөз табының саны (Тоғыз)
6. Мен, сен, сіз, ол, біз сөздері (Жіктеу есімдіктері)
7. Кімнің? Ненің? Қай септіктің сұрақтары? (Ілік септігі)
8. Жұрнақтың түрі (Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
9. Есімдіктің екінші атауы (Орынбасар сөздер)
10. Сөйлеушінің сөйлемдегі айтылған ойға қатысты әр алуан көңі күйін
білдіретін сөз табы (Одағай)
2. «Поэзия!
Менімен егіз бе едің?..»
1. «... Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауратқан таңдардан сені іздедім.
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
... Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?..» Авторы кім ? (М.Мақатаев)
2. «Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған». Өлеңнің аты, авторы.
(«Өзен», Ы.Алтынсарин)
3. «Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!».Өлеңнің авторы.
(Абай Құнанбаев )
4. «Жауар деп тұрды халқым үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға құрап тұрған жаумай кетіп». Шығарма аты.
(«Қара бұлт», А. Байтұрсынов)
5. «...Жаманнан туған жақсы бар –
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар –
Күндердің күні болғанда
Жарамды бір теріге алғысыз...» Авторы кім?
(Махамбет, «Тайманның ұлы Исатай»)
6. «Ерлік, елдің, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойдың бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!». Өлеңнің аты, авторы.
(«Қазақ тілі», М. Жұмабаев)
7. «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй ». Авторы кім? (Абай Құнанбаев)
8. «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!» Авторы кім?
(«Мен – қазақ » С. Торайғыров)
9. «О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен ержетер ме екенсің?..
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?..
Бадана көз тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?» Өлеңнің авторы(«Ақтанға» Дулат Бабатайұлы)
10. «Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!» Авторы кім? («Ана тілің – арың бұл» Қ. Мырзалиев)
3.«Менің сүйікті кейіпкерім »
«...Ақ бетінің қызылы –
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары –
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы –
Айбалтаның сабындай...
Оймақ ауыз, құмар көз
Іздеген ерге табылды-ай». ( Ақжүніс )
«Ай, көсе екенсің, жұртты қуартқан қу ма екенсің?! Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің?! Қу болсаң да, сұм болсаң да, менен дәм тата алмассың » дейді бай ішінен. ( Шығайбай)
«Ол әділ би болды. Тура билік ететін еді. Нашарларға қарасты. Өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тымағы мен тонына қарап: «Ай, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!... Әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл!» деп көңілін басушы еді дейді.» ( Аяз би )
«...Ел тұрып, қорасының айналасын күрей бастағанда, адам сүйреткен дәу шана шөп, бір атты үстіне салып, бір атты артына байлап, Масликовтың қорасына кірді. Бұл алып күштің кім екенін білу үшін Масликовтың қорасына келгенше топ – тобымен қала адамы шананың артынан ерген еді...» ( Қажымұқан )
«Балықтың қабырғасын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Меккеден он жыл іздеп, әрең таптым.» ( Тазша бала )
«...Бір аяғы суда. Мұздай су қарыған аяғы әрі – беріден кейін дауылдап ашып, қатты азап шегіп, ыңырсып жатты да, қайта ұмтылды. Көшкен мұзға қолы ілінбеген соң, енді тырнағын салды, көп ұзамай қалжырады, бауырын мұздан көтере алмай , бір уыс боп жиырыла түсті де, қайта жазылып сұлық тоқтады...» ( Андрей )
«...Ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да садағы, азығы да садағы. Садағымен жолында кез келген аңды атып жеп отырады. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінді. Өлдім – талдым деп келіп белге шықса,қарауытқан қалың жылқы көрінді...» ( Ер Төстік )
«...қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып, солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де, қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті.Маған қарады да, өзінен-өзі жымиып келді:
- Күн ыстық, ә, - деді.» ( Аян , «Жусан иісі »
9. «- Қазақ та өз атына ие болар.Ол заман да туар. «Қазақ, қазақ»
деп тек ұлтыңның туын көтерер болсаң, қыңыр кетесің. Мүдде – тек
бір ұлттың ұлы болуда емес, адамның, адамзаттың ұлы бол! »
(Тұрар Рысқұлов,«Тұтқын бала », Шерхан Мұртаза )
10.«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім ?» ( Махамбет )
4.«Сөздің көркі – мақал »
1. Өз елің - ... ( алтын бесігің )
2. Жері байдың .... бай ( елі )
3. Жаңбырменен жер көгерер,
.................................. (Батаменен ел көгерер)
Білекті бірді жығады,
................................. ( Білімді мыңды жығады)
Күшіңе сенбе,
........................ ( Ісіңе сен. )
6. Жол қадірін жортқан білер,
Сөз қадірін ....................... (айтқан білер )
7. Өнер алды - ... (қызыл тіл)
8. Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан .................... (жүйрік жоқ )
Ойнап сөйлесең де, ......... (ойлап сөйле )
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім - ...................... (таусылмайтын кен )
5. Жұмбақ
Өзім – арық,
Ізім - әріп. (Қалам )
Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді». (Бор )
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (Кітап )
Аяғы бар,
Белінде таяғы бар. («А» әрпі )
Аяғын бір жерге тірей қалып,
Шеңбер сызады шыр айналып. (Циркуль )
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (Карта )
Қадалған бір ине
Нүктедей түймеге. (Леп белгісі )
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап )
Естілмейді құлаққа,
Көрінбейді бірақ та. (Дыбыс )
Қара төбе, қоңыр төбе, көк төбе,
Бұл маңайда мұндай түсте жоқ төбе.
Барлығы да бір – ақ түсте сияқты,
Сол түстегі қаланы сен тап, кәне. (Ақтөбе )
Жалпы тақырып
Екі ақынның сөз сайысы (Айтыс )
Абайдың шын аты (Ибраhим )
«Мұғалім» сөзіне синонимі (Ұстаз )
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит,Үкілі Ыбырай кімдер?
(Әнші - ақындар)
Қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп бес түрге бөлген ғалым-ағартушы (Шоқан Уалиханов)
«Қазақ хрестоматиясы» алғашқы оқулықтың авторы.
(Ыбырай Алтынсарин )
Жыр алыбы (Жамбыл Жабаев )
Қазақстанның халық жазушысы, ақын, журналист, қоғам қайраткері, жыр падишасы (Фариза Оңғарсынова)
«Қазақ тілі » М. Жұмабаев ( Абдуалиева Шынар жатқа оқиды)
I айналымның қорытындысы шығарылады. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
Жүргізуші:
- Ал, келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Сайысып, кәне, көріңдер!
II айналым « Жорға »
Бұл айналымға 5 оқушы қатысады. 5 ұяшық берілген. Ұпайы көп оқушы бір ұяшықты таңдап, 1 минутта үлгерген уақытына сәйкес сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
I
III
V
II
IV
I ұяшық
1.Мағыналары бір-біріне жақын, дыбысталуы әр түрлі сөздер (Синонимдер)
1. Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. (Лексика)
2. Омоним, синоним және ......... (антоним)
3. «Д» - қандай дауыссыз дыбыс? (Ұяң)
4. «Су жүрек » тұрақты тіркесінің мағынасы. (Қорқақ)
5. Екі не одан да көп түбірден жасалған сөз. (Күрделі сөз)
6. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы. (Махамбет)
7. «У» - қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да бола алады)
8. Лондон олимпиадасының бокстан чемпионы (Серік Сапиев)
9. Жамбыл кімнен бата алды? (Сүйінбай ақыннан)
10. «Күз», «Қыс» өлеңдерінің авторы. (Абай)
«Ана тілі » Ғафу Қайырбеков (Айтқалиева Жансауле жатқа оқиды)
II айналымның қорытындысы шығарылады. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
III айналым «Дода »
( 3 оқушымен ойналады.)
1-тақырып. «Табиғат ақын жүрегімен»
20
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай. Өлеңнің аты? (Күз)
30
Атақты «Көкшетау» поэмасының авторы. (С.Сейфуллин)
40
«Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған желі лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып теңселіп, ырғалып қалды. Маңайдан жазалардың, жас шөптердің иісі келеді. Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында да терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрын қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар». Үзінді қай шығармадан алынған? («Көксерек» М.Әуезов)
50
«... табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілі туралы мезгілін суреттейтін өлеңдері – күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы жырлар» деп бағалады ғалым З.Қабдолов. Бұл кім туралы айтылған сипаттама? (Абай, Абайдың табиғат лирикасы туралы)
Су атасы – бұлақ, сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ.
Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа – құлақ, тұяққа – тұяққа емес пе, - дейді ханға әрі шешен, тапқыр, ақылды, әрі батыр ... (Сырым)
3 – тақырып «Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл»
20
(Юсуп Баласағұн)
Тіл туралы мақал айт. (Өнер алды – қызыл тіл)
(Сөзден асқан байлық жоқ, тілден асқан жүйрік жоқ)
30
Отыз екі тас қайрақ,
Бірін – бірі шыңдайды.
Қызыл сөз бен асты ойлап,
Сумаң тілің қызыл тынбайды. Жұмбақты шеш. (Тіс, тіл)
40
Сөйлеушілердің саны жағынан алғанда қазақ тілі дүние жүзі бойынша нешінші орында? (70-орында)
50
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. («Ана тілі» Ә.Тәжібаев)
«Мен – қазақ » Шәкәрім Құдайбердіұлы (Таңатов Айбар жатқа оқиды)
III айналымның қорытындысы шығарылады. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.
IV айналым «Шешендік сөздер» сайысы
Тақырыбы «Тіл - қымбат қазына » (Ана тілі тақырыбы)
Бір минут уақыт беріледі.Ойында қалған 2 оқушы берілген тақырып бойынша мәтін құрастырады. Оқушылардың шешендік өнері сынға түседі.
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?..» М. Мақатаев (Балтабай Шаттық жатқа оқиды)