Ежелден ер тілегі-ел тілегі. Адал ?л ер боп туса –ел тірегі.
Ежелден ер тілегі-ел тілегі. Адал ?л ер боп туса –ел тірегі.
Жас ?рпа??а тере? мазм?нды білім беру мен ?лтын с?йетін патриот азамат етіп т?рбиелеу б?гінгі мектепті? басты мі?деті. Мектеп білім оша?ы,т?рбие –ордасы,жеке т?л?аны ?алыптасуына жа?дай жасайтын ?леуметтік орта. ?ай елде патриотты? т?рбие к?рсеткіші жо?ары болса,сол елде саяси т?ра?тылы? болатыны белгілі.
Партиотты? т?рбие беру, халы? тарихын сыйлап, о?ан ма?танышпен ?арау ма?сатында 9 сынып о?ушылармен Черкасск ауылды? округі бойынша ?лы Отан Со?ысына ?атыс?ан со?ыс ардагерлеріні? к?зі тірісі Александр Федорович Галкинмен кездестік. Кездесу кезінде о?ушылар ?здерін ?ызы?тыр?ан с?ра?тар ?ойып, со?ыс ардагеріні? ?мірбаяны,майдан жылдарында?ы кезін ?лкен ?ызы?ушылы?пен ты?дады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ежелден ер тілегі-ел тілегі. Адал ?л ер боп туса –ел тірегі. »
Ежелден ер тілегі-ел тілегі.
Адал ұл ер боп туса –ел тірегі
Б. Момышұлы
Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептің басты міңдеті. Мектеп білім ошағы,тәрбие –ордасы,жеке тұлғаны қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіші жоғары болса,сол елде саяси тұрақтылық болатыны белгілі.
Партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарау мақсатында 9 сынып оқушылармен Черкасск ауылдық округі бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысқан соғыс ардагерлерінің көзі тірісі Александр Федорович Галкинмен кездестік . Кездесу кезінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, соғыс ардагерінің өмірбаяны,майдан жылдарындағы кезін үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Галкин Александр Федорович 1927 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.Әкесі- Федор Данилович диірменші,анасы Степанина Тереньтьевна үй шаруашылығымен айналысқан.
17 жасында әскер борышын өтеуге шақырылады. Башқырстан жерінде әскери міңдеттін атқарады.
Біраз уақыт өткен соң 97- атқыштар дивизиясына алынады.
1945 жылы ерлігі үшін алтын медальмен марапатталады. 1946 жылы манчжур құрамында жұмыс жасайды.
1951 жылы өзінің туған ауылына қайтып келіп, бригадир қызметін атқарады. Сол жылы II дәрежелі “Еңбек” ардагер медалімен марапатталады.
Александр Федоровичтің 3 ұлы 1қызы бар. Олардан 11 немере,11 шөбере сүйіп отыр.
Ерлік пен елдікке ,білімге, ізгілікке,адамгершілікке,патриоттық тәрбиеге жетелеген атамыздың сөздері оқушыларды жігерлендірді.
Кездесу соңында атамызға Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, өмір жасы ұзақ , дені сау, немере-шөберелерінің қызығын көріп жүре беруін тіледік!!!
Алматы облысы
« Сарқан аудандық білім бөлімінің
Қарғалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен »