kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлікке та?зым

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лы отан со?ысы?

?зіне ж?ктелген міндетті? жауаптылы?ы мен ?ажеттілігі ?рбір ?йелді?, ?артты?, баланы? жігерін ширата т?седі. Со?ыс жа?дайы ?аншалы?ты ауыр бол?анмен ?рбір ж?мысшы мен ?рбір ауыл адамы ?зіні? шама-шар?ынша со?ыста?ы жауынгерлерге к?мектесуді ?здеріні? е? бірінші, негізгі ж?не е? басты борышы деп санады. Е?бек ерлігі. Б?л ?лы Отан со?ысыны? ерекше беттеріні? бірі.  Ж?мысшылар т?улік бойына дерлік заводтарда ?ару, техника жасады, ?скерлерге киім тікті. Сол кездегі халы? аузында?ы е? негізгі ?ран «Б?рі де майдан ?шін, б?рі де же?іс ?шін» еді. Станокты? жанында 12-14 жасар балалар ж?мыс істеді. 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлікке та?зым »

Тақырыбы: «Ерлікке тағзым»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, бейнефильмдер

Жоспары:

  1. Соғыс тақырыбына арналған әндер, слайдтар жүріп жатады.

  2. Фанфары ойнайды.

  3. 4 жүргізуші шығады.

  4. Соғыстың басталуы туралы Левитанның дауысы естіледі.

  5. «Журавли» әні жаңғырады.

  6. Жүргізушілер сөздері.

  7. 8 а, 8 б сынып оқушылары сахнаға шығады. Қолдарында майшамдар. Батырлардың суреттерімен слайд жүріп тұрады.

  8. Реквием

  9. Сағаттың соғуы. 1 Минуттық үнсіздік

  10. Монтаж

  11. Ұлы Отан соғысы жылдары

  12. Соғыстың аяқталуы туралы Левитанның дауысы естіледі.

  13. Кездесу

  14. Жеңіс туралы әндер

Барысы

1-Слайд. Тақырып жазылған

Би «Катюша»

Фанфары ойнайды. 4 жүргізуші шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар , ұстаздар, оқушылар! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күнінің 70 - жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.

2- жүргізуші: Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

3- жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
Левитанның дауысы

Сөзі В. Лебедев -Кумач пен композитор А. Александров «Қасиетті соғыс» әні.

4- жүргізуші: Бұл ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасіретті соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай - ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

1- жүргізуші: КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

2- жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

3- жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
4- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарын қошеметтеп қарсы алайық. Еңбек ардагері Павлодар қаласының құрметті азаматы «Қызыл Ту» орденінің иегері Шаймерденов Біләл Ыхсанұлы, еңбек ардагері Жексембина Клара Махметқызы, еңбек ардагері Бакина Бақыт Аждарқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қасенова Тұрсын Қомшабайқызы.

  1. жүргізуші: Сөз мектеп директоры Сулейменов Жомарт Нұртайұлына беріледі.

2- Слайд қазақстандық батырлар

2- жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде майданға аттанды. Қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Дильназ «Реквием»

«Журавли» музыка ойнап тұрады

8 а, 8 б сынып оқушылары сахнаға шығады, қолдарында майшамдар. Батырлардың суреттерімен слайд жүріп тұрады.

3 -жүргізуші: Отан үшін от кешіп қан майданда жанын пида еткен боздақтар рухына бас иіп бір минут үнсіздік жариялайық.

(Сағаттың соғуы) 1 Минуттық үнсіздік

Бейнефильм жүріп тұрады.

Монтаж

1 — оқушы:  Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

2 — оқушы:  Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

3 — оқушы:  Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

4 — оқушы:  6а

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

5 — оқушы:  Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.

6 — оқушы:
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп, боздағымен қоштасқан күн.





7 — оқушы:   Жабады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас- кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.

8— оқушы: Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.

9 — оқушы: Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.



3-слайд 28 панфиловшылар

1 жүрг.: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабуыл жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

2 жүрг.: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады

3 жүрг.:  Қызыл армия Москва түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Ән «Жауынгерлер»

4- Слайд Тыл еңбеккерлері

4 жүрг.: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Соғыс ауыртпалығының куәсі болған әжелеріміз сол күндерді былай деп еске алады: 
Оқушы: «Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді. Сол күндерде бел шешіп демалған сәттер есіме түспей тұр. Таңның атысынан, күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысамыз. Қолымнан бұл жұмыс келмейді дейтін сөз болмайды. Кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқимыз. Солардың қан кешіп жүргендері есімізге түскенде, шаршағанымыз ұмытылып кетеді. Қанша қиындық көрсек те біз ел ішіндеміз ғой деп шүкірлік ететінбіз» 
Оқушы: Өзіне жүктелген міндеттің жауаптылығы мен қажеттілігі әрбір әйелдің, қарттың, баланың жігерін ширата түседі. Соғыс жағдайы қаншалықты ауыр болғанмен әрбір жұмысшы мен әрбір ауыл адамы өзінің шама-шарқынша соғыстағы жауынгерлерге көмектесуді өздерінің ең бірінші, негізгі және ең басты борышы деп санады. Еңбек ерлігі... Бұл Ұлы Отан соғысының ерекше беттерінің бірі... Жұмысшылар тәулік бойына дерлік заводтарда қару, техника жасады, әскерлерге киім тікті. Сол кездегі халық аузындағы ең негізгі ұран «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Станоктың жанында 12-14 жасар балалар жұмыс істеді. 

Соғыс жылдары ауыл адамдарының еңбектері өте ауыр еді. Адам, техника, ат-көлік, азық-түлік жетіспеді. Бірақ, осы қиыншылықтың бәрін ана мен балаға, ақ сақалды қарттарға қайыспай көтеруге тура келді... 

2-жүргізуші: Кешіміздің қонақтары Еңбек ардагері Павлодар қаласының құрметті азаматы «Қызыл Ту» орденінің иегері Шаймерденов Біләл Ыхсанұлын және еңбек ардагері Жексембина Клара Махметқызын сахна төріне шақырамыз. (Ардагерлер естеліктерін тыңдау)

Ән «Ана туралы баллада»
 1-жүргізуші: Қырғын соғыс, қан жылатқан заман - ай
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те
Бар тілегім, ұрпағым болсын аман - ай - демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз сиреп барады, бірақ олардың арттарында қалған ұрпақтары бар. Бүгінгі біздің қонақтарымыз еңбек ардагері Бакина Бақыт Аждаровна және Қасенова Тұрсын Қомшабайқызының естеліктерін тыңдайық.

Ән «Болмасын соғыс»

Соғыстың аяқталуы туралы Левитанның дауысы

5-слайд Жеңіс

2- жүрг.:  1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні.

3- жүрг.:  Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына, міне, 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.

4- жүрг.:  Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Жеңіс күні» 9 сынып қыздары

1-жүрг.: Құрметті ардагерлер сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймыз. Бүгінгі кештен естелік ретінде сыйлығымызды қабыл алыңыздар.



2-жүрг.: Біздің мектеп оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Отты жылдар шежіресі» атты шығармашылар сайысы және сурет көрмесі өткен болатын. Енді сайыстың жеңімпаздарын марапаттау құрметі ардагерлерімізге беріледі.

1-жүргізуші:  Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
2-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!

8 сынып оқушылары сахнаға шығады.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін! »

3-Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Ерлікке тағзым» атты кешіміз аяқталды. Қонаққа келген ардагерлерімізге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!



































Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары  аянбай шайқасты. Ақыры олардың  үміті мен  сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында да Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл  азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама  ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.  Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған  балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.

Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстаннан да аттап өтпеді. Жүз мыңдаған отандастарымыз соғыстың алғашқы  сәтінде –ақ майданға аттанды. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

















Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. 
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 
Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?! 
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан 
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ерлікке та?зым

Автор: Жусупова Маржан Мубараковна

Дата: 14.10.2015

Номер свидетельства: 239561

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Біз тәуелсіз елміз!""
    ["seo_title"] => string(18) "biz_t_uelsiz_elmiz"
    ["file_id"] => string(6) "493011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1545891082"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?СТАЗЫМ – ?ЛА?АТЫМ "
    ["seo_title"] => string(19) "u-stazym-u-lag-atym"
    ["file_id"] => string(6) "152790"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420903537"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "« Имандылы? – инабаттылы? айнасы» "
    ["seo_title"] => string(28) "imandylyk-inabattylyk-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "214481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432312296"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(9) "cш №11"
    ["seo_title"] => string(6) "csh-11"
    ["file_id"] => string(6) "316309"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460050610"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "«Жас-?спірімдерді?  ?зге  дін  а?ымдарына ілесуіне  не  себеп  болуда »"
    ["seo_title"] => string(72) "zhas-ospirimdierdin-ozghie-din-ag-ymdaryna-iliesuinie-nie-siebiep-boluda"
    ["file_id"] => string(6) "297613"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456221873"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства