Қымбатты аналар,апалар, қыз-келіншектер. Біз көктемнің алғашы күні осы әсем залға 8-наурыз халық аралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған « Қазақ келіндері 2013 » сайысымызға қош келдіңіздер. 8-наурыз халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын. Дендеріңі саулық отбасыларыңызға табыс тілейміз. Бүгінгі мерекемізбен құттықтау үшін сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі: Күнсұлу ханымға беріледі.
Құрметті қонақтар бүгінгі « Қазақ келіндері 2013 » сайысымыға қош келдіңіздер . Қатысушы келіндерімізге сәт-сапар.
Әйел-ана, әйел ару о бастан,
Жеріміз жоқ сіздерменен таласқан.
Әлемдегі сұлулықтың барлығын,
Аруларға,аруларға жарасқан.
Бос жібермей біздер үшін уақытын,
Жайып салған дүниенің жақұтын.
Құтты болсын бұл мереке сіздерге,
Біз тілейміз нағыз әйел бақытын.
Дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Ал енді бүгінгі « Қазақ келіндері » сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық.
Қатысушы келініміз Аймағанбетова Гүлдана.
Қатысушы келініміз Жалғасбаева Айнұр.
Қатысушы келініміз Есенқанова Нұржамал.
Қатысушы келініміз Балманова Айнұр.
Қатысушы келініміз Жумабаева Нұржамал.
Бүгінгі «Қазақ келіндері » сайысымызға қатысушы келіндерімізге сайысымыздың шарттарын таныстырып өтейін.
Өзін-өзі таныстыру.
Вектериналық сұрақ-жауаптар.
Шебердің қолы ортақ.
Ас адамның арқауы.
Өз өнері
Сән үлгісі.
Ендігі кезекті бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
« Алтын ұя балабақшасы» меңгерушісі: Күнсұлу Жаңбыр ханым.
« Алтын ұя балабақшасы» әдіскер: Бегжанова Бағдагүл ханым.
« Алтын ұя балабақшасы» қазақ тілі маманы: Хамитқанова Клара апай.
« Алтын ұя балабақшасы» тәрбиешісі: Кеңесбаева Сұлухан апай
Деген екен қазақ халқы « Сәлем сөздің анасы »
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу –ізгіліктің сыпайлықтың белгісі.
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың ?-деп кезекті « Өзін-өзі таныстыру»
Өнер жастан демекші ендігі кезекті «Вектериналық сұрақ-жауапқа» береміз.
Қатысушы келініміз Аймағанбетова Гүлдана
Қатысушы келініміз Жалғасбаева Айнұр
Қатысушы келініміз Есенқанова Нұржамал
Қатысушы келініміз Баланова Айнұр
Қатысушы келініміз Жумабаева Нұржамал
Сырмақ ойып текемет киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көрген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан.
Ендігі кезекті: «Шебердің қолы ортақ» бөліміне береміз мұнда келіндерімізді өздері алып келген маталардан әр – түрлі құрақтар жасап және оның қандай пішінде жасалғанын әңгімелеп берулері керек.
Қатысушы келініміз Аймағанбетова Гүлдана
Қатысушы келініміз Жалғасбаева Айнұр
Қатысушы келініміз Есенқанова Нұржамал
Қатысушы келініміз Баланова Айнұр
Қатысушы келініміз Жумабаева Нұржамал
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болып.
Келген «Наурыз» құт болсын,
Берері тағы мол болсын – Наурыз айы тоқшылықпен молшылық жыл болсын деп 4-ші шартымыз «Ас адамның арқауы» бөліміне береміз.
Келідеріміз үйде қайын ата,қайын енелеріне қандай тәтті тағам әзірлейтінін көрелік. Келіндеріміз дайындаған тағамдарының құрамындағы қоспалармен таныстырып өтулері керек.
Мәнгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда.
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға – деп ақындарымыз жырлағандай бүгінгі «Қазақ келіндері » сайысымыздың «өз – өнері» бөліміне келіндеріміз ортаға шығып өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Қатысушы келініміз Аймағанбетова Гүлдана
Қатысушы келініміз Жалғасбаева Айнұр
Қатысушы келініміз Есенқанова Нұржамал
Қатысушы келініміз Баланова Айнұр
Қатысушы келініміз Жумабаева Нұржамал
Үкілі камшат бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзге қимылсыз билеп.
Иықтан шашың, төгіліп жерге,
Күмістей шашбау, жарасып белге – деп әндеткендей «Сән үлгісі» бөліміне де келіп жеттік енді келіндерімізді өздері киіп келген шеберлеріміз он саусағынан өнер тамып бізге дейін жеткізіп келген әдемі әсем ою ұлттық киімдерімізді көрсетуге шақырамыз.
Қатысушы келініміз Аймағанбетова Гүлдана
Қатысушы келініміз Жалғасбаева Айнұр
Қатысушы келініміз Есенқанова Нұржамал
Қатысушы келініміз Баланова Айнұр
Қатысушы келініміз Жумабаева Нұржамал
Көрсетіп өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерге үлгі алуға
Салты бар өнерілі осы ортаға
Берер деп әділ қазы – әділ баға
Сөз кезегі әділ қазы алқасына береміз.
8 – наурыз халық аралық әйелдер мерекесі құтты болсын. Келіндеррімізді жүлделі орындармен құттықтаймыз. Бүгінгі
« Қазақ келіндер» сайысымызды осымен аяқтаймыз келесі жүздескенше қош сау болыңдар.