Тақырыбы: «Денсаулығың жақсы болса,
жаттығуға алғыс айт»
Ойын-сайыс
Мақсаты: Оқушының бойына ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған саықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет түрлерін түсіндіру.
Балаларды екі топқа бөлу:»Жұлдыз» және «Балдырған»
Екі команда бір-бірімен таныстыру,команданың аты,ұраны айтылады.
Сайыс 10 тапсырмадан тұрады:
Доппен жүгіру
Екі аяқпен секіру
Оң аяқпен,сол аяқпен секіру
«Поезд ойыны»
«Арқан тартыс»
Қаппен жарысу
Скакалкамен секіру
Кедергілерден өту
Себетке доп лақтыру
Алға. артқа домалап аунау
Қорытынды сөз: Жеңімпаздарды марапаттау
Спорт-біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған
Спорт-біздің досымыз,
Бала кезден шындалған.
«Мақалдап сөйлеу- шешенге тән»
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа,байқампаздыққа, ұшқырлыққа баулу,мақалдап сөйлеуге үйрету.
Түрі: ойын-сайыс
Барысы: ұйымдастыру кезеңі
Жоспар: 1 кезең - Бәйге
2 кезең –Көкпар
3 кезең –Жорға
4 кезең –Жеті жұмбақ
«Жұлдыз» тобына сұрақтар:
1.Өнер алды не?
2.Сөз анасы не?
3.Су анасы не?
4.Барлық күш неде?
5. Еңбек түбі не?
«Балдырған» тобына сұрақтар:
Ұрлық түбі не?
Елдің көркі не?
Жердің көркі не?
Өнерлі жігіт не істейді?
Көптің түбі не?
2 кезең - Көкпар –мақалды жалғастыр
Көз –көру үшін,......
Өнерлі..........
Ақыл азбайды,......
Жақсы жолдас- жанға серік,.......
Ырыс алды,......
6.Жері байдың,......
7. Еңбектің наны тәтті,.....
8. Отан.......
9. Отансыз адам.....
10. Білім іздеген,......
3 кезең –«Жорға»
Екі топқа әртүрлі мақалдар беріледі, сөздерден кім жылдам дұрыс мақал құрастырып жазады.
4 кезең- «Жеті жұмбақ»
Бір сөзбен айтқанда қалай болады?
1.Тез ұстатпайтын малды.
2. Жанын аямай жұмысты сапалы істейтін адам.
3. Көрінгенге соқтыға беретін баланы.
4. Сөзге шебер адамды.
5. Ешкімге ешнәрсені бермейтін,біреуге қимайтын адамды.
6. Тіл алғыш, жанындағылардың ойын айтпай түсінетін адамды.
Қорытынды сөз: жеңімпаз топтарды марапаттау.
5 маусым –Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау
« Табиғатпен сырласу»
Мақсаты: Табиғат туралы білімдерін кеңейту, оны қорғай білуге тәрбиелеу,туған жер табиғатын сүюге үйрету.
Түрі: ауызша журнал
Барысы: ұйымдастыру
Жүргізушілерге сөз беру: Айша мен Мөлдір
Виктариналық сұрақтар:
Қандай құс хат тасушы атанған?
Қандай құс мүлде ұя салмайды?
Қай құсты аңшылыққа пайдаланған?
Сөйлей алатын құс
Құстың атымен аталатын қыздардың есімдері
Құстың негізгі баспанасы
Орман дәрігері
Бізді қоршаған орта
Үйіме үйін салады
Су құсы
«Табиғат» тақырыбына коллаж жасау
Көрініс қою :
Халқымыз құстардың ұшуы, кетуі, келуіне қарап ауа райын болжаған
Құстарға арналған тыйым сөздер, мақалдар айту:
«Тілге құрмет – елге құрмет»
Мақсаты: Оқушыларды өз тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу, мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, ой өрісін дамыту.
Түрі: К ТК
Жоспары: Алты бөлімнен тұрады.
Командаға бөлу,ат қою ,ұраны.
Постер жасау тіл тақырыбына
Мақалдар жарысы
Мәнерлеп оқу сайысы
Ән айту
Барысы: ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Бірінші бөлім: «Жұлдыз» және «Балдырған» тобы
Ұраны: 1.Біз кішкентай жұлдызбыз, өнегелі ұл қызбыз!
2. Біз балдырған баламыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық – думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
Екінші бөлім: Тіл тақырыбына постер жасау
Үшінші бөлім: Мақалдар жарысы
Жүргізуші:
Ана тілім- менің,
Әлдилеген әнім.
Ана тілім - демім,
Ана тілім -жаным.
Төртінші бөлім: Мәнерлеп оқу сайысы
Жүргізуші:
Ана тілім- елім,
Қажыр, қайрат, күшім.
Ана тілім -менің,
Баста бақыт құсым.
1. Ана тілім - анам,
Аппақ қардай арым.
Мұра еткен бабам,
Жарқыраған шамым.
2 .Ақыл- ойым дараның,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақсүтімдей анамның,
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді.
3. Туған тілім - бабам тілім өз тілім,
Туған тілім - анам тілім өз тілім.
Туған тілім - далам тілім өз тілім,
Туған тілім - адам тілі өз тілім.
Бесінші бөлім: Ән айту
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі -өнеге алам.
Алтыншы бөлім:Қорытынды
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаң да!
Қадірлей біл тілің менен діліңді,
Саған берер менің осы батам да!