Б?л т?рбие ж?мысы "иман" деген ??ымны? тере?іне бойлап, жастар мен жас?спірімдер т?рбиесінде оны? алатын орнын, ата-ана мен ?о?амны? имани т?рбиеге деген б?гінгі к?нгі к?з?арасын аны?тау?а ба?ыттал?ан. Саба?тан тыс уа?ытта ?ткізілуге тиісті іс-шараны? зор т?рбиелік м?ні бар ?рі білімгерлерді? діни сауатын ашып, ны?айтатын м?ліметке толы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
15 Білімгерлерді имандылыққа тәрбиелеп, сіңіруге, сіздіңше, қандай іс-шаралар септігін тигізбейді?………………………………………………………
Студенттерге арналған сауалдар:
Аты-жөнің…………………………………………………………………………
1 Иман деген не? Иман дегеніміз – ………………………………………………
2 Дін деген не? Дін дегеніміз – …………………………………………………
3 Қай дінге сенесің? Менің дінім келесідей аталады:……………………………
4 Сенің дініңде иман деген түсінік бар ма? Менің дінімде иман дегеніміз……
5 Өз дініңе қаншалықты беріксің? Мен келесідей құлшылық жасаймын:……
6 «Иманды болу» деген нені білдіреді? Иманды болу деген –…………………
7 «Имани тәрбие» нені білдіреді? Имани тәрбие беру деген …………………
8 Имани тәрбиенің қандай маңызы бар? Имани тәрбие келесідей нәтиже береді: ………………………………………………………………………………
9 Иманды азаматтың дін алдында жауапкершіліктері бар ма? Астын сыз: иә немесе жоқ
10 Әр жас қазақстандық қандай болуға тиіс ? Әр жас қазақстандық …………
Б) Қаланың бас мешітінің имамы баяндама оқыды.
Кездесудің құрметті қонағыбірнеше жылдан бері өңірде дініміздің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан азамат,тәжірибесі мол, білімді де білікті маман ретінде имандылықтың неден басталатынын тілге тиек етіп, жастарға маңызды мағлұмат берді. Сонымен қатар мешіт қызметкерлерінің қоғамда иманды жастардың артуына ауқымды үлес қосып келе жатқанын, өткен жылдарда атқарған игі жұмыстары жайлы да айтып өтті.
Имам: Бейбітшілік пен мейірімділікке шақырушы асыл дініміз адам баласын кешірімді, қайырымды болуға үндейді. Бұл жайында Алла Тағала қасиетті кәләмінің «Ағраф» сүресінің 199-аятында былай дейді: (Мұхаммед) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ, надандардан бет бұр». Асыл діннің тарихында алтын әріптермен жазылатын айтулы уақиғалар, ұлы жеңістер кешірім мен мейірім, тақуалық пен көркем мінез арқылы іске асқан. Кешірім адамзат арасындағы салқынды жылытатын, мұңлыны қуантатын қасиет. Кешірім бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті, махаббатты арттырады. Кешірім бірін-бірі жек көретіндердің амалын босқа шығарып достастырады. Құран кәрімде «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл.) Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді» (Фуссилат, 34 аят.) дейді.
Хақ діннің ақиқаты сондай биік дәрежедегі көркем қатынастың нәтижесінде жүректердің төрінен орын алды. Мұны тарихтың өзі дәлелдеп бергенін бүгінде баршамыз білеміз. Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: "Егер кімде үш қасиет болса, Алла тағала оның есебін жеңіл етіп және мейірімімен жәннатқа кіргізеді. Сонда сахабалар Алла елшісіне (с.а.у.) ол қандай қасиет деп сұрайды? Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Бермегенге беруің, сенімен арасын үзген адаммен қарым-қатынас орнатуың және саған зұлымдық еткен адамды кешіруің. Егер осы амалдарды істесең жәннатқа кіресің"-дейді.
Міне, қадырменді ағайын, сүннетін салтына, дінін дәстүріне ұштастырып тірлік кешкен халқымыз шариғат бұйрықтарын, дінін діліне айналдырып, «Таспен ұрғанды аспен ұр», «Кең болсаң кем болмайсың», «Ақ сауыттың жағасы бар – жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар – кегі жоқ» деп қызыл тілмен өрнектеген».
Жамағатты бірлікке, кешірімділікке үндеген уағыздан соң имам:
Дінен қайтқандар мен қасарушыларды тәубеге шақыру кітабында Қасиетті Құран-Кәрімде «Аллаһқа серік қосқанның күнәсі және оның дүние-ақыреттегі жазасы туралы.Аллаһ тағала; «Расында,ширк-зор зұлымдық.Егер Аллаһқа ортақ қоссаң,әлбетте амалың жойылып,анық зиян шегушілерден боласың»,-деген/ «Зумәр»сүресі,65-аят./ Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с)-ның хадистерінде Ибн Масғудтан/р,а/,Ол; «Бір кісі; «Уа Аллаһтың елшісі ! Жәһилият дәуіріндегі ісіміз үшін жауапқа тартылымыз ба?-деп сұрағанда,Пайғамбар/с,ғ,с/; «Исламда жақсы амалдар істеген/адам/ жәһилият дәуірінде істегендері үшін жауапқа тартылмайды, ал Исламда жаман істер істеген бұрынғысы үшін де,кейінгісі үшін де жауапқа тартылады»,-деді.
В) Білім ордасы мен ата-ананың ынтымақтастығы (пікір алмасу)
Жарыссөзге қатысқандар: оқу орнының жетекшісі, ұстаздар, тәрбие ісі жөніндегі жетекші, І - IV курс студенттері, ата-аналар, топ жетекшілері және оқу орнының психологы.
Тәрбие ісі жөніндегі жетекші: "Имандылық дегеніміз не?"- деп әлі дағдарып жүрген қоғам мүшелері бар. Бұл ұғымның шынайы мәнін түсіндіріп жатқанымыз еш артықшылық етпейді. Үйімізде тәрбиенің осындай маңызды тетігіне қаншалықты мән беріп жүрміз деп бір сәт ойланғанымыз дұрыс шығар. Жас та болсақ әрбіріміздің артымыздан еріп, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз бар.
Оқу орнының жетекшісі: Бүгінгі жас - ертең бір шаңырақтың иесі. Қазіргі жасөспірімге бөлінген көңіл мен берілген тәрбие болашақтың кілті болмақ. Қоғамның гүлденуі дер кезінде айтылған ұлағатты сөзден басталады.
І курс топ жетекшісі: Тағылым айтар діндар адамдар барда саналы жастың қатары сарқылмайды. Себебі әлеуметтену процесінің әр кезеңі маңызды, жасөспірімдер түзде жүргенде, яғни мектеп пен жоғары оқу орнында білім алып жүріп сауатты мұғалімдер мен дінтану мамандарының ақыл-кеңестеріне қашанда құлақ асауға дайын. Бүгінгі тәлімді әңгіме санамызға сіңіп, ой тастасын. Жүрген ортамызда имани тәрбие алған, оның мәнін жете түсінген жастар мен аға буын саны арта берсін деп тілеймін.
Психолог: Діни тәрбие жеке бас этикасынан алыс жатпайды. Екеуі де бір мақсатта жұмыс істейді. Сондықтан отбасы болып зиялы діни көзқарастар шегінде иман келтіргендер ұтпаса, ұтылмайды.
Студенттің ата-анасы: Үйдегі тәрбиенің жөні бір бөлек, сырттан алынған тәлімнің өз алдына бір бөлек екенімен келісемін. Алайда әке-шешенің барлығы білімді де көзі ашық деуге келмейді. Сондықтан біз, ата-аналар, білімді ұстаздармен, дін қызметкерлеріне көп үміт артып, балаларымыздың түзу жолдан таймауларын тілеп, тақымдарын қысып отырамыз.
104 топ студенті: Көп нәрсені білмеген екенбіз. Осындай кездесулердің жиі болғанын қалаймын.
404 топ студенті: Расымен, көкейде жүрген талай сауалға жауап алдық. Осындай білімнен сусындағанымыз болашағымызға зор игілік әкеледі деп ойлаймын.
Г) Жастардың діни сауаты мен білім сапасын көтеру мәселесін талқылау негізінде келесі ұсыныстар қабылданды:
Жасөспірімнің санасына сапалы білім, иман мен тәлім-тәрбие қонуы үшін оқу орны мен ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бойжеткен мен бозбала үшін ата-ана тек меценат, яғни асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен өмірлік тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп, оған әртүрлі жағдайда ақыл-кеңес бере білуге тиісті.
Ата-ана ер жетіп қалған баласына көбірек уақыт бөліп қадағалап, бағыттап, бағалап, білім алудағы олқылықтарын анықтап, дер кезінде көмектесіп отыруы керек. Дін мәселесінде ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
Буыны қатаймаған жастар өздерін-өздері жетілдіру бағытында жұмыс істеуге тиіс (газет, журнал, теледидар).