Просмотр содержимого документа
««Дені сауды? -жаны сау» Жайдарман-2016»
Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі
«Дені саудың -жаны сау»
Жайдарман-2016
Өткізген: Әбдікәрім Н.Н.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Дені саудың -жаны сау» Мақсаты: Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тәрбиелік - денесін шыдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар.
Барысы: Ой ашар сұрақтары: А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста) Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбиесі)
Тапсырмалар: 1. Денсаулықтың достарына нелер жатады? 2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет? 3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не? 5.-Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды деп.- топтарды ортаға шақырамыз
Денсаулық – ол күлуің, Көңіл-күйің жадырай. Денсаулық – ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.-Таныстыру кезеңін бастайық
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек? - Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады. Әрдайым күліп жүруіміз керек Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.-Өнер «2-3 көрініс»
Ойын- Мақал мәтелдер жарысы
Шығармашылық жұмыс - Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер? 1.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 2.Ісің түсіп тақсырға барма, Аурулы болып бақсыға барма. 3. Бақсы көрінсе дерт қозады, Ұста көрінсе таға тозады. 4.Жарлының байлығы - денінің саулығы. 5..Ауру атанды да шөктірер. 6.Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады. 7.Бас ауырса жан қорқады. 8.Жұғын бар жерде - шыбын бар, Шыбын бар жерде - шығын бар. 9.Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені. 10.Жан ауырса - тән азады, Қайғы басса - жан азады. 11.Өліспеген көріседі. 12.Қасқырдың ойлағаны арамдық, Қойдың ойлағаны - амандық. 13.Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны. 14.Мың жұмақтан - бір күн тірлік. 15.Қасапшыға мал қайғы, Қара ешкіге жан қайғы. 16.Емнің алды - еңбек. 17.Ауру желмен келіп, термен шығады. 18.Аман болса бұл басым, Тағы шығар бұл шашым. 19.Азған денеге ауру үйір. 20.Қайғы қартайтады, Қуаныш марқайтады.
Сергіту сәті Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет. -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
«Әлемдегі ең пайдалы азықтар» Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Жаңғақтар. Жүректің қызметін реттейді. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті. Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы. Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді. Көк шәй: Ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді. Салмақ реттелуін оңайлатады.
-Балалар, енді жұмбақтар шешіп көрейік.
Дымқылдап күнде сен, қолыңа сүйкесең. Кетіп кір-ласың, Тап-тазаболасың. (Сабын)
Шомылған баланы, Аймалапалады. Сүртедіқолын да, Сүртедіжонын да. (Сүлгі)
Аузыжоқ, көзіжоқ, Тіліжоқ, өзіжоқ. Бірақ та тісі бар, Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
Ойын «Қол күрес»-Ал қазір мектепте дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Онда арнаулы мамандар иесі қабілетін анықтап, бағыттап отырады. Спорттың түрлеріөте көп. Стол теннисі, шахмат, хоккей, бокс, баскетбол, футбол сияқты түрлері кеңінен тараған. Кейінгі кездері жылдамдықты, тездікті талап ететін спорттың түрлері де пайдаболды. Олар: у-шу, дзюдо, айкидо, таэквондо. Сонымен қатар денені шынықтыратын ұлттық ойындар да бар. Олар: «Бәйге», «Қызқуу», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату».
- Олайболса, кезектісп орттық сайыстарға берелік. І. Қол күрес – білек күштерінсынау.
Қорытынды сөз:
- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық) - Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?(Жаман әдеттен аулақ болуымыз керек) - Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет?(Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына
Тәуелсіз ел тірегі-дені сау, санасы уланбаған, саналы ұрпақ. Бәрі:- Тазалықты сүйеміз, Таза болып жүреміз. Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.