денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты рухани-
адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. «Достық»
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелесу, мақал-мәтел айту, шығармашылық, т.б.
Көрнекі құралдары: Дос туралы суретті кітапшалар, слайд, ойыншықтар,
отбасылық суреттері, т.б.
Барысы:
Тәрбиеші:
- Балалар, бір-бірімізбен сәлемдесейік. Балалар шеңбер құрып
тұрады.
Жылулық шеңбері
«Ашық болсын күніміз»
Ашық болсын күніміз
Биік тұрсын туымыз
Тату дос боп балалар!
Бақытты болсын балалар!
Балалар, адам деген, өмір деген сөз кішкентай нәресте туыла сала еститін сөз.
Бала өз әкесін, анасын, туыстарын, достарын жақсы көреді.
Сұрақ: - Жақсы көру деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар: - Аналарымыз бізге өмір берді, Ал әкелеріміз бізге қамқоршы. Туыстарымыз бен достарымыз бізді жақсы көреді.
Тәрбиеші:
Өте жақсы. Ал сендер сыныптағы балаларға, достарыңа қалай қарайсыңдар? Қазір бір ойын ойнайық.
Ойын: «Мен өз тобымдағы балаларды жақсы көремін».
Ойынның шарты:
Балалар шеңбер құрып қол ұстасып отырады. Бір бала екінші баланың қолынан ұстап «Мен сені жақсы көремін» деп күлімсірейді. Солай ойын жақсы сөздермен жалғаса береді.
Тәрбиеші:
- Балалар, өздерің қалай достарыңды жақсы көрсеңдер, достарың да сендерді солай жақсы көреді. Жақсы көру тек қана жақсы, әдемі, жылы сөздер айту емес, онымен бірге адамды қадірлеу, ол үшін көмек көрсету қажет. Достардың арасында әдід болу керек.
Әңгімелесу:
-Ал мен қазір сендерге екі дос туралы әңгіме айтып берейін.
Айдос пен Арман дос болыпты, екеуі ылғи да бірге жүреді екен.Барлығы оларды нағыз достар деп санайтын.Бір күні Армнаның анасы машина сатып әпереді. Арман машинасын бермеу үшін, өз жолдасын алдап былай депті:
Менің басым ауырып тұр , мен бүгін сенімен ойнай алмаймын.
-Арманды қандай бала деп айтуымызға болады? Оған досы неліктен ренжіді?
- Арман дұрыс істемеді. Оған досы бірге ойнамағанына ренжіді.
- Ал сендер Арманның орнында болсаңдар не істеуші едіңдер?
- Мен оған ойыншық машинамды берер едім. Бірге ойнар едік.
Сергіту сәті:
Достар бірге жүреміз, (Қол ұстасып айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз. (Бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз, (Қолдарын алға созу)
Міне, біздер қандаймыз! (Қолдарын жоғары созу)
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқащанда біргеміз.
Ғажайып сөздер:
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Татулық – табылмас бақыт.
Ас табылса да, дос табылмайды.
Қорытынды:
Тәрбиеші:
- Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
- Біз бүгін өзімізге ең жақын анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, қайырымды ата-әжеміз және сүйкімді достарымыз туралы әңгімелестік.
Шығармашылық жұмыс:
Отбасыңа, досыңа не сыйлағың келеді? Соның суретін ақ парақ бетіне түсіріңдер.