Просмотр содержимого документа
«"Ең ардақты жан-ана"»
«Ең ардақты жан - ана» мерекелік кеш.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы Қарасу жалпы орта білім беру мектебі математика пән мұғалімі Бейсенова Гульнара Дюсембаевна
Сынып сағатының тақырыбы: «Ең ардақты жан-ана»
Сынып сағатының мақсаты: 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтау. Оқушыларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Шақырылған қонақтар күтіп алынып, орындарына отырғызылады.
Ортаға жүргізушілер Илюкина Асель, Елтай Балауса және Назаров Қайрат шығады.
Ойын жүргізуші: Адиат
«Ең ардақты жан - ана»
Қайрат: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Армысыздар, адалдықтың ақ туын желбіретіп, көктем күніндей, баршаның жүректерін елжіретер, асыл әжелер, ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, әдемі қыз балғындар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
Асель: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Қасенов Амангельді Оразғалиұлына береміз.
1/ Қазір назарлаңызға мектеп ер азаматтарының мерекелік лебізін қабыл алыңыздар.
2/ Марал мен Сабинаның «Ана жаным» әнің тамашалайық.
Балауса:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.
/Мини центр балалары өлеңдер оқиды, «0» сынып өлеңдер және хор «Ақ мамам» әні./
Балауса:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші ұлдарыңыз Дәнисләмнің орындауындағы «Анашым» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Балауса: Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол –Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Қайрат: Ана, Ана, Ана... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің жарығы, анаға деп әр бала өз лебізін білдіреміз дейді.
1/ 1-4 сынып. /оқушылар өлеңдерін оқиды/.
2/ Тилейхан Жәнибек монолог«Бір көзді ана».
1-ойын. «1,2,3 ...» ойыны.
Асель: Менің таң қалатыным Балауса, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді.
Балауса: Иә Асель, мен мектептен келсем, тамағым да дайын, үй де жинаулы, мұның бәрін қалай үлгереді екен?
Асель: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға да белгілі. Ендеше 2- сынып оқушысы Бахытгүлдің орындауында «Менің ана-алтын» әнің тамашалайық.
Қайрат:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (8 сынып).
Балауса: Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, құдайдан кейін құдірет иесі-ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсінуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай да болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер, тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ.
Асель: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Ибраева Махаббатың орындауында «Әке-ана» әні.
Тилейхан Жанибектің орындауында өз шығармасы « Ана жан ».
Қайрат: Жақсылыққа талпынар, біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене, жаман деген немене.
Осындай әжетай, айтыңызшы өнеге.
Асель: «Қарты бар үйдің жазып қойған хаты бар» дейді. Кішкентайынан аңыз-ертегілер,
әңгімелер, әженің бесік жырын естіп өскен бала ақылды, тәрбиелі, өнегелі болып өседі.
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 8-9-сыныптың байсалды да байыпты ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.
Көрініс«Қыз сыны» /8- 9 сынып/.
Балауса: Ананың сүті – бал,
Ананың алақаны жұмсақ, - деген екен.
Ән де шырқап, би билеп жатырмыз.
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.
Асель: Дүниенің жарық күні анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар, көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән салады. /Г.Д. Бейсенова «Абзал ана» әні./
/фейерверк атылады/.
Қайрат:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Балауса: Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Асель:Ақ сүтімен гүлденген жердің үсті – деп, ардақты аналар,
апа-қарындастар, сіңлі-әпкелер! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық,
бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын!Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз аяқталды.
Қош, сау болып тұрыңыздар! Мерекеңіз құтты болсын, ардақты аналар!