внеклассное мероприятие, посвященное международному женскому дню. Разработка на казахском языке. Идеально подходит и для проведения в младших классах начальной школы. Основной целью является нравственное воспитание детей. Развитие творческой инициативы, активности и самостоятельности учащихся;
Формирование чувства ответственности за порученное дело, умения доводить его до конца;
Воспитание уважительного отношения к девочкам, развития чувства доброты, желания дарить людям радость.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ертенгілік. «?ыз - елді? к?ркі» »
1. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әжелер мен аналар! «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі», деген мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктігінен, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөз. Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсіреді. Біз бүгін мектебімізде «Кішкентай ханшайым» атты байқау сайысымызды өткіземіз. Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасын тағайындайық. Әділқазылар қыздардың сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы,киім үлгілері, өнеріне жеке-жеке баға беріп отырады.
2.Жүргізуші: Әділқазылар алқасы қыздарымызды қорытындылағанша,балалар аналары мен әжелерін құттықтайды.
Әже дейміз, бәрімізде аңқылдап
Әже дейді жас сәбиде жарқылдап
Әже – деген бәйтерегі өмірдің
Әже – деген алтын қазық, алтын бақ
Немере үшін ең мейірімді жан әже
Жалықпай ойнаған ол жасырынбақ.
Альмира: Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем,
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем,
Шуағы мол –нұр әжем,
Ақ орамалды тағып ап,
Аман-есен жүр әжем
Жанерке: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі, дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Ән: «Біз бала көктемгі»
1.Жүргізуші: Модель қыздар бар бізде
Әдемі ұзын өзі де
Кір жумайды, не тікпейді
Түрлі киім киеді.
«Көрікті» номинациясы. Қатысушыларды сахна төріне шақырамыз.(Қыздар бір – бірінің соңынан сәнді киім, шаш үлгілерін, әдемі қозғалуды, жүру мәнерін көрсетеді)
2.Жүргізуші: Әділқазылар шешіміндерін хабарлағанша, балалар аналар мен әжелерін құттықтауларын жалғастырады.
Қаламқас: Айналайын анашым - әлемдегі жан асыл,
Болса маған не керек, бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым – асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп, құшағына аласың
Сана: Ананың біз гүліміз
Ана – біздің күнімі
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүрініз
Айсулу: Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ән: «Құттықтаймын»
1.Жүргізуші: «Күлімсіреу» номинациясы. Қатысушы қыздар бір шумақтан өлең орындайды. Қазылар орындау шеберліктерін, саз әуеніне қимылдарын, эмоциялық қабылдауын бағалайды.
2.Жүргізуші:Жарайсындар қыздар. Әділқазылар қорытындылауға кірісті, ал біз аналарымызды сайысшыларды құттықтайды.
Сана: Жүре берсем қасында
Айбат анам, ай анам
Ботам деген даусынан
Мен мәз болып оянам
Айналайын ақ мамам
Аяулым: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан анам
Көкте күнім батса да
Өзің күнсің балаға
Айқын: Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын
Ән: «Бақыты үшін баланың»
1.Жүргізуші: «Тапқыр» номинациясы. Сұрақтарға жауап беру кезекпен.
Қонжықтардың неше аяқтары бар? (4)
Екі картоп 10 минут пісті. Сонда бір картоп неше минут қайнаған?(10мин)
Анасына балалар 2 қызғалдақ, 3 түймедақ сыйлаған. Неше гүл гүлшоғында бар ?(5)
Жұмулы көзбен не көруге болады ?(түс)
Қай сан аударғанда өзгермейді ?(0,8)
Нанды неден пісіреді ? (қамыр)
Қар қандай ?(аппақ,суық,үлпілдеген)
Аптада неше күн ?(7)
Біз қай елде тұрамыз ?(Қазақстан)
2.Жүргізуші:Жарайсындар , жақсы жауап бердіндер. Әділқазылар шешімдерін қабылдауда, ал біздер аналар мен әжелерін құттықтауларын жалғастырамыз.
Рамазан: Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін,
Ақылына көнемін,
Өлен айтып беремін
Ойнап келсем, «күнім»-деп,
Қарсы алады күлімдеп,
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды
Дария: Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің - өмірі
Таусылмайтын жыр маған
Альмира: «Ана» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де
«Ата» деген сөзді де
Ойлап тапқан балалар
Инкар: «Күнім» «жаным»дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Ботақаным» дегенді
Ойлап тапқан аналар
Айман: Менің әжем, нәр әжем
Көп жасған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
Ән: «Бала,бала, балапан»
1.Жүргізуші: Өте тамаша балалар, «Ата-байтерек, ана-бұлақ, бала-жапырақ»- деп тегін айтылмаса керек, аналар, жапырақтарыңыз жайқала берсін, енді балалар өздері білетін мақалдарды айтып береді. Балалар мақал-мәтелдер айтады.
Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер
Ананың сүті бал, баланың тілі балі
Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
Қыз – қуыршақ дейді, ұл құлыншақ дейді
Табағын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал
Шешеге қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
Бәрі қосылып: «Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды» - дейді.