Сценарий та?ырыбы: Германияны? салт-д?ст?рлері мен мерекелері
Ма?саты: О?ушыларды неміс хал?ыны? салт-д?ст?рлерімен таныстыру, Германия мемлекеті туралы ?осымша м?лімет беру.
О?ушыларды бас?а ?лт ?кілдеріні? м?дениетін, салт-д?ст?рлерін, тілін сыйлау?а баулу.
??рал-жабды?тар: проектор, са?ат, ойыншы?тар, шырша, ?о?ырау
Просмотр содержимого документа
«сценарии»
Сценарий тақырыбы: Германияның салт-дәстүрлері мен мерекелері
Мақсаты: Оқушыларды неміс халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, Германия мемлекеті туралы қосымша мәлімет беру.
Оқушыларды басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тілін сыйлауға баулу.
Құрал-жабдықтар: проектор, сағат, ойыншықтар, шырша, қоңырау
Іс-шараның барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер, оқушылар! Guten Tag, liebe Freunde! Біздің бүгінгі іс-шарамыздың тақырыбы Германияның салт-дәстүрлері мен мерекелері. Неміс тілі пәнін оқитын балалар 6 сыныптан бастап Германия мемлекеті жайлы деректерді оқиды. Бұл деректерді қайталап өтейік және сіздердің Германия мемлекеті жөнінде білімдеріңді тексерейік.
Сұрақ-жауап:
Wo liegt der BRD?
Германия қай елдермен шектеседі?
Германия неше федеральді елден тұрады?
Германияның астанасы қай қала?
Неміс тілінде сөйлейтін қандай елдерді білесің?
Ал, енді басты тақырыбымызға көшейік.
Мерекелер қалай түссе, солай тойлау керек. Неміс мақалы
Неміс халқының мерекелері көп болғанымен, олардың көбін барлық ел көлемінде тойламайды. Бұған себеп елде болған тарихи уақиғалар, федерализмнің орнауы және әр федеральді елдің тәуелсіздігі.
Көбінесе Германияда дінге байланысты мерекелерді бір кезде атап өтеді. Христиандықтар болғандықтан Рождество, Пасха сияқты мерекелер атап өтіледі. Сол мерекелерге жекелеп тоқталып өтейік.
Германияда Жаңа жылдың желтоқсанның 31 –нен 1- не қарай тойлануы үшін неміс халқы Грегор XIII риза және оның күнтізбесіне, ол Григориандық күнтізбе деп аталады және 1852 жылдан бері саналып келеді.
Германияда Жаңа жыл мерекесін сильвестер деп атайды. Бірақ әр неміс оның қасиетті болғанын білмегенімен, 31 желтоқсан оның өмірден қайтқан күні.
Жаңа жыл мерекесі біздің еліміздегідей атап өтіледі. 12-ден кейін далаға шығып, фейерверктер атады, шампан ашады.
Үйді гирляндалармен, Санта клаус мүсіндерімен және шырша бұталарымен безендіреді.
Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерінің бірін сіздерге көрсеткіміз келеді.
Көрініс: 8а сынып балалары шығып, шырша безендіреді. Сағат 12 соққанда орындыққа мініп секіреді.
Пасха бірінші көктемгі айдың толуынан кейінгі бірінші жексенбіде атап өтіледі. Қазіргі немістер пасханы екі күн атап өтеді.
Бұл екі күн Германияда демалыс боп саналады.Пасхаға жұмыртқаны түрлі түске бояйды, себебі жұмыртқа христиандықтарда жаңа өмірдің белгісі болып саналады.
Пасха қояны Пасха кезінде жұмыртқа таратушы болып саналады.
Көрініс: Қоян шығып, жұмыртқаларды тығады. Балалар шығып, оны іздейді. Тапқан соң қуанып кетеді.
Ана күні Германияда мамырдың екінші жексенбісінде тойланады. Бұл мереке 20 ғасырдың ортасында Америкадан келген екен. 1933 жылдан бастап мемлекеттік мейрам болып саналады. Анасына келген балалары Біз сіздерді ұмытқан жоқпыз және сіздерге ризамыз деген сөздерді айтады.
21 мамыр Әке күні болып саналады.
1936 жылдан бері мемлекеттік мейрамдардың қатарына енді.
Бұл күні немістер отбасымен бірге табиғат аясына шығады.
Махабат шеруі
1989 жылдан бері ата өтіледі. Бұл күні көшелерде түрлі музыка әуендері бао дауыспен ойнап тұрады. Жастар маска киіп, билеп, сыра ішеді. Еуропаның атақты ди-джейлері тәулік бойы музыкасын ойнатады.
Бұл бостандық пен бейбітшілітің мейрамы деп санайды.
Октоберфест – ең үлкен сыра фестивалі. Оны Бавария астанасы Мюнхенде атап өтеді. Бұл мейрамды енгізген Людвиг патша еді. 1810 жылдан бері атап өтілетін мейрам тек соғыс жылдарында ғана тойланбады. 2003 жылы Мюнхен Октоберфестті 170 рет тойлады.
Бірлік күні Германияның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылдың 3 қазанынан бастап, Шығыс және Батыс Германияның біріккен күнінен бастап тойланады.
Рождество 24 желтоқсан күні атап өтіледі. Бұл күні отбасы жиналып мерекелік үстелге отырады. Сол түні Вайнахстман келіп, сыйлық таратады деп сенеді. Бұл кеште отбасы мүшелері сыйлық алмасады. Рождество Германияда тыныштықта өтеді. Бұл отбасы меркесі. 25 және 26 қаңтар демалыс болып саналады. Рождество Иисустың туған күні деп санайды, ол қайта туып келеді деп дайындалады.
Қарзір балалар Швейцарияға жақын елде Рождествоны қарсы алу мерекесін көрсеткіміз келеді.
Презентация қосылып тұрады.
Көрініс: Балалар шығып, шырша безендіреді. Ойыншықтар ілініп, шырақ жағылады. Балалар қоңыраудан кейін шығады. Сыйлық алып, көреді.
Ал, сіздер білесіздер ме?
Германияда той алдыңда келіннің үйінің алдына үйіп тұрып ыдыс төгеді.
Германияда жас жұбайлар шіркеуден шыққасын ағаш кеседі.
Көрініс: Германиядағы бірінші сынып оқушысына арналған сыйлық.
Ол мектептен келгесін беріледі.
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Просмотр содержимого презентации
«Праздники в Германии»