kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?асыр індетін са?тайы?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?асыр індетін са?тайы?!»
 Ма?саты:  1)темекені? адам ?міріне зиянды, улы екенін т?сіндіре отырып саналы??а, тазалы??а,???ы?ты? т?рбиеге баулу;
2) салауатты ?мір салтын са?тау?а о?ушыларды т?рбиелеу;
3)тазалы??а, лас істерден аула? болу?а, т?н с?лулы?ы мен жан с?лулы?ы ?атар са?тау?а т?рбиелеу;
4) жас?спірімдер арасында?ы ?р т?рлі жаман ?деттерді?( темекі шегу, ішімдік ішу) таралуына тос?ауыл ?ойып, жаман ?деттерден са?тандыру.
Т?рбие: Патриотты??а т?рбиелеу

К?рнекіліктері:  плакаттар, суреттер, на?ыл с?здер, слайдтар.
 
М??алім: ?ош келді?іздер, б?гінгі т?рбие са?ат?а жинал?ан ?ауым! Сіз бен біз б?гін 6-сынып о?ушыларыны? арасында ?ткелі отыр?ан «?асыр індетін са?тайы?!» атты  т?рбие са?ат?а жиналып отырмыз. Б?л т?рбие са?атты? ма?саты – темекі, ара?, наша?орлы?, СПИД туралы ма?л?маттар бере отырып, о?ушыларды осы зиянды ?деттерден ?ор?ау, ?арсы к?ресе білуге ша?ыру. Ендігі с?з кезегі сынып о?ушыларында.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тақырыбы ғасыр дерті»


Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

"№21 орта мектеп" коммуналдық мекемесі






Өткізген: сынып жетекшісі Рахмедова Ақбаян
















2015-2016 оқу жылы



Тақырыбы: «Ғасыр індетін сақтайық!»

Мақсаты: 1)темекенің адам өміріне зиянды, улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, тазалыққа,құқықтық тәрбиеге баулу;

2) салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу;

3)тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығы қатар сақтауға тәрбиелеу;

4) жасөспірімдер арасындағы әр түрлі жаман әдеттердің( темекі шегу, ішімдік ішу) таралуына тосқауыл қойып, жаман әдеттерден сақтандыру.

Тәрбие: Патриоттыққа тәрбиелеу


Көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, нақыл сөздер, слайдтар.

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатқа жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 6-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр індетін сақтайық!» атты тәрбие сағатқа жиналып отырмыз. Бұл тәрбие сағаттың мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 6-сынып оқушыларының арасында «Ғасыр індетін сақтайық! » тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.


Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Ақжүніс: Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері.


2-жүргізуші:Дұрыс айтасыздар! Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық

І бөлім: Темекі

1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді.Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады.


2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

Серік: Күрк - күрк көк жөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Жасыңнан шексең темекі

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы.



Ақнұр : Мына өлеңде жырлағандай темекі адамдардың ең керекті ағзалары - өкпе, жүрек және миды улайтынын білдік.Темекінің осыншалықты зиян екенін біле тұра адамдар темекіні неге шегеді?Сен қалай ойлайсың? Темекіні шегуге не итермелейді?

Бейбарыс: Адам тән мен жаннан жаратылған,кейбір кездері күні бойғы жұмыстан немесе реніштен т.б. жағдайларға байланысты адамның жүйкесі шаршайды. Сондай сәтте темекі шегу жүйкенің шаршағанын басып,адамның көңіл- күйін орнықтырады дейді. Сондықтан болар...





Фатима: Денсаулыққа зор кесел,

Үйрете көрме ауызды

Насыбай - напақ,шылымға.

Атпаңдар тіл алсаңдар насыбайды,

Атсаңдар нас боласың басыбайлы.

Желді күні "туф" деп жерге түкіргенде,

Жаппадай бет - аузыңа шашырайды.

Ақдидар: Дүниеде, тіпті дені сау адамның өзіне темекі мен түтіндеген ауада болудың өзі зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ.

2-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.


Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.


Қатерлі ісік: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.


Туберкулез: Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

Ақдидар: Қор болған темекіге қайран жігіт,

Тұрады-ау танауынан түтін шығып,

Сасығы ық жағынан жүргізбейді,

Жағымсыз көңірсіген исі шірік.

Ақжүніс: Уланған темекімен қайран қыздар,

Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар.

Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға,

Көргенде осындайды жүрек мұздар.


"Екі қыз бен қария" көрінісі көрсетіледі.

-Данечка, курить будешь?

-Ия. Сен кеше неге келмедің? Я тебя так ждала.

-Сен білесің бе? Менің вообще қолым тимеді.

-Жарайды, кешірдім. Темекі сұрашы ана аташкадан.

-Аташка, сигарет не найдется?

-Ай, балаларым-ай. Өздерің қызғалдақ гүлдейсіңдер. Бұларың не? Ауызда темекі, үндемедік. Тілдерің шұбарланған жұлым, қой демедік. Ай, неткен көрсеқызар халық едік.


Ақнұр: "Арулар"

Арулар, аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар- тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Сезімталдық билейді қыздар жанын,

Шақырады шың болып ізгі арманың.

Еңлік гүлдей биікте өскен ару

Елестетер даланың қызғалдағын.

Әдептілік азайған бұл өмірде

Керек боп тұр инабат,ұяңдығың.

Керек - керек ұятың, намысың да,

Адалдығың қалмасын ар ұшында.


Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды.


ІІ бөлім: Арақ

Мұғалім: Денсаулыққа зиян келтіретін тағы қандай заттарды білесіңдер?

2-жүргізуші: Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды.


1-жүргізуші: Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді.


Берік: Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

Темірлан: Ішімдікті дастарханның сәні ғып

Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.

Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның

Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

Айдын: Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

Терме: «Қазақ пен арақ».

Орындайтын:

Мұғалім тақтадағы схемадан арақ тақырыбын түсіндіреді.

Мұғалім: Денсаулыққа зиян келтіретін нашақорлық та үлкен кеселді дерттің бірі.

ІІІ бөлім Нашақорлық

1-жүргізуші: Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.



ІҮ бөлім ЖҚТБ дерті

2-жүргізуші: 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.


Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сөз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар ЖҚТБ дерті бар.

Енді "ЖҚТБ дерті дегеніміз не?" деген сұрақтың жауабын былайша түсіндірейін. Назарларымызды интерактивті тақтаға аударайық.(Слайд) арқылы түсіндіріледі.


1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.


1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасөз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам көз жұматынын көрсетіп отыр», - деп жазылыпты.


2-жүргізуші: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек.


1-жүргізуші: Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды –

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, -

дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?асыр індетін са?тайы?!

Автор: Рахмедова Акбаян

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315594


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства