kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интеллектуальный конкурс по казахскому языку и литературе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие по казахскому языку и литературе для 7 классов. Цели интеллектуального конкурса: - воспитать любовь к родному языку; развитие интереса к художественной литературе; проверка овладения пройденного материала. Конкурс состоит из шести туров: І тур «Б?йге»,  ІІ тур «Тіл-?нер», ІІІ тур «Жор?а», 

ІV тур  «Тап?ырлы?», V тур «9 ж?мба?», VІ тур «Шешендік ?нер».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуальный конкурс по казахскому языку и литературе»






(Зияткерлік сайыс)














Павлодар облысы,Ертіс ауданы

Ағашорын ЖОББМ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ахатова Зәуреш Сабыржанқызы

Ең озық әдебиетші


Мақсаты: 1.Қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген материалдарды

қалай меңгергендерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын қалыптастыру, көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.

2.Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа, шешендік өнерге баулу.

3.Оқулық және қосымша материалдарды пайдаланып, ғылыми – танымдық әрекеттерді жетілдіру, шығармашылық ізденіске тарту.


Барысы

Оқушыларды сабақтың шартымен таныстырамын, сайыс VІ кезеңнен тұрады.

І кезең. «Бәйге»

ІІ кезең. «Тіл-өнер»

ІІІ кезең. «Жорға»

ІV кезең. «Тапқырлық»

V кезең. «9 жұмбақ»

VІ кезең. «Шешендік өнер»


Оқушылар өздерін таныстырады.


І кезең «Бәйге»

30сұрақ беріледі. Өзім оқимын. Оқушылар қолдарындағы белгіні көтеріп, жауап береді.

1.«Әдебиет» сөзі қай тілден енген?

2.Әдебиет нешеге бөлінеді?

3.Ауыз әдебиеті деген не?

4.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

5.Әр түліктің пірлері жайлы не білесің?

6.Наурыз жыры туралы айт.

7.Мақал-мәтелдер деген не?

8.Бір жұмбақ жасыр.

9. Ертегінің неше түрі бар?

10.Әдеби ертегі деген не?

11.Қандай әдеби ертегіні білесің? Кейіпкерін ата. Ол қандай жақсылық жасады?

12.Ер Төстіктің адал серіктері кімдер?

13.5-сынып әдебиет оқулығынан өзің оқыған шыншыл ертегілерді ата.

14.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің қиял – ғажайып ертегіге жататы-

нын дәлелде.

15.Қандай аңыз әңгімелер білесің?

16.«Байдалы бидің көңіл айтуы» атты шешендік сөздің мазмұнын айт.


17.Қандай діндерді білесің?

18.Исламның бас кітабы.

19.Құранда неше сүре бар?

20.Алланың неше аты бар?

21.Оның шын аты кім?

22.Мысал өлеңдер жайлы айт.

23.«Соғыс» өлеңі не туралы. Өлеңнің авторы жайлы айт.

24.«Дүние қалай етсең табылады?» кімнің әңгімесі. Не туралы?

25.Абай кім? Ол айтқан бес асыл мен бес дұшпанды атап бер.

26.Кейіптеу деген не? Кейіптеу тәсілімен жазылған қандай шығармалар-

ды білесің?

27.«Сағындым» кімнің өлеңі? Бірнеше шумағын жатқа айт.

28.Жамбылдың дастанын ата.

29.Жаралы киік жайлы өлең жазған ақын кім?

30.Сабалақ деген кім? Ол жайлы қандай шығарма оқыдың?


ІІ кезең. «Тіл - өнер»

Бұл кезеңде оқушылар берілген сөйлемнен тапсырылған сөздерді үш тілде айтады.

1.Тіл білімі бірнеше саладан тұрады.

2.Біз орысша және ағылшынша оқып үйреніп жатырмыз.

3.Білімді адамның алмайтын қамалы жоқ.

4.«Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың, үш тіл біл-

сең үш адамсың», - деген Абай атамыз.

5. Қазақ тілі – ең көркем, ең сұлу, ең шұрайлы тіл.

6.Лексика сөз мағынасын зерттейді.

Осы кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы жарыстан шығады.


ІІІ кезең «Жорға»

Әр оқушыға 5 сұрақтан беріледі, тез әрі мүдірмей жауап беруі қажет. Ұпайы жоғары оқушы бастайды.

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазған шығармасын ата.

3.1897 жылы өмірге келіп, өзінің ұлы туындысы арқасында қазақты әлемге танытқан жазушы.

4.Кейіпкер туралы түсіндір.

5.Абайға кім өз домбырасын сыйға тартты?(Ақын қонақтар)



1.Пейзаж деген не?

2.Қазақтың төл дыбыстары нешеу? Ата.

3. «Лашын» кімнің әнгімесі. Лашын деген не?

4.Зытып келем, зытып келем, артыма қарай қарай зытам...

Зытып келе жатқаным - қашып келемін... Ол кім? Қайда, кімнен қа-


шып келеді?

5.Әбділда Тәжібаевтың қай шығармасын өттік?

1.Портрет деген не?

2.Буынның неше түрі бар?

3. «Жаңа достар» әңгімесінің кейіпкерлерін ата, оларға мінездеме бер.

4.Бала Шоқан әнгімесінің авторы кім?

5.Шоқанның тентек інісінің атын айт?


1.Проза деген не?

2.Мысық қай шығарманың кейіпкері?

3.Сөзжасам жайлы не білесің?

4.Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа оқы.

5.Маяк туралы естігенінің бар ма?


1.Қ.Әбдіқадіровтың қандай шығармасы бар? Кейіпкері туралы не біле-сің?

2.Поэзия деген не?

3.Біріккен сөз туралы айт, мысал келтір.

4.Дауылды жақсы көретін қай ақын.

5.Ар – ұят – кісілік ажар, нан ,

Табиғат - ананың сыйы артқан. Кімнің қандай өлеңі?


ІV кезең. «Тапқырлық»

Әр оқушы өзі таңдап алған тақырыбқа, 6 мақалдан айтады, бір фразеологиялық тіркестің мағынасын ашады.


1.Отан, туған жер туралы мақал

Ит өлген жер.


2.Батырлық, ерлік туралы мақал

Ит терісін басына қаптау


3.Оқу, өнер – білім туралы мақал

Ит басына іркіт төгілген


4.Еңбек туралы мақал

Түйе үстінен сирақ үйткендей.


5.Достық, жолдастық туралы мақал

Арасынан қыл өтпестей

Осы кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады.




V кезең « 9 жұмбақ»


30 30 30

40 40 40

50 50 50


Оқушылар ретімен қалаған сандарын атап, сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап бере алмаса, басқа оқушы жауап беруіне болады. Ал ұпай дұрыс

жауап берген оқушыға саналады.


Сұрақтары:

1.Сол жақтағы 30.

«Қой сүеді баласын қоңырым деп,

Ештеңеді білмеген момыным деп» (өлеңді ары қарай жалғастыр)


2.Ортадағы 30

Туынды сөздерді жасаудың неше тәсілі бар?


3.Оң жақтағы 30

«Аяз би» ертегісінің кейіпкерлерін ата.


4.Сол жақтағы 40

С.Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңін жатқа айт.


5.Ортадағы 40

«Отырар» кімнің шығармасы? Не жайында?


6.Оң жақтағы 40

Орфография және орфоэпия деген не?


7.Сол жақтағы 50

Мұқағали Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңін жатқа айт.


8.Ортадағы 50

Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздерге мысал келтір


9.Оң жақтағы 50

Қандай жүйрік сәйгүліктер туралы әңгіме оқыдың? Авторы кімдер?



Осы кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.


VІ кезең. «Шешендік өнер»

Қалған екі оқушыға екі тақырып беріледі, сол бойынша бір минут ойла-

рын жинақтап, пікірлерін ортаға салады. Сарапшылар ұтымды, жүйелі, ой, пікір айтқан ойыншыны жеңімпаз деп таниды. (Оқушының сөз саптауына, сөйлеу мәдениетіне, шешендігіне ерекше назар аударылу қажет).


Ұсынылатын тақырыптар: «Отаным – алтын бесігім», «Батыр туса

- ел ырысы », «Еңбек - бәрін де жеңбек», «Менің Қазақстаным».

Ең көп ұпай алған оқушы «Ең озық әдебиетші» атанады. Жақсы білімі-

мен көзге түскен оқушылар марапатталады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Интеллектуальный конкурс по казахскому языку и литературе

Автор: Ахатова Зауреш Сабыржановна

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295404

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Речевая деятельность на уроках казахского языка и литературы"
    ["seo_title"] => string(64) "rechevaia_deiatelnost_na_urokakh_kazakhskogo_iazyka_i_literatury"
    ["file_id"] => string(6) "592823"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1638082879"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Интеллектуальная игра «Умники и умницы». "
    ["seo_title"] => string(44) "intielliektual-naia-ighra-umniki-i-umnitsy-3"
    ["file_id"] => string(6) "187430"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426515322"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(215) "Интеллектуальная игра, посвященная Первому президенту Республики Казахстан Н.А.Назарбаеву, "Что я знаю о Президенте?""
    ["seo_title"] => string(80) "intielliektual_naia_ighra_posviashchiennaia_piervomu_priezidientu_riespubliki_ka"
    ["file_id"] => string(6) "354906"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478162895"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Методический семинар "Как прекрасен наш богатый и могучий язык !" "
    ["seo_title"] => string(72) "mietodichieskii-sieminar-kak-priekrasien-nash-boghatyi-i-moghuchii-iazyk"
    ["file_id"] => string(6) "240072"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444927184"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Актуализация идеи  триединство  языков в контексте интегративного обучения "
    ["seo_title"] => string(85) "aktualizatsiia-idiei-triiedinstvo-iazykov-v-kontiekstie-intieghrativnogho-obuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "126960"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415249804"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства