Ма?саты: о?ушыларды ?з ана тілін дамыту?а,таза с?йлеуге ?йрету, ?з ?лтына , еліне деген с?йіспеншілігін арттыру, жас ?рпа??а ана тілімізді? т??ырыны? мы?ты болуына негіз ?ала?ан бабаларымызды? айт?андарын о?ытып ?йрету, ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру,о?ушыларды тез ойланып,жауаптарын тияна?ты,ж?йелі айта алу?а,топ алдында еркін с?йлеуге баулу.
"?анша ?асыр ?мір с?рсе б?л ?аза? , сонша ?асыр ?мтылды ?ой елдікке" деп Т?ле би бабамыз айт?андай т?уелсіздік алып, егеменді ел атанды?.
?р адамны? азаматты? ?асиеті мен м?дениеті ?з хал?ын, ?з ата мекенін ?алай с?юмен, ?з ана тілін ?алай білумен ?лшенбек.Ананы? а? с?тіне, уызына жары?ан адам ?ашан да отаншыл, ?лтжанды болма?. ?ркімні? ?з тіліне деген ??рметін ?з анасына, ?з ?лтына, ?з Отанына деген ??рмет деп білу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?асиет пен ??т дарыт?ан ана тілі »
Тіл – ұлттың жаны
XXI ғасыр көшбасшысы
Қасиет пен кұт дарытқан ана тілі.
Мақсаты: оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Іс-шараның түрі: сайыс
Әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, мақал-мәтел сайысы, түсіндіру.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер жазылған плакаттар, ұлы тұлғалар портреттері, рефераттар, слайд
Барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе бөлім
Сайыс кезеңдері
II. Кіріспе бөлім
Мұғалім. Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Кұшақ жая таныстым саң тіліммен.
«Жаман үйді қонағы билейді»деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық,
Қазағыма артық жоқ өз тілінен...
«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» деп Төле би бабамыз айтқандай тәуелсіздік алып, егеменді ел атандық.
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.
Армысыздар, кұрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздердің «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» атты көшбасшылық сайысты тамашалауға келіп отырған қадамдарыңызға гүл бітсін дей отырып, енді сөз кезегін жүргізушілерге беремін.
жүргізуші.
Болғанымен өзімнің жерім, өз бағым,
Болғанымен көңіл жүйрік, көз дарын.
Бәріне де жетемін дер жүргенде,
Өз тілімнен айрылып қала жаздадым
Сағындырған ана тілім, бармысың,
Сағындырған ана тілім, армысың.
Осы тілді бар азамат ұғысқан,
Осы тілде талай жүрек табысқан.
Су қараңғы болғанындай жанардың,
Тіл тағдыры- тағдырындай Аралдың.
Гүлін қалай таптамқпын даланың,
Тілін қалай сақтамақпын анамның.
жүргізуші.
Сүйемін тұған тілім – ана тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін
Туған тілде сыры терең жаным бар ,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
жүргізуші.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
/ Қазылар алқасын ортаға шақыру./
2-жүргізуші.
Түсеміз біз білімнің жарасына,
Женсеңдер қол соғамыз табысыңа.
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
/ Сайысқа қатысушыларды шақыру./
1-Жүргізуші.
Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең - “Танысу”
2-кезең – “Кім жүйрік?”
3-кезең – “Сөз көркі-мақал, нақыл сөз,өлең...
4-кезең – “Тіл- өнер”
5-кезең – “Полиглот”
6-кезең – “Жұлдызды сәт” (жеңімпаздарды анықтау)
Ал, енді сайсымызды бастайык.
2-жүргізуші. 1-кезең-“Танысу” / Әр оқушы өзімен таныстырады/
1-жургізуші 2-кезең- “Кім жүйрік?” (Сурақтарға жедел түрде жауап беру керек/
Казақ тілінде неше сөз табы бар?
Жұрнақтын жалғаудан айырмашылығы қандай?
Қандай жалғаулар түрін білесін, атап шық?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата?
Етістік сөйлемнің қай жерінде тұрады?
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарын ата?
Тұрмыс-салт жырлары неше түрге бөлінеді?
Фольклор терминін кім, қай жылы ұсынды?
3-кезең. 1 –жүргізуші: “Cөз көркі –мақал, өлең, нақыл сөздер деп келесі сайысымызға көшейік.
2-жүргізуші. Әр қатысушы мақал , өлең, нақыл сөз айтудан жарысады.
5 – кезең «Полиглот» ойынының шарты: жауапты үш тілде айту керек, яғни қазақша, орысша, ағылшынша.
1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42
2.Қанша дауысты дыбыс бар? 12
3.Қазақстан туының түсі қандай?
4.Ресей астанасы қай қала?
5.Әбілхан Қастеев кім?
6.Шәкен Айманов кім?
7.Қазақстанның экономикалық аймақтары
8.Национальный напиток?
9.Вереница верблюдов
10.Қазақ театры қай жылы ашылды?
11.Тоқтар Әубакіров,Талғат Мұсабаев кім?
12.Қ.Сәтбаев кім?
1-жүргізуші : Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана
2-жүргізуші: Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт санасы- тірегің,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
/Жеңімпаздарды анықтау/
-Міне,балалар, біздің осы іс-шарамыз ана тілінің қадір-қасиетін арттыруға үлес қосары сөзсіз. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп ұлтымыздың ұлы тұлғалары А.Байтұрсынұлы деген екен. Мына суреттегі ұлы тұлғалардың бәрі елім деп, жерім деп, тілім деп бұл өмірден өткен. «Қазақ елінің келешегі - қазақ тілінде» екенін әр уақытта есте ұстап, асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете берейік дегім келеді