kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елін с?йген, елі с?йген Елбасы »

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л сценарий ?аза?стан Республикасыны? ал?аш?ы Президент к?ніне арнал?ан.Елбасыны? ?мір жолынан ?лгі ала отырып Отанын, хал?ын с?юге, ерж?ректілікке азаматты??а  т?рбиелеу, патриотты? сезімдерін дамыту. О?ушыларды? жас ерекшілігіне байланысты ?те ынталы келеді.

Іс-шарада о?ушыларыны? ?ызы?ушылы?ынарттырады, белсенділік  танытып, ба?дармалы? материалды ?ажетті де?гейде ме?геруіне ы?пал етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елін с?йген, елі с?йген Елбасы »»

Сабақ тақырыбы : «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »

Сабақтың мақсаты: 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі- өнеге ету. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халық сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: инерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер.

1-жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші : Қайырлы күн құрметті қонақтар!

1- жүргізуші: 1- желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »атты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2- жүргізуші:Қазір слайдқа назар аударайық.

Балалық шағы

1940жылы 6 шілде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптеген күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектептегі жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Н.Ә. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылындағы молданың отбасында дүниеге келді.

1- жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

2- жүргізуші: 1991жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. Тәуелсіз мемлекет болды.

1- жүргізуші: Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1992 жылы Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн.

1993жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ» бағдарламасы қабылданды.

2- жүргізуші: 1995жылы Конституциямыз қабылданды.

2010жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым- қатынас жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі – әлем алдындағы зор беделі.

1-жүргізуші :

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген

Лебізіңнен ол арманы өрілген

Сенің арқаң – Қазақстан көркейіп

Достық әні шарықтады төрімнен

2-жүргізуші :

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр- әнім

Өзің болдың көшбасшысы елімнің

Өзің болдың биік ұшқан қыраным

Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды.

1-оқушы: Мөлдір

Атыңнан айналайын, Егемен ел!

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын Нұр ата,

Ғасырдың тойы болшы келе берер

2-оқушы: Марал

Болашағы Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан

Халқымыздың таңдап алған таңдауы

3-оқушы: Самал

Асқар болып еліміздің жалауы

Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы

Еңбек, достық, бейбітшілік береке

Қазақстан Республикасының қалауы

4-оқушы: Айгүл

Еліміздің тыныштығын ойлайтын

Халқым менің елбасыны қолдайтын

Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған

Жасай берсін азарбаев Нұрсұлтан

1-жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлттым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады – ау кісілік

Оқушы: Марат

Қазір тәуелсіздігімізді алдық , біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Оқушы: Болат

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар

Желтоқсан жел. Ұл мен қыз

Ажал құшқан сондағы

Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы

Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы : Қайрат

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы

Дара шыңы қазақтың

Дана басып тудың халық – алыптан

Топырағы ол туған жердің киелі

Интерактивті тақтамен жұмыс

  • Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері

  • Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету

Оқушы: Бақыт

Тұратұғын болашақтың үні кеп

Тартылар күй айтылатын жыры көп

Ерекше бір еркіндейік, бауырлар

Басшымыздың бүгін туған күні деп

Оқушы: Данат

Әнге толсын барлық қала ауыл бар

Қағылсын бір барабандар, дабылар

Елбасының туған күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат

Астана- Отанымыздың жүрегі.

Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері

Астана күні. (оқушылар пікірін тыңдау)

Болашағы кемелді, керегесі кең, сән- салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала- Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.

Барша әлем назар салған жас қала

Астананың көрікті жерлеріне саяхат.

Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.

Оқушы: Құмар

Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтанның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймаған

1-жүргізушы: Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.

Нұр аға- қазақ халқының маңдайына біткен бақ.

Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттрімен кездесу, достық қарым- қатынастары туралы айту.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер Елбасының жыл сайын жолдауы – халықтың қолдауы.

Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту болашақтың іргесін бірге қалаймыз.

Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан – 2030 халыққа жолдауы

2011-2015 жылдарға арналған « салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жасалды..

2003жылы демократиялық жағдайды көрсету және әлеуметтік қолдау.(жолдауларға шолу)

2-жүргізушы: Слайдтар бойынша түсіндіру

2004жылы Астана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киостудиясында «Балалаық шағымның аспаны» атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасынан дейінгі өмір жолын қамтиды.

Қорытынды:

1.Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсаіңдер?

2. басшы адам қандай болу керек?

Интерактивті тақтамен жұмыс

Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен.........»

Президент болсам........

Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту

Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.

Оқушы: Марат

Тұратын болашақтың үні кеп

Тартылар күй айтылатын жыры көп

Ерекше бір еркіндейік, бауырлар

Басшымыздың бүгін туған күні

2- оқушы: Самат

Әнге толсын барлық қала ауыл бар

Қағылсын бір барабандар, дабылдар

Елбасының туған күнін ардақтау

Бәріміздің борышымыз, бауырлар

3- оқушы : Айнагүл

Қазақстан- кешегі әз әуен,

Қазақстан – бүгінгі ғажап үн.

Қазақстан Құшқан кеудесін ғасырлар,

Қазақстан- қастерлі қазағым

Мұғалім

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік қолданбалы өнері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушылардың өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Сәндік ұлттық киім үлгісін көрсету

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттық басын қосып Қазақстан

Бөкемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумас, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші:

«Осындай тәуелсіз еліміздің намысые қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

2-жүргізуші:

Осымен біздің мерекелік шарамыз аяқталды. Аман-сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Елін с?йген, елі с?йген Елбасы »

Автор: Олжабаева Айман Муратовна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 300857


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства