kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есімі өшпес өр тұлға

Нажмите, чтобы узнать подробности

                   Тлебалганова Динара Нурмухаметовна

Шығыс  Қазақстан  облысы, Семей  қаласындағы  №21 жалпы  орта  білім  беретін  мектептің қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Есімі өшпес өр тұлға

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есімі өшпес өр тұлға»

Тлебалганова Динара Нурмухаметовна

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Есімі өшпес өр тұлға


Мақсаты: Шәкерім Құдайбердіұлының өмір кезеңдерін оқыту, шығармаларын әңгімелеу, Шәкерім шығармаларын оқыта отырып оқушы бойына іздемпаздықты, ұлтын сүюді, патриоттықты қалыптастыру.

Көрнекілігі: Шәкерімнің өмірі мен шығармашылығына байланысты презентациялар, шығармалары, буклет, альбомдар, ұлағатты сөздер, әдеби кітаптар, өлеңдер жинағы, «Шәкәрімтану мәселелері».

Барысы.

Мұғалім: Шәкәрім - ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп дамыған идеяларды,халықтың азаттылығын туғып ұстап, еліміздің еркін дамуын аңсаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілі.

Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат - қасиеттер лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмалардағы дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі-өрнектерін қызықтауы, орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруы да, шежірешілдігі - бәрі де өз заманының тілек - талаптарына сәйкес қалыптасқан.

Шәкерімнің ақындық жаңашылдығы тыңнан қосқан өлең өлшем өрнектерінен, өлеңдеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынан алғанда Шәкерім қазақ әдебиетіне ғана емес, дүние жүзі әдебиетінде өте сирек құбылыс дей аламыз.

( Шәкерімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні орындалады.)

1 – жүргізуші: Адамдық борышың-

Халқына еңбек қыл.

Ақ жолдан айныма,

Ар сақта,оны біл, - деп жырлаған қазақтың ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы бұрынғы Семей облысы Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы 11 - шілдеде дүниеге келген. Шәкәрімнің әкесі Абайдың туған ағасы еді. Әкеден ерте айрылған Шәкәрім Абайдың тәрбиесінде болған еді. Бұл - оның ақын ретінде қалыптасу жолына ерекше әсер етті.

2 – жүргізуші: Арнайы оқу орындарын бітірмегенімен Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы ең ғұлама ақындарының бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерін ғана емес, орыс тілін де жетік біледі. Шығыс классикалық поэзиясын, орыс және Еуропа әдебиетінің озық үлгілерін терең түсініп оқиды. Орта жастан асқанда екі рет қажылыққа барып қайтады.

1904 жылы Абай өлімінен соң Шәкәрім өмірден баз кешіп, Шыңғыс сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби қызметпен айналысады. Көптеген өлеңдерін газет бетіне бастырады.

1 – оқушы: Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыдан туып күйім.

Оятқан мені ерте шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып кетті кірі.

2 – оқушы: Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,

«Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың».

Жанымен сүйді әділет, ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең,

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.


3 – оқушы: «Жастарға» атты 1879 жылы жазылған өлеңінде Шәкәрім жастардың өмірлік мақсаты туралы айта отырып, өзінің өнерпаздық бағытын айқындайды.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық,

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!

Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік,

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» делік.

4 – оқушы: Шәкәрім үшін байлықтың үлкені – ғылым. « Үш - ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде былай дейді:

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,

Өкініші қалмайды келте ағатын.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңда адам атың.

Мұнда Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңімен ішкі идеялық үндестік айқын сезіледі.

5 – оқушы: Мен-дағы тіршілікке қадам бастым.

Рахат, бейнет, өр іске араластым.

Өмір бойы қуабақ жынды ісі ғой,

Кейде асып, кейде қашып, кейде састым, - дейді

ол «Дүние мен өмір» өлеңінде.

6 – оқушы: Шәкәрім сөзі

« Жазғытұрым әкем өліп, ауылға ат қойып келіп жатқан адам көп болды. Мен есік алдындағы төбешікте отыр едім, тасқа өрлеп бара жатқан құртты көріп, оны езіп өлтірдім. Әлден соң өлген құртқа жаным ашып аяп кеттім де, құрт болып өлең шығардым.

Өлтірдің, не таптың сен онан пайда,

Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.

Өлімнің қандайлығын көзің көрді,

Кешегі тірі жүрген әкең қайда?

Менің де жетім қалды балаларым,

Олар да жылайды іздеп аналарын.

Өзің жетім, жетімді аясаңшы,

Жоқ екен басыңда ми саналарың».


7 – оқушы: Араб, парсы, түрік, татар, орыс тілдерін жетік меңгерген ақын көптеген халықтардың жинаған асыл қазыналарын аударма жасап қазақ халқына табыстады.

Лермонтов, Некрасовтай ақындарын,

Өнеге етсе солардың мақұлдарын.

Өзімшіл, надандықтан көзі ашылып,

Аңғарар адал жолға жақындарын.

8 – оқушы: Адам үшін – еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағаның қарап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім!

9 – оқушы: Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,

Ортасы өмір, жоқтық қой екі басы.

Сағымдай екі жоқтың арасында

Тіршілік деп аталар біраз жасы.


(Оқушыларға сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынады.)

  1. Шәкәрім неше жастан бастап өлең жазған?

Жауабы. 7 жасында.

  1. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы қашан қандай журналда жарияланды?

Жауабы. Ташкент қаласындағы «Шолпан» журналында, 1922 жылғы сандарында.

  1. Шәкәрім мұраларын тірнектей жиып жүрген жұмбақ адам кім?

Жауабы. Ол 1900 жылы Абай елінде Шыңғыстауда дүниеге келген.

15 жасында бала ақын атанған. 1931-1932 жылдары «Бидай салығын төлей алмағаны» үшін деген желеумен айдалған, 1937 жылы «Халық жауы» атанып қайыра сотталған

Ахат Шәкәрімұлы.

  1. Шәкәрім қай тілдерді меңгерген?

Жауабы. Араб, парсы, түрік тілдері.

  1. Шәкәрім кім?

Жауабы. Жазушы, аудармашы, тарихшы, ойшыл.

  1. «Мұсылмандық шарты» шығармасы қандай туынды?

Жауабы. Прозалық туынды.

  1. Абай Шәкәрімді білімін толықтыру үшін қай жерлерге жұмсайды?

Жауабы. Стамбулға, Мекке-Медина, Мысырға.

Қорытынды.

Мұғалім: Біз Шәкәрім шығармаларымен таныстық. Шәкәрімнің шығармаларының жариялануына баласы Ахаттың еңбегі зор. Ахат әкесінің құдықта қалған дене сүйегін бір өзі қазып алып еліне, Абайдың бейітінің қасына жерлейді. Ахат «Әкейді елге әкеліп жерлегенде жыламаған адам қалмады» деп есіне алады.

Міне,осындай өр тұлғалы атамыздың шығармалары әлі де зерттелмеген, жарияланбағандары да бар секілді. Оны зерттеп іздеу – біздің міндетіміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Есімі өшпес өр тұлға

Автор: Тлебалганова Динара Нурмухаметовна

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360279

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Өшпес ерлік- ұрпаққа мұра"
    ["seo_title"] => string(31) "oshpies_ierlik_u_rpak_k_a_mu_ra"
    ["file_id"] => string(6) "468735"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525719279"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) ""Мәңгілік өшпес отты жылдар" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "m_n_ghilik_oshpies_otty_zhyldar_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "423165"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1498456524"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Т?рбие са?аты " М??гілік ?шпес-отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-2"
    ["file_id"] => string(6) "336033"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466758616"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты: "М??гілік ?шпес - отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-3"
    ["file_id"] => string(6) "336035"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466759186"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты: "М??гілік ?шпес - отты жылдар""
    ["seo_title"] => string(49) "t-rbiie-sag-aty-m-n-ghilik-oshpies-otty-zhyldar-4"
    ["file_id"] => string(6) "336036"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1466759193"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства