Просмотр содержимого документа
«?ара?ат аруы-2015 »
«Қарақат аруы-2015»
Қатысатындар : 6,7,8,9 сыныптар
Мерзімі : 5.03.2015ж
Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы : ұлттық мәдениет , ізгі салт , әдет-ғұрыптарын оқушылар бойына терең сіңіру , имандылық , ізгілік сезімталдық , әдептілік қасиеттерді қалыптастыру .Өткенді біле отырып , болашақтан нәр алу.
1-жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген – ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8-наурыз күні құтты болсын, -
Аналар мен арулар мерекесі!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар, көрікті әпке-қарындастар, айбынды аға-бауырлар! Бүгін сіздер мектебіміздің жақсы салт-дәстүріне айналған, асыға күткен «Қарақат-2015» атты қыз сыны байқауын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!
2-жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен – 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе – елдің көркі. Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.
2-жүргізуші:Үкілі кәмшат , бүрмелі көйлек ,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашы төгіліп жерге
Күмісті шашбау жарасып белге ,
1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді, міне, ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Қошеметпен ару қыздарымызды ортаға кезекпен шақырамыз)
2-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап әдемі қыз.
Озамын деп нық сеніммен,
Шықты ортаға ..............қыз
1-жүргізуші: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,
Қанеки бәрің бері қараңдар.
Дидары атқан таңдай арайлы,
Қарсы алайық бұрымды қыз ............
2-жүргізуші: Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,
Қыпша белі тал шыбықтай бұралған.
Қарсы алайық ..............қошеметпен,
Өнерімен көрерменді таңқалдырған.
1-жүргізуші: Көптен күткен қыздар келді арайлы,
Келесісі кім деп жұртым қарайды.
Бұрымды қыз .................... әрдайым
Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.
Бірге: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
1-жүргізуші: Асқар анау аталар,
Салиқалы аналар.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бұрымды қыз атанар.
Арулардың реттік нөмерін анықтау
2-жүргізуші: Уа, арулар, арулар!
Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар, – деп сайсымыздың әділқызылар алқасымен таныс болайық
Мектеп директоры: А.Стыбаева
Оқу ісі меңгерушісі: А.Сукенова
Әлеуметтік педагог : Оңғарбаева Д
Психолог : Б.Қойлиева
Технология пәнінің мұғалімі : Жапарқұлова М
1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, – деп Абай атамыз жырлағандай сайысымыздың барысымен таныстырайық.
1-бөлім. «Сәлем-сөздің атасы» (таныстыру).
2-бөлім. «Қыз еркем- кестесімен көркем»(қолөнер)
3-бөлім. «Өнерлі өрге жүзер» (өнер сайысы).
4-бөлім. «Зерделінің ойы озық» (сұрақ-жауап).
5-бөлім. «Сұлулық сыры».
6-бөлім. «Сәндік өнер».
7-бөлім. « Көктемгі ас мәзірін дайындау» ( салат жасау)
2-жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға, – деп ««Сәлем-сөздің атасы»» атты бөлімімен сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз! Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз! Таңғажайып әлемі - өнер аты, Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз! Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады. Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем» Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді.
2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік, - деп келесі ІІІ-«Өнерлі өрге жүзер» бөлімге кезек беріледі.Аруларымыздың өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
ІҮ.бөлім «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 10 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Бармағынан бал тамған,
Татып көрген таң қалған – дегендей Ү-бөлім«Көктемгі ас мәзірін дайындау»шарты бойынша арулар көктемгі ас мәзірін дайындайды.
Үлбіреп жаны үзіліп ,
Сәулесіндей сәскенің .
Сыбызғыдай сызылып ,
Арулар шықты тізіліп.
ҮІ. Бөлім«Сұлулық сыры» атты шартымыз бойынша арулар сән үлгісін көрсетеді.
2-жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, -дей келе ҮІІ-«Сәндік өнер» бөліміне кезек береміз.Аруларымыз шаш үлгісін жасайды және қорғайды.
Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай, яғни «Өнерлі қыз», «Ерке қыз», «Шебер қыз», «Сұлу қыз», «Білімді қыз», «Ибалы қыз» атақтары беріледі, мадақтау қағаздарымен мадақталады. Жеңімпаз «Бұрымды қыз» лентасы мен дипломға ие болады. Сыныптың ұлдары арасынан класс жетекшіге және аруларға сыйлық табыс етіледі