kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерді? аты м??гі ?шпейді (сценарий)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы Отан со?ысында ?анды ?асап майданда ?аза? хал?ыны? абыройын ас?а?татып, тарих?а алтын ?ріптермен жаздыр?ан батырларымыз баршылы?. Хал?ы ?шін ?асы?тай ?анын, елі ?шін шыбындай жанын берген батырлары ?аншама. Соларды? бірі, ?рі бірегейі – ?лы Отан со?ысы кезінде ?зіні? ерлігімен, ?айсарлы?ымен к?зге т?сіп, не б?рі жиырма екіге толар-толмасында  Батыр ж?лдызын кеудесіне та??ан  Абылай  ?лімбетов болатын. Биыл Абылай ?лімбетов атамызды? туыл?анына 95 жыл  толып отыр. ?лы Отан со?ысында ?анды ?асап майданда ?аза? хал?ыны? абыройын ас?а?татып, тарих?а алтын ?ріптермен жаздыр?ан батырларымыз баршылы?. Хал?ы ?шін ?асы?тай ?анын, елі ?шін шыбындай жанын берген батырлары ?аншама. Соларды? бірі, ?рі бірегейі – ?лы Отан со?ысы кезінде ?зіні? ерлігімен, ?айсарлы?ымен к?зге т?сіп, не б?рі жиырма екіге толар-толмасында  Батыр ж?лдызын кеудесіне та??ан  Абылай  ?лімбетов болатын. Биыл Абылай ?лімбетов атамызды? туыл?анына 95 жыл  толып отыр. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерді? аты м??гі ?шпейді (сценарий)»


Тақырыбы: « Ердің аты мәңгі өшпейді » 22.02.2016 жыл. сағ:10-00

Мақсаты: Оқырмандарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие бере отырып, Кеңес Одағының батыры,гвардия половнигі Абылай Әлімбетов ағамыздың рухына бас ие отырып, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету.

Әнұран орындалады. Слайдпен көрсетіліп тұрады


Кітапханашы: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Ұлы Отан соғысында қанды қасап майданда қазақ халқының абыройын асқақтатып, тарихқа алтын əріптермен жаздырған батырларымыз баршылық. Халқы үшін қасықтай қанын, елі үшін шыбындай жанын берген батырлары қаншама. Солардың бірі, əрі бірегейі – Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің ерлігімен, қайсарлығымен көзге түсіп, не бәрі жиырма екіге толар-толмасында Батыр жұлдызын кеудесіне таққан Абылай Әлімбетов болатын. Биыл Абылай Әлімбетов атамыздың туылғанына 95 жыл толып отыр. Осығын орай «Ердің аты мәңгі өшпейді» атты еске алу кешін бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді ары қарай жүргізу үшін оқырмандарымызды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн оқырман қауым !

1-жүргізуші: Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының  Батыры Абылай Әлімбетов туған жерді қасиет тұтып, атамекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.

2-Жүргізуші: Біздің әрқайсымыздың  жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған Кеңес одағының батыры, гвардия полковнигі Абылай Әлімбетовке байланысты жүректен шыққан ең шынайы еске алу кешін қабыл алыңыздар. Еске алу кешін бастамас бұрын, кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар: А.Әлімбетовтің аталас туысы Ахметов Мақсұт Махмұтұлы, Ташман ата, Таймас ата, Қасымбек аға, Ауыл әкімі Сейдалиев Әлібек , ауыл имамы Абдраманов Смат, Ауыл ақсақалдары: Оспанов Ақылбек,Тілегенов Ережеп ,Оқушылар үйінің әдіскері Алмагул апай, Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Магитова Тұрсынай апайымызға және мектебіміздің директоры: Сапаров Жанат Әуелтайұлына сөз береміз.

1- Жүргізуші : «Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды!» Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ. Кешегі өткен күндер тарих болып қатталады Ұлт тарихындағы елеулі оқиға – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Ол – тарих. Ешқашан өшпек емес.
Кешегі Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен соғыс және тыл жауынгерлерінің, қала берді сол уақытқа тұспа-тұс келген ұрпақтың өмірі оңай болмады. Бүгінгі бейбіт күнге тәу ете отырып, өткенді еске аламыз. Ұлтымен ұлысына қарамай қан кешкен ата-бабамыздың ерлігін әспеттеп, тағзым ету біздің парызымыз.

2-жүргізуші: Осы орайда өткен жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кеңінен аталып өтті. Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

2-жүргізуші: Қазір сіздердің назарларыңызға «Батырлар елі» бағдарламасында көрсетілген бейне жазбадан үзіндіні ұсынамыз.

1-жүргізуші: Жерлесіміз Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Абылай Әлімбетовтың өмірімен танысу үшін оқырмандарымызды ортаға шақырамыз.

1-оқырман: Назерке: Абылай Әлімбетов 1921 жылы күзде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданына қарасты Шардара ауылында /совхозы/ шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Әлімбет дүниеден ерте кетіп, сол елді мекендегі балалар тәрбиелейтін үйге тапсырады, одан арада 4-5 жыл өткен соң ол мекеме таратылып Бостандық ауданындағы № 10 балалар үйінде тәрбиеленеді, орта мектепті бітіреді. Ол кезде Домалақ ауылдық кеңесі Фрунзе атындағы кеңшарға қарайды. Қосқорған онжылдық мектебінде оқыған. Абылай Құмсанда тәрбиеші болып істеді. 1938 жылы комсомолға өтеді. Абылайдың жұбайы Қапия да осы балалар үйінде тәрбиеленген. Ол өзі сияқты кішкентай жетімдердің аяғынан тұрып кетуіне көмектесуді басты борышым деп санайтын. Сол үшін де оларға тәрбиеші болады. 1941 жылы 23 желтоқсанда ауыл адамдары оны соғысқа шығарып салғанда ол небәрі он тоғыздағы аласа бойлы, жүдеңкі бұйра шашты жігіт еді. Ол қапшығын жерге қойып, оң қолын кеудесіне қойып,бас киімін алып,басын төмен иіп: - Қош бол ауылым,қош бол жерлестерім, -деп қоштасады.

2-оқырман: Гулназ: Абылай 1942 жылы қаңтардың бас кезінде 69- Қызыл тулы Сева атқыштар дивизиясы құрамындағы 303 атқыштар полкінің қарамағына келеді. Полк Сухинчи станциясы маңында Батыс майданда соғысады. Абылай автоматшылар ротасының барлаушылар тобында болады. 1943 жылдың қысында полк Орталық майданға, Курск иіні бағытына қарай аттандырылды. Майданның бұл шебінде Кеңес құрамалары бірсыпыра шайқастарға қатысып, бірнеше елді мекендерді жау тұтқынынан босатты.Бұл кезде А.Әлімбетов бөлімшенің жауынгерлік Ту ұстаушысы еді. Қызыл тулы 303-атқыштар полкі майданның осы учаскесінің 1943 жылдың жазына дейін қорғаныста болды. Абылай әскери борышын орындауда батырлық пен тапқырлықтың үлгісін Брянск және Украйна жеріндегі ұрыстар да осылай болды. Десна өзені арқылы өткенде ол өз взводындағы жауынгерлермен бірге жаумен бетпе-бет айқасып,алғы шепті алды. Ол ерліктері үшін екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.1943 жылдың қысында полк орталық майдан Курс шайқасына қатысады. 1943 жылы сәуір айында СОКП мүшелігіне кандидат болып,автоматшылар ротасының комсомол ұйымына жетекшілік жасайды.

3-оқырман: Арайлым: 1943 жылдың маусымынан 1944 жылдың қазан айына дейін автоматшылар бөлімшесінің командирі болады. 1943 жылы шілдеде СОКП мүшесі болады. 1943 жылы қыркүйек айында 69 атқыштар дивизиясы түнде Днепрден жүзіп өтуге бұйрық алады. Полк командирінің саяси бөлімінің орынбасары жауынгерлерге «Днепрден жүзіп өтіп, биік төбені басып алып,төбеге жалау тігіп, негізгі күш келгенше төбені ұстап тұру керек»,-деген бұйрық береді. Абылай Әлімбетов өзінің ұрыстарда бірге болған Стрелцьцов, Исаченко, Пинчук есімді жолдастарына сеніп қатардан алға шығып: -«Мен коммунистпін, жалауды мен аламын»,- деді. Сержант Әлімбетовтың бөлімшесі орналасқан қайық жағаға жақындағанда пулеметтер оқ жаудырып, ракета оты жарқ етеді. Абылай Әлімбетов бірінші болып қарғып түсіп, гранаталарын дайындап, оң қолында автомат, сол қолында жалау: -«Соңыма еріңдер,алға»,- деп айқайлады. Пулеметшілерге граната лақтырып, үнін өшіреді. Оң жағынан «Ура» деген дауыстар естілді. Бөлімше төбедегі траншеяны басып алып, төбені алады. Жалау тігілді. Осы ұрыста Абылай Әлімбетов 15 немісті өлтіреді. Стрельцов - Біз жеңдік-деп айқайлап жібереді. Тез арада немістер қарсы шабуылға шығады. Пулеметтен, автоматтан оқ жаудырып, немістер жақындап қалады. Жауынгерлер оларды кейін шегіндіреді. Абылай өзіне келе жатқан танкіні гранатамен тоқтатады.

4-оқырман: Ернар: Осы ұрыста ауыр жараланады да, жартылай топыраққа көміліп контузияда жатқан жерінен табылып, госпитальға жіберілді. Госпиталда жатқанда Днерпрдегі шайқас батырларының бірі ретінде 1943 жылы 30 қазанда КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңестер Одағының Батыры атағы берілгенін естиді. Бұл қуанышты хабар Оңтүстік Қазақстанға да жетеді. Еңбекшілер бір миллион 200 мың қаржы жинап, Кеңестер Одағының Батыры Абылай Әлімбетов есімімен аталатын Бронепоезд жасатады. 1945 жылы көктемде Кенигсберг үшін ұрыста, артиллерия полкінің комиссары лейтинант Абылай Әлімбетов көрсеткен ерлігі үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталады.

5-оқырман: Айдана: Гитлершіл Германия талқандалып, тізе бүкеннен кейін 1945 жылы маусым айында Абылай Әлімбетов жапондықтармен болған ұрыстарға белсене қатысып,ерекше көзге түсті. Жапониямен соғыста подполковник А.Сатниковтың жауынгерлері шөл даладағы 40 градустық ыстыққа қарамай зеңбіректерімен автомашиналары құмға батса да жапондарға тойтарыс беріп, оларды үлкен Хинганның арғы жағына қуып салады. Бір айдай соғыстан соң бүкіл Квантун әскері тізе бүгеді. Абылай Әлімбетов зеңбірекшілер командирлері Кузьменко, Сопрунов, жерлесі Болатбек Жетпісбаевтар үлкен ерлік көрсетеді. Оған «Алтын Жұлдыз» медалімен қоса Ленин ордені тапсырылады. Сонымен қатар 2-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және басқа да көптеген медальдарымен наградталады. А.Әлімбетов өзінің жауынгерлік зор тәжрибесін теориялық даярлықпен тиянақтауды ұйғарып, Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академияға түсіп, оны ойдағыдай бітіреді. Академияны бітіргеннен кейін республикалық бірқатар аудандарында көп жылдар бойы әскери комиссар болып істеді.

6-оқырман: Жанерке: Өмірінің соңғы жылдары полковник Абылай Әлімбетов 1957 жылдан бастап Қызылорда, Жамбыл облысы әскери комиссараттарында, Гурьев, Талдықорған облыстарында ДОСААФ төрағасы болып жұмыс істеп, жастарды әскери патриоттық рухта тәрбиелеу жөнінде белсенді жұмысын одан әрі жалғастырды. Абылай Әлімбетов академияда оқып жүргенде Сырдария обкомының хатшысы Егемқұл Тасанбаев Жоғары партия мектебінде, Төлеп Ибрагимов бірге оқыды. Абылай Әлімбетов 1973 жылы Москвада 52 жасында кенеттен қайтыс болды. Кеңес Одағының Маршалы, үш дүркін Кеңес Одағының Батыры Покрышкиннің жеке ұшағымен Абылайдың сүйегін Шымкент облысының Киров /қазіргі Мақтаарал ауданы, Асық ата кенті/ ауданына жеткізді. Киров поселкесіне жерленді. Мәжит, Махмут, Төлеп, Кәрім /Егемқұлдың інісі/ төртеуі барып келеді. Ескерткіш белгі орнатылған Аупартком хатшысы Дербіс Әлжанов, Алтынай Әбсадықова үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізіп, барлық тиісті шараларды жүзеге асырды.

1-жүргізуші: Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін біз жақсы білеміз. Сол үшін де сіздерге мың алғыс айтамыз. Ән: « Мен қазақпын » Орындайтын Мұрат Ерболат

Кітапханашы: Кеңес Одағының батыры Абылай Әлімбетов - елі үшін ерен ерлік жасаған, ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. Сіздердің назарларыңызға «Суреттер сыр шертеді » атты фото жинақты ұсынамыз. Біздің қолымызға мынадай құнды суреттер жинақталды. Суреттер слайд арқылы таныстырылады.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысының ардагері, аталас туысы Ахметов Махмұт Шайхыұлының, Өзбек КСР Сырдария облысының обком хатшысы Егемқұл Тасанбаев, партком хатшысы Мәжит Бекжанов, бұрынғы Киров ауданы, «Болшевик» кеңшарының директоры, Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдабеков, Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінің бастығы Маханбет Бекболатов, Шардаралық Төлеп Ибрагимов, Қазақстан Республикасының үздік байланыс қызметкері Төлеген Беркінбаевтардың айтулары бойынша Абылай достары мен ағайындары арасында достықты, жолдастықты өте жоғары бағалайтын көпшіл, адамгершілігі мен қайырымдылығы өте жоғары, мінезі жібектей, өте кішіпейіл жан болған деседі. Ол атақ-даңқ қуған жоқ, жүрегінің қалауын атқарды.

1-жүргізуші: Тірі болғанда батыр атамыз биыл 95-ке келер еді. Абылайдың жұбайы, еңбек және тыл ардагері, жасы 93-ке келген Қафия апамыз қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрады. Абылай Әлімбетовтің Ләйлә, Ләззат, Майра және Жәмилә деген қыздары бар. Барлығы да жоғары білімді азаматтар, бір-бір отбасының иесі, өсіп-өнген жандар. Ләйла политехникалық институтты бітірген, Алматы қаласында қызмет етеді. Ләззаты педагог ұстаз, Майра мәдениет институтын, Жамила халық шаруашылық институтын тәмамдаған.

2-жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыста елін , жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік! 1-оқушы: «Майдангердің ұлымын» 2-оқушы: Авт. Ғабиден Қожахмет « Жеңістің 70 жылдығына арналады» 3-оқушы: Авт. «Мен соғысты жек көрем» 4-оқушы: Авт. Махмұтбай Әміреұлы «Майдангерлер» 5-оқушы: Гүлжан:1 Авт. Әбу Сәрсенбаев «Ақырғы граната» /Хабарсыз жоғалғандар монологы/ 6-оқушы: Тұрсынай:2 Авт. Әбу Сәрсенбаев «Ақырғы граната» 7-оқушы: Бекжан: 3 Авт. Әбу Сәрсенбаев «Ақырғы граната» 8-оқушы: Ернар: 15 Авт. Әбу Сәрсенбаев «Ақырғы граната» 1-жүргізуші: Рахмет! Талаптарың таудай болсын! Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. Ал, ендеше кезекті әнге берсек. Ән: «Қазақтың қыздары » Орындайтын Мұрат Назерке

2-жүргізуші: Майдангерлер туралы өлең жолдарын жалғастыру үшін оқушыларды шақырамыз! 9-оқушы: Бақытжан: Авт. Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны» 10-оқушы: Дана: М.Мақатаев 11-оқушы: Сымбат: Қ.Бегманов «Ұлы Отан Соғысының 40жылдығына» 12-оқушы: Гүлнар: Қ.Бегманов «Ұлы Отан Соғысының 40жылдығына 13-оқушы: Айнұр: Қ.Бегманов «Ұлы Отан Соғысының 40жылдығына 14-оқушы: Ермек: Авт. Жерлесіміз Сабит Лаханов ағамыздың «Сен тағзым ет !» 15-оқушы: Ақниет «Жеңіс» 2-жүргізуші: Хор: Жұмекен Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі»

1-жүргізуші: Патриотизм, интернационализм рухымен қаруланған Абылай Әлімбетов, Отан үшін өзін пида етуге дайын жас қазақ солдаты болды. Ел басына күн туған қиын жағдайда, ер азаматтың сыналар шағындағы оған деген сенім алғы шепке, ерлікке жігерлендіреді. Аспан мен жерді от жалын қаптаған күндерде бір қадам шегінбестен, Кеңес майдангерлері туған жеріне атылған оққа қарсы шабуылмен тойтарыс беріп отырды.

Көрініс:



2-жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,- деп жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады. Жеңістің әрбір жылын тойлағанда батырларымызды құрметтеп, іс-шаралар өткізіледі. Экранға назар аударайық.

1-жүргізуші: Адамзатты апаттан сақтап қалған, болашақ үшін, Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, ұмытылмайды. Мәңгі есте қалады. Мектебіміздің жас ақындарының Кеңес Одағының Батыры Абылай Әлімбетовке арнаған арнауларын ұсынамыз. Ортаға Көрпебаева Айгерім апайымыз бастаған бір топ ақындарымызды шақырамыз.

1. Көрпебаева Айгерім 4. Әсет Ұлбала 2. Әбдіназар Мерей 5. Бекмұратов Ербұлан 3. Әуезхан Гүлназ 6. Жоласбек Бағила

2-жүргізуші: Рахмет! Талаптарыңа нұр жаусын! Абылай Әлімбетов әулеті ата жолымен тәуелсіз еліміз үшін қызмет етіп келе жатыр. Қызы Майра қазіргі күнде отставкада запастағы подполковник . Майраның ұлы майор МЧС, келіні лейтинант МЧС. Одан басқа екі немересі біреуі Майор КМБ, біреуі подполковник МЧС . Бүгін Кеңес Одағының батыры Абылай Әлімбетовті жан-жақты таныдық. Бауыржан Момышұлы айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Хор: « Менің Отаным»

1-жүргізуші: Еске алу кешімізді аяқтай келе бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз бен біз мәңгілік ерліктің рухын өлтірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат ету біздің борышымыз. Ән: Ортаға « Жас толқын» тобының орындауындағы «Жас Отан» әніне береміз.

Осымен Абылай Әлімбетовтің туылғанына 95 жыл толуына орай «Ердің аты мәңгі өшпейді» атты еске алу кешімізді аяқтай отырып, Қорытынды сөзді мектебіміздің директоры: Сапаров Жанат Әуелтайұлына береміз.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерді? аты м??гі ?шпейді (сценарий)

Автор: Чукманова Аманкуль Мирзалиевна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303406


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства