Іс-шара тақырыбы: "Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу "
Іс-шара тақырыбы: "Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу "
Оқушыларды оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ыбырай өлеңдері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Іс-шара тақырыбы: "Ы.Алтынсарин өлеңдерін мәнерлеп оқу "»
Сыныбы: 5 сыныптар Тақырыбы: «Ы Алтынсарин өлеңдері » мәнерлеп оқу сайысы. Мақсаты: Оқушыларды оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Ыбырай өлеңдері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Сайыстың барысы: 1 - жүргізуші: - Армысыздар көрермен қауым. 5 сыныптар арасында «Ы Алтынсарин өлеңдері » атты мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер. 2 - жүргізуші: Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем, Жансыз өлең жанымды алды кілең. Бір ойым жүрегімде қаза болып, Бір ойым көмейімді қалды тіреп, Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем
Кіріспе : Презентация Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы видео
Мұғалім: Ы.Алтынсарин есімін еске түсіру 175 жылдығын атау мақсатында осындай сайыс өткізу. 1 - жүргізуші: Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек, 1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт. 2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді). 3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2 - жүргізуші: Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар. Сонымен, 1. Мектеп директорының оқу ісі тәрбиесі жөніндегі орынбасары – Нугуманова Нургуль Қуанышбековна 2.Қазақ тілі оқытушысы- Балабиева Дина Аблхановна 3. Биология мұғалімі –Жұматай Маржан Жұмабековна
1 - жүргізуші:- Ендігі кезекте сайыскерлермен таныс болыңыздар
5 сынып оқушылары ортаға шығады:
------------------------------- Оқушылар кезекпен шығып, дайындаған өлеңдерін оқиды.
Өнер-білім бар жұрттар Тастан салай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Адамды құстай ұшырды; Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді; Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді. Теңізде жүзді балықтай, Дүниені кезді жалықпай, Білгендерге осылар Бәрі-дағы анықтай, Білмегенде танықтай; Біз де бекер жатпалық, Осыларға таныспай; Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай; Желкілдеп шыққан көк шөптей Жаңа өспірім достарым, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз, қалыспай. Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі деп Ескермедік мақалды... Біз болмасақ сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды.
1 - Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір – күрес, жеткізе ме мұратын? Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімеген, Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
Енді ортаға әділқазылар алқасын шақырайық, сайыстың шешімін оқиды.
2 - жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық Мезгілде біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осыменен байқауымыз аяқталды! Назарларыңызға көп рахмет!