1.Жас ?рпа??а Н?рс?лтан Назарбаевты? сан ?ырлы талант иесі, ??рметті азамат, ерен т?л?а екенін таныту. Балалы ? ша?ынан бастап осы уа?ыт?а дейінгі е?бек жолын к?рсету.
2. Елімізге е?се тіктеп, мемлекетімізді мы?ымдап берген, ?лемге таныт?ан Елбасыны? сали?алы саясатыны? ар?асында т?уелсіз ?аза? елі болып, еліні? туын к?кке к?терген ерекше жа?дайлар туралы ма?л?мат беру ар?ылы о?ушылар?а ой салу.
Просмотр содержимого документа
«Д??гелек ?стел : «?асырды? ??лама азаматы»»
Қазақ тілін орыс тілді мектептерде оқытуда
«Деңгейлік оқыту технологиясын» қолдану
Қазақ тілі – өте бай тіл. Қазақтың көркем өнерін, мақал- мәтелін, сөздерін, теңеулерін,бейнелі сөзін, өлең сөздері мен даналық талғамын шәкірттерге танытып ,ьойларына ұлт рухын асқақтататын,шын биікке шырқататын нағыс шебер болуы хақ.Қазіргі заманның талабына сай білім беру – әрбір ұстаз міндеті болып саналады. Осы орайда,Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де,өндірісте де,ғылымда да дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек» деген тұжырымдары бар /Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан экономикалық ,әлеуметтік және саяси жаңару жолында», «Егемен Қазақстан» газеті ,3.03-2005№ 13/. Сондықтан қазақ тілін оқытуда ұстаздар қауымы,ең алдымен,осы тұжырымдарға сүйенгеніміз жөн.Тілді басқа ұлт оқушыларына оқыту – негізгі мәселелерді шешудің басты тетігі.
Мектепте оқытатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны ерекше.Бүгінгі күнгі қажеттілік орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге тиімді әдіс – тәсілдерді жаңа технолооогияларды қолдануды талап етеді.
Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді,іздемпаз ,барлық іс –әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын,өз шығармашылығын көрсете алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән береді. Жаңа технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім : педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын ,оқушылармен ортақ тіл табыса алатын,білімді, шебер болуы керек. Бұрынғы оқушы өздігінен жеке тұлға екндігіне ерекше мән беруіміз керек.Қазіргі оқушы :дүниетаным қабілеті жоғары,дарынды,өнерпаз,талапты,ізденімпаз екенін ескеріп, технологиялардың тиімдісін қолданған дұрыс. Сондай әдістердің бірі- «Деңгейлік оқыту технологиясы.
Деңгейлік оқыту технологиясының мақсаты: әр оқушының субъективті тәжіребесі ерекшелігінің дамуы негізінде оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ету. Білім алуға ұмтылған шәкіртке жол көрсету,ізденіске бағыттау,қызығушылығын ояту,оның шығармашылық тұлғасын қалыптастыру. Осыдан шығатын ғылыми идеялар :деңгейлік оқыту әр балаға қабілеттілігін ең жоғары деңгейде қолдануға мүмкіндік береді.Деңгейлік оқыту мұғалімнің зейінін әр түрлі категориядағы балаларға көнілін аударады. Оқыту бойынша деңгейлік айырмашылық құрылымында үш деңгейді көрсетеді:ең төменгі/базалық/,бағдарламалық,қиындатылған. Тиімділік шарттары : жеке ойлау қабілетінің ерекшелігің ;психологиялық даму ерекшелігі / еске сақтау,ойлау,қабылдау,өз эмоциясын қстау біліктілінің ерекшелікттері/,белгілі пән айналасында оқыту деңгейі /қалыптасқан білім,әрекеттің тәсілдері/.Бұл технология :
*Әр оқушыға оқытудың жіктелуін жоғары деңгейде қолдануына мүмкіндік беріледі.
*Материалды қабылдау деңгейі және дайындығы бірдей оқушыларға бір топта айналысуына ыңғайлы болады.
* Сабақта әр оқушы өз достары арқылы жаңа тақырыпты түсінуге , алған білімін өз бетінше қолдануға , белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
*Бағалау жүйесі әр оқушының сабақта алға жылжу қарқының жүйелі түрде бақылауына мүмкіндік береді.
Мұғалімдер бағдарламада берілгеннен көбірек ақпарат беруге тырысады.Білімі жоғары оқушы бағдарламада берілген және мұғалімнің қосымша берілген ақпаратын меңгереді. Орташа немесе әлсіздер тек міндеттелген деңгейді орындайды. Тақырыпты меңгергеннен кейін берілген деңгейлерді есепке ала отырып,деңгейлік бақылау жұмыстарын өткізу қажет. Жаттығулар мен тапсырмалар ,бақылау жұмысының тапсырмалары әрқашан деңгейлердің қиындығына қарай жіктелуі керек.Бірыңғай танымдық мақсаты мен жалпы мазмұны қиындық дәрежелеріне қарай ерекшеленуі керек.Осы жағдайда ең көп тараған әдіс – жеке үлестірмелі қағаздар.Оның тиімділігі оқушылардың өз бетінше білім алуына жол ашады. Әркім өз пікірін жалғастырады,оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,ізденімпаздыққа баулиды,еркін ,терең, жаң- жақты ойлауына,үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Бұл технологиясының беретін нәтижесі—оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайды,қызығушылығын арттырады,іскерлік дағдысы, тапқырлығы,ойлау белсенділігі,өзіне деген сенімі қалыптасады,коммуникативтік қатынасын қалыптастырып ,терең білім алуға жағдай жасап,оқушыны ізденіске жетелейді.
Өзім сабақ беретін сыныптарда «Деңгейлік оқыту технологиясын» пайдаланамын. Әсіресе ,жеке оқушымен жұмыс кезінде оқушылар бірінші барлық деңгейдің тапсырмаларын орындауға белсенді түрде кіріседі.Жүйелі жүргізілетін мұндай жұмыстар басқа ұлт балаларының мәтіндерді,тапсырмаларды тек ана тілінде ғана емес,мемлекеттік тілде де сауатты меңгеріп,сөздік қоры молайып,тілдік бірліктердің қолданысын кешенді түрде игеруге көмектеседі сөзсіз.