Мемлекеттік р?міздер туралы балаларды? білімдерін тере?дете отырып, саяси сауаттылы?тарын арттыру ар?ылы ?лтты? ма?танышымыз екенін ??ындыру. Мемлекеттік р?міздерді ??рметтей алатын, ?лтты? сана-сезімі ?алыптас?ан жеке т?л?а дамыту?а жа?дай ту?ызу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Елімні? р?міздері»»
Құрастырған: Шегебаева Сандуғаш Шакеновна (Мичурин балалар үйі)
Сабақтың тақырыбы: «Елімнің рәміздері»
Сабақтың мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы балалардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру;
ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;
б) Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.
Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» кітабы, слайд, ХХХ жазғы Лондон олимпиадасының жеңімпаздарының суреттері, «Ту, Елтаңба,Әнұран. Қазақстанның көрікті жерлері» бейнеролигі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Тәрбиеші кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Тұманды Альбионда көк туды желбіреткен толағайлар.
5. Қорытынды.
Кіріспе. Құрметті балалар! Бүгінгі Білім күнгі алғашқы сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз– белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту– тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба– мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн– өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды. Енді сөзді топтарға берейік.
І топ
1-бала. Біз Ту туралы айтамыз.
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!
2-бала:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.
3-бала.Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.
4-бала.
Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.
5-бала. «Қазақстан Жалауы»
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан Жалауы.
Көк емес ол тектен тек.
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, Ту ары.
Бұлт баспасын күнімді,
Тартылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды
Қасиетті борышым.
С.Қалиев
6-бала Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды. (Слайдтан Елбасы сөзін оқыту)
«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».
Н.Ә.Назарбаев
ІІ топ
1-бала. Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
2-бала. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті – алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
3-бала. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков. Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі.
4-бала. Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.
5-бала. «Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жар күші.
Қара шаңырақ ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Т.Молдағалиев
ІІІ топ.
1-бала. Біздің топ Мемлекеттік Гимн туралы айтып береміз.
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған,-деп,-Әнұран?!
2-бала. Гимн – мемлекеттік ресми нышан – айбары болып табылатын, елдің арман-аңсарын білдіретін, бағдарламалық мәні бар салтанатты саз.
3-бала Отан Гимні – еліміздің ұлы ұраны, мемлекетіміздің дауылпаз дабылы, бүкіл мердианды тік көтерген даңқты дабысы елдіктің, ерліктің символы. Өткен жылдар өткелдерінің өлеңі, келер күндер керуенінің аршынды адымының арыны, мәңгілік сарқылмайтын, жарық пен шаттықтың шарқ ұрған сарыны.
4-бала Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
5-бала. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.
6-бала. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.
7-бала. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСР-нің Үкімет басшысы және Елбасы жоғары лауызымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.
8-бала. Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.
Тәрбиеші. Балалар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.
2012 жылдың ең басты оқиғасы өздеріңіз білесіздер «Тұманды Альбионның» бас қаласында өткен ХХХ жазғы Лондон олимпиадасы. Бұл байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын 115 спортшы, спорттың 27 түрі бойынша сарапқа салып, жаһандық жарыста жеңіс тұғырынан көрінгенінің куәсы болдық. Көк туымызды желбіретіп, Гимніміздің құдіретімен әлемді дүр сілкіндіріп, ұлы даланың даңқты сарынын шалқытып Алаштың абыройын асырған 7 алтын, 1 күміс, 5 қола ел мерейін асқақтатты. (интерактивті тақтадан жеңімпаздар суреті көрсетіледі).
Қазақ елі қашан да рухы биік батырлардан кенде емес, сол батырлардың ұрпағы бүгінгі Лондон олимпиадасының жүлдегерлері.
Ашылу салтанатында қанша елдің басшысы болды? (120 ел)
Олимпиадағы қанша спортшы қатысты? (10500)
Ағылшын ақшасы қалай аталады? (фунт стерлинг)
Ең арзан, ең қымбат билет құны қанша фунт стерлинг?
(ең арзан -20,12. Ең қымбат – 2012 фс)
Елбасымыз Ұлыбритания елінің қай университетінде болды? (Кембридж)
Кембридж университетінде Шығыстың қай ойшылының стипендиясы тағайындалды? (әл-Фараби)
Олимпиададан қандай әсер алдыңыздар, пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Қорытынды.
Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.
Білгенімізді бекітейік, сұрақтарға жауап беріңіздер:
Рәміздер деген сөзді қалай түсінесіздер?
Мемлекеттік рәміздерге не жатады?
Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?
Досқа сүйеніш, дұшпанға айбар туымыз асқақтап, Гимніміз жанымызды тербеп айтыла берсін әрдайым,- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.