kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?демілік бізге к?птік етпейді" 8 наурыз?а арнал?ан ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий для проведения мероприятий  к 8 марта среди 8-10 классов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?демілік бізге к?птік етпейді" 8 наурыз?а арнал?ан ашы? т?рбие са?аты»

ОҚО, Төлеби ауданы Нысанбек елді мекені

"Тау самалы" оқу-сауықтыру орталығы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джолдыбаева Дана

8 наурызға арналған ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Әдемілік бізге көптік етпейді

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға , ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету

Жүргізушілер бірге, әндете:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың...

1-жүрг: -Бекзат , мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

2-жүрг: -Рас айтасың, Нұрберген. Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің бірі емес пе?!

1-жүрг:

Бәрі де ,ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды

Бәрі де , ана, бір өзіңнен басталды- деп Қадыр МырзаӘли ақынымыз да аналар жайлы жырлаған.

Армысыздар , ардақты ұстаздар мен құрметті қыздар! Міне, жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.


2-жүрг:

Қош келдіңіздер құрметті қонақтар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл кұні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер!

Ортада "Мама" әнімен 9 г сынып оқушысы Беспаева Арайлым .

2-ж.-Нұрберген, сен білесің бе осы бір керемет мерекенің қалай пайда болғаны жайлы?

1 ж. - Жоқ, мен тіпті ойланбаппын осы жайлы. Білсең, кәнекей айта қойшы бізге?

2- ж. - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:

10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында  Клара Цеткин  8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды.  Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың  19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер  өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді.  1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.

Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке  ретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.

Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда,  Азербайжанда, Ресейде, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса,  Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде 7-сәуір күні тойланады.


1-жүргізуші: Қандай ғажап! "Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз" дегендей бұл мерекенің шығу тарихы осындай екен ғой! Олай болса осы мерекенің иелерінің өздеріне


Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашы, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге,  -

деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілеріне береміз.  Ортада ару қыздарымыз. Қарсы алыңыздар. Флешмоб

(Бейнеролик: көзі байлаулы балалар анасын табатыны жайлы)

1-жүргізуші: 10 сынып оқушылары Бекзат пен Мәдидің орындауында ән "Ана" .
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз да бар. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. 

Ойын.

1-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін ұстаздарға бағыштайды,-

дей отырып, ортамызға ұстаздары мен құрбыларына арнап дайындаған шығармаларын оқуға көркемсөз шеберлерін және өз туындыларымен жас ақындарымызды шақырамыз.


1. 10В Нұрғали Арайлым "Ана" өлеңі

2. 8Ә Ашил Диана "Қазақ ана "

3. 8Б Омарбек Аружан

4. 8Ә Абдужалилова Дильдора өз шығармашылығымен

 5. 8Б Оралбай Асылан "Ана"

6. 8В Алтынбек Ерсұлтан "Арулар"

7. 8Б Исақ Қуаныш

8. Моногол. "Жетім қыз"


1-жүргізуші: 
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  байсалды да байыпты бишілерге береміз. Вальс

1-жүргізуші: Бекзат, осы сен білесің ба ,сабақта да, уйде де біздің сұлуларымыздың аузы бір тыным таппайды ия?

2-жүргізуші: - иа.

1-жүргізуші: Оның себебін білесің ба?

2-жүргізуші: - жоқ.

1-жүргізуші: Ал оның себебін ғалымдар анықтауда екен. Мериленд медициналық колледжі қыз балалар мен жігіттердің сөйлеу мәнерін, жылдамдығын , мөлшерін анықтау үшін арнайы зерттеу жасапты. Сөйтсек, қыздар бір күннің ішінде 20 000 сөз сөйлейтін болса, жігіттер 7 000 сөзбен ғана шектелетін көрінеді.

Ғалымдар қыз балалардың сонша көп сөйлеуінің бірден бір себебін олардың миындағы Foxp2 қызметінің жақсы дамуында деген шешімге келіп отыр. Foxp2 ғалымдардың айтуынша, тілдік протеин болып шыққан. Бір қызығы , дәл осындай жүйе тышқандарда болады екен. Ендігі кезекте мамандар мидағы бұл заттың басқа да қызметтерге қаншалықты әсер ететіндігін анықтау керек.

Күніне үш есе көп сөйлейтін әйелдер қауымы көбіне "әлдекім" туралы әңгіме айту барысында өз дауыстарынан жағымды әсер алатын көрінеді . Луан Бризендайн The Female Mind атты еңбегінде әйелдердің ер адамдарға қарағанда көп сөйлеуінің тағы бір себебін түсіндіреді. Ол - әйелдің миында сөйлеу қызметіне жауап беретін клеткалар саны көбірек деген болжам. Психолог сонымен қатар әйел адамның сөйлеу кезіндегі жағымды әсердің күштілігі соншалықты, тіпті оларды көп күттірген есірткі дозасының әсеріндей болады.

2-жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі испан биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Испан биі», қабыл алыңыздар!

(Осы жерде М.Мақатаевтың бейнеролигі.)

2-жүргізуші: - Иа, әдемілік бізге ешқашанда көптік етпейді.

Әйелдің екі сипаты бар екен. Оның бірі

Жақсы әйелдің сипаты:

Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,

Қасыңа шақырғанда келсе зулап.

Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,

Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.

Қара қас, жазық маңцай, қара көзді,

Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.

Мінезі майдай еріткен қорғасындай,

Келсе де ерте-кешті бір мінезді.

Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,

Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.

Болған да тісі аппақ, пісте мұрын,

Ауызы қалжың сөзге болса епті.

Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,

Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.

Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,

Тап-таза үйдің іші сыпырылған.

Жігітке адал жүріп болар серік,

Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.

Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,

Ол бір марал тұрғаны қасын керіп.


1-жүргізуші: Ал екіншісі

Жаман әйелдің сипаты:

Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,

Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.

Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,

Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.

Кетеді таң атқан соң өсек бағып,

Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,

Жүреді теріс қарап жылмың қағып.

Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,

Былшылдар ел көзінше байын талап.

Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,

Қонағын қыстай келген бәрін санап.

Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,

Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.

Тазалық үй ішінде болмаған соң,

Бойыңда қадір-баға қалар нағып.

Орамал жерде жатыр кірі батпан,

Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.

Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,

«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.


2- жүргізуші: Ортада "Ана туралы жырмен" Беспаева Арайлым және Амангелді Ақбота . (Қатысқан барлық оқушылар ортаға шығып, бірге айтады)

1-жүргізуші: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз. Қош сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"?демілік бізге к?птік етпейді" 8 наурыз?а арнал?ан ашы? т?рбие са?аты

Автор: Джолдыбаева Дана Оразымбетовна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327620


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства