Мотивациялық- қозғаушы | Сәлемдесу. Сұрақ-жауап: Суретпен жұмыс (жыл мезгілдері) - Қазір қай мезгіл? (Көмекпен еске түсірту, ерекшеліктерін айтып) - Көктемнің нешінші айы? - Екінші айы қалай аталады? - Бүгін сәуір айының нешесі? - Аптаның қай күні? - Армысың, жылы Күн! Армысың, көк аспан! Күніміз жарық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Нанымыз көп болсын! Еліміз тыныш болсын! Көк туымыз биік болсын! | Баланың сәлемдесуі Көктем Екінші айы (Схемадан көрсету арқылы) Сәуір айы (Схемадан көрсету арқылы) Бүгін сәуір айының 3-і (күнтізбеден көрсетуі) Бейсенбі. (Апта күндерінің тізбегінен көрсету) Бала бірге айтады. |
Іздену- Ұйымдастырушы | - Мынандай хат келіпті. Оның ішінде әртүрлі тапсырмалар бар екен. 1-тапсырмада тақпақтар жазылыпты. Мен оқып берейін: 1. Атам маған әрқашанда, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. 2. Алдын орап кісінің, Кесіп өтпей көлденең. Ізетімен кішінің, | Әр шумаққа балаға мінездеме береді. |
| Сәлемдесіп қол берем. 3. Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамын. 4. Ата менен ананың, Айтқан тілін аламын. Үлкендерден содан да, Ылғи алғыс аламын. 5. Төсекті өзім жинаймын. Ешкімді де ұрмаймын. Ешкім маған тимейді. Мен де бәрін сыйлаймын. 2-тапсырма Мақал-мәтел оқып, талдау. 1.Әдепті бала-арлы бала. Әдепсіз бала- сорлы бала. 2. Әдепті бала, ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар. 3.Көргенді бала-жол сілтейді, Көргенсіз бала – қол сілтейді. Сергіту сәті: Жай оң қолыңды оң жаққа, Жай сол қолыңды сол жаққа. Екі қолды белге ұстап, Алға қарай бір аттап, Артқа қарай бір аттап, Қос аяқпен топ-топ, Алақанды соқ-соқ. 3-тапсырма Тыйым сөздер айту: 1.Үйге жүгіріп кірме. 2.Біреудің кемтарлығына күлме. 3.Құстың ұясын бұзба. 4.Құмырсқаның илеуін бұзба. 5.Жалғыз ағашты шаппа. 6.Суға түкірме. 7.Гүлді жұлма 8.Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе. 9. Нанды аяқтың астына тастама. 10. Босағаны керме. 4-тапсырма Ойын: «Әдептілік ағашынан сиқырлы жемістерін теру» Мақсаты: Алмаларға сөздер жазу. «Сәлеметсіз бе», «Сау болыңыз», «Рахмет», «Кешіріңіз», «Ризамын», «Рұқсат па?» Осы сөздерді теріп алу. | Мақалды қалай түсінетінін айтқызу Сергіту жаттығуын жасау Мағынасына мән беріп, неге олай істеуге болмайтынын айтқызу. Алмалардағы сөздерді таңдауы. |
Рефлексия | Слайдпен жұмыс: Компьютерден слайд арқылы балалардың іс-әрекетінен әдепті, әдепсіз баланы ажыраттыру және олардың іс-әрекеттерін бағалату. 1. «Сәлемдесу сөздерін қайталату» 2. «Қоштасу сөздерін қайталату» 3. «Сиқырлы сөздер» 4. «Автобустағы оқиға - әдепті бала» 5. «Автобустағы оқиға - әдепсіз бала 6. «Қайтпай қалған қарлығаш» Қамқорлық 7. «Мейірімділік» Қорытынды: - Әдепті бала - қандай бала? - Әдепсіз бала – қандай бала? - Сен қандай баласың? | Сурет бойынша балалардың әдептілік және әдепсіздік қылықтарын айтуы. Өз жауабын береді. |