Просмотр содержимого документа
«?асыр а?ыны - М??а?али »
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
А. ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «ҒАСЫР АҚЫНЫ – МҰҚАҒАЛИ »(мерзімі 04.02.2014 жылы 7 «Г» класс)
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, 7 «Г» сынып жетекшісі М.И. МАМЫРОВА
БАЙҚОҢЫР
2014
Бекітемін Мерзімі 04.02.2014ж.
_____________ Уақыты 1155
«_____» _______2014 ж. Кабинеті 302
Сыныбы 7«Г»
Мұғалімі Мамырова М.Ы.
Тәрбие сағат:«Ғасыр ақыны - Мұқағали»
Мақсаты. Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру,ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру.
Көрнекілігі: Ақынның портреті,шығармалар жинағы,ақын туралы
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
(Сынып оқушыларын түгелдеу,сынып бөлмесін тәрбие сағатына сай безендіру).
« Аманат - Болашақ» атты пойыз.
1.Ақын және біз.
2.Кіріспе сөз .
3.«Ақын келбеті» (ой- пікір)
4. «Есіңе мені алғайсың» (өз даусы)
5.«Поэзия – жүрек тілі»
6. Қортынды сөз.
«Ғасыр ақыны - Мұқағали»
Мақсаты. Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру,ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу,өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Тәрбиелік мәні: Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: Жеке оқушымен жұмыс,баяндау,әңгімелеу,іздендіру.
Көрнекілігі: Ақынның портреті,шығармалар жинағы,ақын туралы
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
(Сынып оқушыларын түгелдеу,сынып бөлмесін тәрбие сағатына сай безендіру).
Сахнада баяу музыка ойнап тұрады.
Пойыз үні естіліп, сахнаға « Аманат - Болашақ» атты пойыз тоқтайды. Сахна сыртындағы дауыс: «Құрметті жолаушылар! Байқоңыр қаласына » «Аманат - Болашақ» пойызы келіп тоқтады.
2-жүргізуші: - Құрметті жолаушылар! «Аманат - Болашақ» пойызына отырғызу аяқталды. Шығарып салушылардан вагондарды босатуларыңызды сұраймыз.( Қолында кітабы бар жас жігіт вагонға кірмей теңселіп жүреді. )
1-жүргізуші:- Азамат , сіз неге кірмейсіз?
Қарындасым, тұра тұршы. Мен пойызға бір мінсем, қайта түспейтін тәріздімін. Қысқы ауа қандай таза! ( «Ғашықпын»өлеңін оқиды.)
2-жүргізуші: - Мына кісі бір түрлі екен. Мас па, кімге ғашықпын дейді? Гүлманат. Сіз кімсіз ? Жеке төл құжатыңызды көрсетіңіз. Әйтпесе, пойызға отырғызбаймыз.
Ой, қалай отырғызбайсыңдар? Мен бұл пойыздың ең қажетті жолаушысымын, болашақта әлі танырсыз менімен, қарындасым. А. – Қане, Гүлманат, тексеріп жіберші.
Г. - Туған жерің? - Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. А. - Туған жылың? 1931. Құрдасымын Шәмілдің. Жынысың кім? Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін... Г. - Партияда барсын, ба? Жоқпын. Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. А. -Шыққан тегің? Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. Г. - Білімің ше? Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын. А. - Ана тілің? Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. Г. - Қайда істедің? Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. Оқымаған, дипломсыз демесең, Бір басымнан бар мамандық табылар. А. - Міндеттісің бе әскерге? Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге. Г. - Сөгіс алып көрдің бе? Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... А. - Шетелдерде болдың ба? Болғамын жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, Осы отырған орнымда-ақ. Г. - Мекен-жәйің? Мекен-жәйім - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
1-жүргізуші:- Кешіріңіз, ақын аға,бізден бір білместік өтті.Қарбаласта тани алмай қалдық. Төр сіздікі, жоғары шығыңыз, бүгінгі тойдың иесі – Мұқағали аға! Сахнаға Мұқағали шығады да, «Бүгін – менің туған күнім» деген өлеңін оқиды.
Кіріспе сөз. Мұғалім.
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі сабағымыз ақын,поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналмақ. Мұқағали – сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын.Өзінің естелігінде ақын «Мені сөзге,жырға үйір еткен халық,сүюге тәрбиелеген әжем» дейді.
Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол биік адамгершілікті де, достықты да, бауырмашылдықты да, табиғатты да, махаббаты да, тілмен тәуелсіздікті де жырлаған. Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным,алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа, — деп дарынды ақынымыз жырлағандай өлеңдері көркем қуатымен, еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі.Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақыттты халық. Мұқағали ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай « «Жазылар естеліктер мен туралы» дейді ақын.Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған. 2-бастаушы:Ақынмын деп мен қалай айта аламын.Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп ақынның өзі айтқандай, өзін өзгелерден ерекше көрмесе де, келешек ұрпақ Мұқағалидың нағыз арқалы ақын екенін танып отыр. 1-жүргізуші: Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы - өлмес жыр жаратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, ойлау мен өлең өруді теңдесі жоқ классикалық, әлемдік биікке көтергені. Соры – өз қоғамы мен ортасына сыймай, қасірет шеккені, тапқан-таянғаны отбасын асырауға жетпей, өмірінің қиыншылықта өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны. 2-жүргізуші:1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз деген жерде Сүлеймен мен Нағиманның отбасында маңдайы жарқыраған Мұқаметқали атты ұл дүниеге келген болатын. Бұл кім? Бұл көзі тірі болса 83 жасқа толатын Мұқағали ақын еді.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сабағымыз ақын, поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналмақ. Мұқағалиды
Өмірге бір-ақ келген асыл едің,
Теңіздей тебіреніп тасып едің.
Сағымға еніп кеткен кемедейсің,
Аралап ХХ ғасыр елін.
Өмірін өлеңменен өрген ақын.
Тағдырдың тапшылығын көрген ақын,
Қазақтың қасиетті қара өлеңі.
Жалғаса береріне сенген ақын- деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ. Артында қалың елім,қалсын -деп, елінің , жерінің бүтіндігін , қамын ойлап кеткен . Сондықтан бізтәрбие сағатымызды «Ғасыр ақыны - Мұқағали » деп атауды өте орынды деп ойлаймын. 2-жүргізуші: Қазынам бар. Қисапсыз шектеледі. Қызғанады біреулер, жек көреді. Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін! Алам десең, Алдымен зертте мені. Ендеше кезекті бүгінгі тәрбие сабағымыздың 1-бөлім «Ақын келбеті» пікір қорғау болғандықтан,достарымыздың пікірімен де санаса отырайық.Ғалия,сен өз ойыңды бізбен қалай бөлісесін?
Ғалия:-Мен бүгінгі сабақтың атын «Менің Мұқағалиым» деп атағым келді.«Менің Абайым»,«Менің Әуезовым», «Менің Айтматовым». Мен осындай мақалаларды көргенде: - Бұл қалай? Неге өздеріне меншіктейді, ақын көптікі, халықтікі емес пе? – деп ойлаушы едім. Енді оларға қосыламын. Себебі олар сол ақындардан өздеріне бір нәрсе табады екен ғой. Менің де Мұқағали ақыннан тапқан олжам көп. (Өлең оқиды).
2-жүргізуші:Туады,туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын. Жесірдің айырылмас сырласы боп,Туады,туады әлі нағыз ақын! Жыр сөздері жай болып атылғанда, Атылғанда, аспаннан оқылғанда. Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп, Жанар пайда болады соқырларға. Әсем, сен тақырыпты қалай таңдар едің?
Әсем: Мен бұл сабақты «Бізде енді поэзия дәуірі басталды» - деп алар едім. Бұл сөз Әбділдә атамыздікі. Ол кісі «Мұқағали – құдіретті ақын. Оның поэзиясы - даналықтың көзі. Бізде енді поэзия дәуірі басталды» - дейді ғой. Иә, Мұқағалидың поэзиядағы орны ерекше, ол-поэзияның шұғылалы шыңы, асқар тауы. 1-жүргізуші:«Фаризаға» ... Я,Нұргүл,енді сені тындайық.
Нұргүл: Ал, мен достарым, сабақты «Мұқағалиды жоқтау» деп ұсынар едім. Себебі не? Ойымды былай дәлелдеймін. Өздерің Лашын апайдың естелігін, ақын туралы өлеңдерді оқып жатсыңдар ғой. Кезінде ақын өз бағасын ала алмаған. Оны тіпті бір ғана мысалмен, яғни,жаңа Гүлманат оқыған «Фаризаға» деген өлеңіндегі мына үзіндімен дәлелдеймін.«Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз» Бірақ ақын архивте қалған жоқ. Оның поэзиясы әр адамның жүрегінде, үйінде.Оның жоқтаушылары – халқы.
Гүлдана: - Нұргүл, Мұқағали ақынды, оның мұрасын жоқтаудың өзі дұрыс емес. Себебі, Мұқағали поэзиясы - тірі поэзия. Мен Гүлманаттың пікіріне қосылам, сабақ«Ғасырақыны - Мұқағали »деп аталуы керек. Неліктен? Ойымды дәлелдеймін. Мен ол ақынды көргем жоқ, шабыттана өлең оқып тұрғанын естігем жоқ. Мен оны көргім келеді. Поэзиясына ғашықпын.
2-жүргізуші:бүгінгі тәрбие сабағымыздың 2-бөлім«Поэзия – жүрек тілі» (Ақын өлеңдерін оқу)
Айналайын !
Атамекен,Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тап екен?! Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен – ақын ағамыз айтқандай «Атамекен» бекетіне қонаққа барайық, Гүлманат.
1Ғалия:-Апыр-ай, ұлы ақынның сезімінде, еліне деген махаббатында шек бар ма? Ендеше келіңдер, достар ақынмен бірге туған елді, жерді жырлайық.
Ақтолқын : «Отан» өлеңін оқып болған соң өз пікірін былай білдірді. Меніңше, Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сарылып аққан суына, самал желіне, мақпан түніне бала кезден-ақ ғашық болып өскен әсерін өлеңмен бере білген.
«Ақын болу – міндет емес, азамат болу парызың» - деген ғой ұлылар. Мұқағали азамат болуымен қатар ақын да бола білді. Оның Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі көмекейінен күміс жыр боп ақтарылды.Айболат. «Үш бақытым». Лаура: «Мен таулықпын»225-бет Бекзат : «Елім барда» өлеңін оқиды. 1-жүргізуші:Осы өлеңнен не ұқтың, Бекзат.
Бекзат :- Иә, осынау қарапайым ғана өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңізші! Сірә, Мұқаң «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.
Ғалия: «Армысыңдар, адамдар» өлеңін оқиды.Мен қолымда билігі бар адам болсам, ақынның өлеңінен мына үзіндіні алып, бүкіл әлем адамдарына ұран етіп жазып қояр едім.Әрбір әрпі қанға шомғанТарихыңа қараңдарОтырардай опат болғанҚала жоқ па, жараңдар?!Армысыңдар, Адамдар!2-жүргізуші:Ғалия,«Армысыңдар, адамдар» өлеңі туралы өз пікірің
Ғалия: - Міне, достарым, осы өлең, өз пікірімше, достық, татулық, бейбітшілік, тіршілік туралы гимн. Өлеңнің ерекшілігі, ақынның табысы да осы ма деп ойлаймын. Менің ойымша, өлеңнің әлемдік маңызы бар. Олай болса, Мұқағали - қазақ топырағының ақыны емес, әлем адамдарының ақыны. Өз қорытындым - осы. 2-жүргізуші:2012-2013 оқу жылында МұқағалиМақатаевтың ән –өлең байқауынан1 орын иегері Сағыныштан қонақ қаде сұраймыз. 1-жүргізуші:Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде, - Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе... Жастықта жалын атып сүйсем егер, Түспес ем дәл мынандай күйге мүлде.
Мен нағыз махаббатты армандаймын, Оны мен жоғалтып та алғандаймын ... Ақ қаздар арасынан аққуымды Ажырата білмеген сормаңдаймын. Өтінем сенен ғафу, асыл жарым, Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын. Сен менен от іздеме, құрмет ізде, Өртеніп жана-жана басылғамын.«Махаббат бағы»бекетіне бет бұрайық
Әсем: -«Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Шынайы махаббатқа үлкен ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиды құдіретті ақын еткен де сол ерлік болатын.Ақын ана құдіретін Сәби - ана»өлеңі арқылы көрсеткен. Елубек: «Жырласам ба екен»
2-жүргізуші: Асылмырза, ақынның «Қилы тағдыр қарсы алдымда тұрғанда» өлеңі туралы өз ойың қандай?.
Асылмырза, «Қилы тағдыр қарсы алдымда тұрғанда» оқиды.«Меніңше, ақын махаббатты көп жырлағанымен, өз басынан шынайы махаббатты өткізбеген сияқты, өйткені тағы бір өлеңінде «Аққуымды таба алмаған сормаңдаймын» дейді ғой.
Айзат: - «Махаббатты аялап, тәңіріндей табынған, өзі де махаббаттан жаралған ақынды қалайша өз басынан оны өткізген жоқ деп айтасыңдар? Өз басынан махаббат өтпеген адам былай еп жырлар ма еді? Шәмілге жазған хат үзінді оқиды.
Аманкүл: - Менің ойымша, Асылмырза сен бірер өлеңін ғана жеңіл-желпі оқи салғансың, оның жинақтарын түгел оқысаң, бұл пікірге келмес едің. Мен Мұқағалидай ақынды «Махаббатты өз басынан кешпеді» дегенге үзілді кесілді қарсымын. «Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,өлеңін оқиды. Нұржан «Сен менің», Әлия «Махаббат моласы».
Әсем: - Ал, достар, осындай қызу айтысты былай қорытындылаған жөн болар. «Мұқағали – махаббат жыршысы». Ол махаббатты асқақтата, қиялдата жырлайды. Ол махаббатты сөз емес, жүрекпен жазған. Ең бастысы, оның шығармаларын оқып отырып армандайсың, ақын сөзі өз сөзің, өз сезімің сияқты боласың. 2-жүргізуші: Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарга, Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда, Мен сені сағынғанда, Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.
1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте«Өмірім – өлеңімде» бекетіне поэзия әлеміне саяхат жасасақ.Назерке.- Біз бекетіміз мақсаты «Сал-сал жырым, сал жырым,Ағытыл алтын сандығым» деп аталады.Назира.«Жырлар жазам» өлеңін жатқа оқиды. Бұл өлеңінде Мұқағали да Абай сияқты өлең-өнер, ол халыққа қызмет етуі керек деген қағиданы ұстайды.Жасұлан: «Қара өлең», Влад: «Санаулы күн».Нұргүл:-«Поэзия менімен егіз бе едің» өлеңін жатқа оқиды. Өзі айтқандай Мұқағали ақын поэзиямен егіз болды. Ол қысқа ғұмырында поэзиядан ғана сүйеніш тапты, поэзиясымен қимай қоштасты.Назерке: «Қарасаз» Гүлдана:- Иә, Мұқағалидың «Жырым көп әлі менің жазылмаған» өлеңін оқи отырып ойға қалам. Ақын өмірден ерте кететінін білген сияқты. Ол небәрі 45 жасқа келді. Егер ақын тірі болса қазір 83-ке келген болар еді. Қаншама жырлары жазылмай қалды десеңші! Дегенмен осы өлеңде түңілу, қамығу жоқ. Оған тек поэзимен қоштасу қиын.
1-жүргізуші: Гүлданаға қосылуға бола ма? Нағыз ақынға міндетті түрде көп өмір сүру керек пе? Лермонтов пен Сұлтанмахмұт небәрі 27 жасқа келді, ал Шоқан ше? Меніңше, олардың бәрі сол жаста берерін беріп кетті, Мұқағали да 45 жасында артына өшпес мұра қалдырып кетті.Назерке: «Қарасаз».
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам жұртым оған елеңдестің, Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай, оның поэзиясын бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтынын Мұқағали да, халқы да білді. 2-жүргізуші: Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар, Жырларым жырларыммен жалғасыңдар. Сел жырым ақтарылса арнасынан, Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар, - деп жырлаған ақын жырының жалғасындай болып жырларын жатқа оқып жүрген талапты құрбыларымыз бар. 2012-2013 оқу жылында МұқағалиМақатаевтың ән –өлең байқауынан жүлдегерлеріне кезек береміз.Өзіміздің сыныптасымыз Гүлдана және Ақниет.2-жүргізуші: Қарасаздың қыран ұлы, жыр дүлдүлі Мұқағали ақынның өлеңдері ән әлемінде қалықтағалы қашан. Ендігі кезекті сол әсем әндерге берейік.Жансая ән.1-жүргізуші: Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 2-жүргізуші: «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз. 1-жүргізуші: Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ! Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды.